







2025 жылдың 18 сәуір күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған мәдени іс-шара өтті.
Атаулы күнге орай «Есік» музей-қорығына қарасты ортағасырлық Талғар қалажұртында «Тарихы терең Талхиз» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылуы болды.
Сонымен қатар, «Есік» музей-қорығының қорғау аумағына кіретін «Есік» қорымдары аумағында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың қолдауымен арнайы ескерткіш тақта орнатылды.
Еңбекшіқазақ ауданының Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, Этноорталық өкілдері мен Қоғамдық келісім және даму орталығының қолдауымен музей-қорық ауласына 12 түп туя ағашы отырғызылды.
Шараға белгілі музейтану саласының мамандары, тарихшы, археолог ғалымдар, туристік агенттік өкілдері мен журналистер қатысты.
Мереке аясында «Есік» музей-қорығының экспозициясына экскурсия жүргізіліп, үздік гид-экскурсоводтарды, БАҚ өкілдері мен ұстаздарды марапаттап, концерттік бағдарлама ұсынылды.