Өрікті ауылының (бұрынғы «Красный Восток» ауылы) оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бұл жерде сақ ақсүйектері тұрған Рахат қалашығына қызмет көрсетуші халық өмір сүрген деген болжам бар. Ескерткіш шамамен V–III ғғ. жатады.
Қалашықтың негізгі бөлігі тұйық шеңберлі болып келеді. Шығыс, солтүстік және батыс бөліктері топырақ дуалдармен, оңтүстік бөлігі ормен қоршалған. Шығыс бөлігінде қазіргі заманғы мазарлар бар. Солтүстік бөлігінің кей жерлерінде де қазіргі заманғы жерлеу орындары кездеседі.
Өрікті қалашығын зерттеу жұмыстары «Есік» қорық-музейінің 2012 жылғы түрік кезеңіне жататын екі шағын қорғанға жүргізілген қазба жұмыстарымен және барлау-стратиграфиялық ор қазу жұмыстары арқылы басталған болатын. Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш сынықтары мен сүйек қалдықтары ескерткіштің төменгі қабатының б.з.д. ІІІ-І ғғ. жататын көрсетті.