«Тарихы терең Талхиз» фотокөрмесі

«Тарихы терең Талхиз» фотокөрмесі

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған мәдени шара өтті.

Шара аясында ортағасырлық Талғар қалашығы аумағында «Тарихы терең Талхиз» фотокөрмесі салтанатты түрде ашылды.

Фотокөрменің ашылуында «Есік» мемлекеттік мұражай-қорығының директоры Мұхтрова Гүлмира Райылқызы сөз сөйлеп, тарихи мұраны сақтау мен зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Көрме қонақтары қалашықта жүргізілген ғылыми-зерттеу және археологиялық қазбаларға қатысты ең қызықты сәттермен, сондай-ақ Талхизды тарихи-мәдени мұра нысаны және Іле алқабындағы ортағасырлық ең ірі қоныстардың бірі ретінде сақтау жөніндегі мұражай бағдарламаларымен таныстырылды.

issykrm

Related Posts