Slide Background
Алтын адам мұражайындағы түн!
Slide Background
Мұражай аумағын абаттандыру
Build & Design
Қазақстан аумағындағы сақ (скиф) дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Директордың блогы

Мұхтарова Гүлмира Райылқызы

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры. Тарих ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссия аясындағы Ұлттық комитеттің төрағасы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық Мәслихатының VI-VII шақырылымының депутаты.

Музей туралы

Музей-қорық туралы

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК-ы ретінде құрылды. Музей-қорықтың орналасқан Есік қорымының аумағындағы қорғандарының бірінде 1970 жылы әйгілі Алтын адам табылған. Осы Іле Алатауының етегінде екі мың жылдан астам уақыт бұрын парсылар «сақтар», гректер «скифтер» деп атаған тайпалар өмір сүрген.


Алматыдан, Саяхат автовокзалынан: 1) №225 маршруттық автобуспен, жол жүру құны – 150 теңге, «Оңай» карточкасы арқылы -80 теңге 2) Шағын автобуспен (Райымбек батыр ескерткішінің жанындағы аялдама), жол жүру ақысы – 300 теңге; 3) Аталмыш аялдаманың маңынан таксиге мінемін десеңіз, жол жүру ақысы бір адамға 600 теңге. «Есік» жазуы жазылған аркадан өткен бетте оң қол жағыңыздан қорғандарды көресіз. Сол қорғандар арасында призматикалық конустар түріндегі
күмбездері бар жалғыз ғимарат көзге түседі. Сол ғимараттың тура алдында қызыл түсті доғалы тақтайшаға алтындалған жазумен жазылған «Есік» музей-қорығы» деген жазуды көрсеңіз сіз музей-қорыққа жеттіңіз.

Кіру билеттері: ересектерге – 300 теңге студенттер мен зейнеткерлерге – 200 теңге студенттерге – 150 теңге мектеп жасына дейінгі балалар – тегін шетел азаматтарына – 400 теңге Экскурсиялық қызмет (10 адамға дейін топтар үшін): орыс және қазақ тілдерінде – 1000 теңге шет тілдерінде – 1500 теңге орыс, қазақ және шет тілдеріндегі тәрбиеленушілер мен мектеп жасына дейінгі балалар үшін – 500 теңге

«Алтын адамның құпиялары» квест ойыны қатысушыларға сақ тарихының құпиялары мен Алтын адамның құпияларын, сондай-ақ оны қоршап тұрған нысандардың тарихын аша отырып,
өзін зерттеуші-тарихшы, реставратор және тіпті детектив рөліне енуіне мүмкіндік береді. Ойынға қатысушылар арнайы  карта-схеманы алады да, оған сәйкес олар Алтын адамды зерттеуші археолог Кемал Ақышевтың қолжазбаларын, Алтын адамның күміс тостағанындағы таңбалар сырын шешіп, сынған керамикалық ыдысты желімдеп және күнделікті өмірде жасай бермейтін көптеген нәрселерді нәрселерді жасап көре алады. Квест картасында сұрақтар мен тапсырмалар, кеңестер бар. Олардың жауабын тек музей-қорық аумағы мен экспозициясын мұқият зерделеу арқылы табуға болады. Квест 8 жастан асқан балаларға арналса да, ересектерге де арналған зияткерлік командалық ойын болып табылады. Демек, отбасылық бос уақытты тиімді өткізудің
ыңғайлы түрі деуге болады. Оған бір мезгілде 20 адамға дейін қатыса алады. Қатысушыларда мобильді интернетке қосылған смартфон немесе планшет болуы керек.
Барлық тапсырмалар ватсапқа келеді. Сіздерді музей әлемінің бұрындары бейтаныс болып келген сырын бірге ашуға шақырамыз.

Музей-қорық 9.00-ден 18.00-ге дейін, күнделікті, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 13.00-14.00 аралығы.

Галерея