Шыңжаңдағы археологиялық тәжірибе алмасу

Шыңжаңдағы археологиялық тәжірибе алмасу

2025 жылдың 12-20 қыркүйек аралығында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Досым Зікірия мен бөлім жетекшісі Жазира Құрбанәлі Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағында өткен «Ферғана алқабындағы төрт мемлекеттің үшінші бірлескен археологиялық экспедициясы және ғылыми тәжірибе алмасу» іс-шарасына қатысты.

​Аталмыш шараны Қытайдың Жібек жолы археологиялық зерттеу орталығы (Солтүстік-Батыс университеті, Сиань қ.,ҚХР) ұйымдастырды.

​Бұл іс-шара Ферғана алқабындағы төрт мемлекеттің – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің бірлескен археологиялық зерттеулері арқылы мемлекеттер арасындағы мәдени байланысты нығайту, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия елдерінің археология және мәдени мұраларды қорғау саласындағы ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасуын тереңдету мақсатында ұйымдастырылды.

​Іс-шараға Орталық Азиядан 20-дан астам сарапшы мен ғалым қатысты. Қатысушылар Үрімжі, Тұрпан, Құмыл қалалары мен Санжы Дүнген автономиясында орналасқан археологиялық ескерткіштер мен зерттеу жұмыстарымен танысып, Ферғана алқабындағы археологиялық зерттеулер мен ірі ескерткіштерді қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты.

​Шара аясында Қазақстан Республикасы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Жібек жолы археологиялық зерттеу орталығының «Есік» бөлімшесі» атынан Құмыл қалалық әкімшілігі мен Солтүстік-Батыс университетінің ынтымақтастық келісімін жасасу рәсіміне қатысып, Құмыл бөлімшесінің ашылуына өз тілектестігін білдірді.

issykrm

Related Posts