2026 жылғы 2-6 қараша аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өткен ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы Азия және Тынық мұхиты өңірлік комитетінің (MOWCAP) 11-ші Бас ассамблеясы мен халықаралық семинарына «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық «Әлем жады» комитетінің мүшесі Тынайқұлова Мөлдір Ерболқызы қатысты.

Бас ассамблея аясында Қазақстанның деректі мұрасы таныстырылып, өңірлік комитеттің жұмысы мен 2025-2026 жылдардағы номинациялар циклі қорытындыланды.

Маңызды нәтижелердің бірі – өңірлік тізілімге 21 мұра нысанының енгізілуі болды. Қазақстан мен Түркіменстан тізілімге алғаш рет еніп отыр. Қазақстан ұсынған Есік обасынан табылған күміс тостағандағы «Есік жазуы» және Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылғы баспа шығармаларының жинағы сынды екі номинация да  – Азия және Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді. «Есік жазуы» номинациялық досьесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» әзірледі.

Бұл тізім Қазақстанның деректі мұрасын Азия-Тынық мұхиты өңірінде кеңінен танытуға мүмкіндік береді

Іссапар барысында Мөлдір Ерболқызы Индонезияның Ұлттық архивінің жұмысымен танысып, архив құжаттарын сақтау, қалпына келтіру және зерттеушілерге ұсыну тәжірибесін зерделеді. Сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі архив, музей және кітапхана мамандарымен кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды.

Қазақстанның деректі мұрасын халықаралық деңгейде танытуға атсалысқан барша мамандар мен әріптестерге алғыс білдіреміз!

issykrm

Related Posts