Тастар сыр шертеді
06.12. 2016 ж.
«Тастар сыр шертеді» көрмесі ғылыми жаңалыққа айналған Жетісу петроглифтерін таныстыру және ғылыми айналымға енгізу мақсатында ұйымдастырыл мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақ даласы Еуразия аймағында көне жартас суреттері ең көп орын алған мекендердің бірі, ол ежелгі тұрғындардың дәстүрлі өмірі мен наным-сенімдері туралы мәліметтер бере алады. Жартас суреттер ата-бабамыздың дәстүрлі мәдениетінің жойылып бара жатқан компоненттерін, сондай-ақ шаруашылық-мәдени типтерін, қоршаған ортамен және көрші елдермен қарым-қатынасын, рухани жан-дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын түсіну мен қалпына келтіруде құнды дерек көздеріне айналды.
2015 жылы «Есік» музей-қорығы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында барлау экспедициясын жүргізу нәтижесінде Есік қаласының оңтүстік жағында, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан, Қыземшек асуынан петроглифтер шоғыры тапты. 2016 жылы петроглифтерді іздестіру жұмыстары Қазақ ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны (ежелгі, орта ғасыр және қазіргі заман)» ғылыми жобасы аясында жалғастырылды. Барлау Алматы және Жамбыл облыстары аумағында Есік — Асысаға — Қурайлы — Шошанай — Науакескен — Қаракунгей — Таңбалы — Құлжабасы — Есік маршуты бойынша жүргізілді. Экспедиция барысында топ мүшелері 2200 шақырым жолмен жүріп, 7 бірдей ескерткіштерден 500-ден астам сурет түсіріп, барлық нысандарға сипаттама беріп, GPS бағдарын жасады. Экспедиция жұмысы және Жетісу петроглифтерін зерттеу тарихы туралы көрменің таныстырылымында Қазақстанның ежелгі петроглифтерін зерттеуші, белгілі маман, тарих ғылымдарының докторы А.Н. Марьяшев қатысып, жоғары баға берген.