Рахат ескерткіші – Ұлы Жібек жолы мұрасы

Рахат ескерткіші – Ұлы Жібек жолы мұрасы

Биыл, 29 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Қытайдың Сиань қаласында Ұлы Жібек жолының мұрасын зерттейтін археолог мамандар бас қосты.
Ұлы Жібек жолы – дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосқан ежелгі қарым-қатынастардың күретамыры.
Қытайдың солтүстік-батыс университеті жанындағы Жібек жолы археологиясы саласындағы ынтымақтастық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған халықаралық конференцияға тоғыз елдің – Қытай, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан, Моңғолия, Иран, Өзбекстан, Непал және Сербия мамандары қатысты.
Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция аталған Орталықтың құрылғанына бір жыл толуына байланысты ұйымдастырылды.
Елеулі шараға Қазақсан тарапынан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы Мұхтарова мен академик Бауыржан Әбішұлы Байтанаев қатысты.
Гүлмира Райылқызы сессиялардың бірінің модераторы болып қана қоймай, сонымен қатар соңғы төрт жыл ішінде Алматы облысының Есік қаласының маңында орналасқан Рахат ескерткішінің аумағында бірлескен Қазақстан-Қытай экспедицияларының жүргізген зерттеулерінің нәтижелері туралы мазмұнды баяндама жасады.
Рахат ескерткішінің тарихы күтпеген жаңалықтар мен олжаларға толы. Бастапқыда V-VIII ғасырларға жатқызылған бұл ескерткіш, бүігінде уақыт шеңберін едәуір кеңейтті. Зерттеулер көрсеткендей, адамдар бұл жерде палеолиттен бастап орта ғасырларға дейін өмір сүрген.
Жақын маңдағы елдімекеннің атауымен аталатын Рахат кешені Талғар қалашығы сияқты Жібек Жолы бойында орналасқан деген де жорамал бар.
Рахат ескерткіші туралы конференцияға қатысушы мамандар толыққанды ақпарат алды. Сонымен қатар Гүлмира Раилқызы бұл туралы жергілікті телекомпания мен баспасөзге арнайы сұхбат берді.

issykrm

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *