Директордың блогы

Зікірия Досым Қуатұлы
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директорының орынбасары, қазіргі таңда директор міндетін уақытша атқарушы. 1978 жылы 24 ақпанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келген. Біліктілігі жоғары санатты маман, 1995 – 2000 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазіргі таңда, ҚазҰПУ) тәмамдап, «тарихшы-шығыстанушы» мамандығын иеленді. Кәсіби қызметін 2001 жылы ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде бастап, ғылыми-зерттеу бағытында мол тәжірибе жинақтады. 2011 жылдан бастап «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ғалым-хатшы қызметінен бастап, 2016 жылы ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі, 2020 жылы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және музей ісі бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарды. 2020 жылдың тамыз айынан бастап директор орынбасары лауазымына тағайындалды. Ұлттық мәдени игіліктер объектілерін сараптау комиссия мүшесі. Мәдениет және тарихи мұраны сақтау саласындағы еңбегі үшін 2020 жылы «Халық алғысы», 2021 жылы «Мәдениет саласының үздігі», 2025 жылы Түркі дүниесіне Ортақ руханиятқа қосқан айрықша үлесі үшін «MUQALI BAHADUR» медальдарымен марапатталған. Қызметінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және музей ісін стратегиялық дамыту бағыттарына жетекшілік етеді.
Музей туралы

Музей-қорық туралы
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК-ы ретінде құрылды. Музей-қорықтың орналасқан Есік қорымының аумағындағы қорғандарының бірінде 1970 жылы әйгілі Алтын адам табылған. Осы Іле Алатауының етегінде екі мың жылдан астам уақыт бұрын парсылар «сақтар», гректер «скифтер» деп атаған тайпалар өмір сүрген.
Алматыдан, Саяхат автовокзалынан:
1) №225 маршруттық автобуспен, жол жүру құны – 200 теңге, «Оңай» карточкасы арқылы — 120 теңге
2) Шағын автобуспен (Райымбек батыр ескерткішінің жанындағы аялдама), жол жүру ақысы – 600 теңге;
3) Аталмыш аялдаманың маңынан таксиге мінемін десеңіз, жол жүру ақысы бір адамға 1000-1500 теңге.
«Есік» жазуы жазылған аркадан өткен бетте оң қол жағыңыздан қорғандарды көресіз. Сол қорғандар арасында призматикалық конустар түріндегі күмбездері бар жалғыз ғимарат көзге түседі. Сол ғимараттың тура алдында қызыл түсті доғалы тақтайшаға алтындалған жазумен жазылған «Есік» музей-қорығы» деген жазуды көрсеңіз сіз музей-қорыққа жеттіңіз.
Кіру билеттері:
ересектерге – 500 теңге
студенттер мен зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды ұсынған кезде)
– 300 теңге
мектеп жасындағы балаларға (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) — 200 теңге
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің шетелдік азаматтарына — 1500 теңге
Өзге мемлекеттердің шетел азаматтарына — 2000 теңге
Экскурсиялық қызмет (10 адамға дейін топтар үшін):
орыс және қазақ тілдерінде – 1500 теңге
шет тілдерінде – 3000 теңге
орыс, қазақ және шет тілдеріндегі тәрбиеленушілер мен мектеп жасына дейінгі балалар үшін – 800 теңге
«Алтын адамның құпиялары» квест ойыны қатысушыларға сақ тарихының құпиялары мен Алтын адамның құпияларын, сондай-ақ оны қоршап тұрған нысандардың тарихын аша отырып,
өзін зерттеуші-тарихшы, реставратор және тіпті детектив рөліне енуіне мүмкіндік береді. Ойынға қатысушылар арнайы карта-схеманы алады да, оған сәйкес олар Алтын адамды зерттеуші археолог Кемал Ақышевтың қолжазбаларын, Алтын адамның күміс тостағанындағы таңбалар сырын шешіп, сынған керамикалық ыдысты желімдеп және күнделікті өмірде жасай бермейтін көптеген нәрселерді нәрселерді жасап көре алады. Квест картасында сұрақтар мен тапсырмалар, кеңестер бар. Олардың жауабын тек музей-қорық аумағы мен экспозициясын мұқият зерделеу арқылы табуға болады. Квест 8 жастан асқан балаларға арналса да, ересектерге де арналған зияткерлік командалық ойын болып табылады. Демек, отбасылық бос уақытты тиімді өткізудің
ыңғайлы түрі деуге болады. Оған бір мезгілде 20 адамға дейін қатыса алады. Қатысушыларда мобильді интернетке қосылған смартфон немесе планшет болуы керек.
Барлық тапсырмалар ватсапқа келеді. Сіздерді музей әлемінің бұрындары бейтаныс болып келген сырын бірге ашуға шақырамыз.
Музей-қорық 9.00-ден 18.00-ге дейін, күнделікті, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 13.00-14.00 аралығы.
Сенім телефоны:
+7 (7172) 25-23-97
+7 700 525 23 97
Музей-қорықпен байланысу:
+7 (717) 306-91-30
+7 (777) 668-82-86




































