


2024 жылдың 22 қарашасында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында қазақ археологиясы мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихын зерттеуші, көрнекті археолог-ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 толуына орай «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында V-Есік оқулары Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция аясында жаңадан ашылған К.Ақышевтың мемориалды залында «Археология сардары» атты көрме экспозициясына ғалымның жұмыс үстелі, орындығы, археологиялық барлау және қазба жұмыстарына арналған құрал-саймандары, кітаптар мен экспедиция барысында табылған артефактілер қойылатын сөрелері, Отырар қалажұрты мен Есік қорымынан табылған түпнұсқа жәдігерлер, «Есік қорғаны» монографиясы, қолжазбалары, ғылыми еңбектері және 1960 жылы өзі құрастырған Қазақстанның археологиялық картасы қойылды.
Іс-шараға белгілі ғалымдар мен музей саласының мамандары, мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жөніндегі басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келушілер археолог-ғалым К.Ақышевқа арналған залды, ондағы тамашалай алады.