Рахат қала жұрты Есік қорымынан оңтүстікке қарай 3 шақырым қашықтықта тау бөктерінде, Есік қаласынан 5 шақырым жердегі Есік–Талғар жолының бойындағы Рахат ауылына жанаса орналасқан. Рахат сақ дәуірінен бастап ХІІІ ғасырға дейін түрлі мәдениет өкілдері өмір сүрген ерекше кеңістік болып табылады. Қалашық тауды бөктерлей шығыстан батысқа қарай созыла жатқан біртұтас жүйедегі үш ұамал кешенінен тұрады. Қамалдар түрлі өлшемде болғанмен қамал қабырғалары қоршап жатқан орталық цитаделі бар ортақ құрылымға ие. 2004 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты қызметкерлері Рахат қалашығына алғашқы барлау жұмыстарын жүргізіп, Есік қорымдарымен сәйкес келетін мәдени қабатты тапқан болатын. Рахат қалашығы сақ патшаларының қонысы болған және осы жерден «Алтын адамның» сүйегін шығарған деген болжам бар.

2018 жылғы жүргізілген далалық барлау жұмыстары екі бағытта жүргізілді. Біріншісі – бірнеше жерлеу орындары қазылған, қалашықтың оңтүстік бөлігіндегі түрік кезеңіне тән деп болжанып отырған жерлеу орыны. Төрт бірдей жерлеу орнынан 4 адам мен 2 жылқы қаңқалары, көптеген ат әбзелдерінің бөлшектері шықты. Екінші бағыт бойынша ұзындығы – 10 м, ені – 5 метр көлемдегі шурф сала отырып қалашықтың орталық цитаделінің стратиграфиясын (жоспарын) анықтау болды. Бұл жерден қыш пен жануарлардың сүйек қалдықтары табылды. Жүзеге асырылған зерттеу жұмыстары объектіде болашақта іске асырылатын кең көлемдегі жұмыстар бағытын белгілеп қана қоймай, таяу жылдары Жетісудың ежелгі көшпенділерінің қалалық мәдениеті туралы жаңа да жарқын ескерткіш те ашуы мүмкін.