2024 жылдың 9-12 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бастамасымен Еуразия елдерінің педагогтары үшін III-Халықаралық Жазғы Мектеп ұйымдастырды.
Осы шараның үшінші күні Жазғы мектеп қатысушыларына арналған далалық семинар «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өтті.
Далалық семинарға қазақстандық мамандармен қатар Германия, Түркия елдерінен келген ғалымдар да қатысты. Бағдарлама бойынша «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Г. Р. Мухтарова, ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері В. А. Новоженов, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары А. Н. Қалижанова мен Т. Ю. Шелестова, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» жанындағы Сарыарқа археологиялық институты құрылымындағы археология және этнография музейінің меңгерушісі М. В. Беделбаева сынды ғалымдар баяндама оқып, тарихи-археологиялық мұра ескерткіштері арқылы мәдени коммуникацияны қалыптастыру мен мәдени-білім берудегі цифрлық плотформаларды тиімді пайдалану мәселелерін көтерді. Баяндамашылар тарапынан арнайы әдістемелік тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар, семинар барысында «Есік» музей-қорығының экспозициялық залдары мен қазба нысандары таныстырылды. Іс-шара соңында ІІІ-ші Халықаралық Жазғы Мектептің нәтижесі бойынша қорытынды жасалып, баяндамашылар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар және алғыс хаттар берілді.