Жас суретші Томирис Қалиеваның көрмесі өтті
«Есік» музейінде Алматы қаласы №148 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы, халықаралық бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер байқауының жеңімпазы, республикалық, қалалық көрмелердің лауреаты Қалиева Томирис Қанағатқызының «Бабаларым, рақмет сендерге!» атты жеке көрмесі өтті. Шара «Бабалар аманаты» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Көрмеге жас таланттың кескіндеме туындылары және графикалық композициялары қойылды. Суретші қыздың туындыларын белгілі суретшілер, шетелдік саяхатшылар, ұстаздар мен оқушылар үлкен қызығушылықпен тамашалады. Олар көрмеге қойылған жұмыстардың терең мазмұны мен жарқындығын атап өтіп, жас суретшіге шығармашылық табыс тіледі.
Құнды жәдігерді арқау еткен көрмеге келген көпшілік бір серпіліп қалды.