Notice: Undefined index: HTTP_ACCEPT_LANGUAGE in /var/www/issykrm.kz/data/www/issykrm.kz/index.php on line 4

Notice: Undefined index: HTTP_ACCEPT_LANGUAGE in /var/www/issykrm.kz/data/www/issykrm.kz/index.php on line 4
«Есік» музей-қорығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған іс-шара өтті

«Есік» музей-қорығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған іс-шара өтті

«Есік» музей-қорығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған іс-шара өтті

2024 жылдың 18-сәуірінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған іс-шара өтті.

         Салтанатты шараны «Есік» музей-қорығының директоры Мұхтарова Гүлмира Райылқызы құттықтау сөзбен ашып, елімізде ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтап, зерттеуде музей ісі мамандары елеулі еңбек сіңіріп отырғанын атап өтті.

         Іс-шара аясында тарих ғылымдарының докторы, музей саласының білікті маманы Ғалия Шаукетқызы Файзуллина арнайы дәріс оқыды.

         Атаулы күнге орай «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау, қорғау, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиында музей ісі саласының мамандары  бас қосып, тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талықылады.

         Дөңгелек үстелге Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық, Алматы облысының музейлер бірлестігі, музей мамандары мен заңгерлер онлайн және оффлайн форматта қатысты.

         Кездесу соңында  «Есік» музей-қорығы басшылығы музей ісін дамытуға және насихаттауға елеулі үлес қосқан туризм саласындағы гид экскурсоводтар мен БАҚ өкілдерін Алғыс хатпен марапаттап, арныйы сыйлықтар табыстады.

         Музей қонақтарына «Есік» музей-қорығының экспозициялық залдарына экскурсиялар жүргізілді.

         Шара аясында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2019 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылынан табылған көне қазанның көшірмесін Алматы облысының музейлер бірлестігіне тапсырды.«Тоғызбұлақ қазаны» аталған, б.з.д. V-II ғасыр­ларға тән жәдігердің  түпнұсқасы «Есік» музей-қорығы экспозициясында сақтаулы.

         «Атадан мал қалғанша тал қалсын» ұстанымын жалғастыру мақсатында шара қонақтары музей-қорықтың Құрмет аллеясына ағаштар отырғызды.

         Қонақтар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, музей-қорық ұжымына шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқара беруге ниеттестік білдірді.

issykrm

Related Posts

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған