2024 жылдың 12 сәуір күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының профессоры, республикамыздағы белгілі қытайтанушы ғалым – Дәулет Фатимабибі Ноғайқызы 1 курса докторанттары, магистранттары және 3 курс бакалавриат студенттерімен келіп қайтты. Аталмыш қонақтарға Алтын адам тарихы мен сақ мәдениеті туралы егжей-тегжей таныстырылып, студенттердің ел тарихына деген қызығушылығын оятты. Сондай-ақ Фатимабибі Ноғайқызы бастаған ҚазҰУ қонақтары музейдің қоршау аймағына тиесілі қорғандарға жүргізілген экскурсия барысында құнды мәліметтер алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті (Farabi University kaznu.kz) Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы Қазақстандағы қытайтанушы мамандар дайындайтын үлкен оқу-ағарту және ғылыми орталық болып табылады. ҚазҰУ секілді еліміздегі бірегей ғылым ордасынан келген қонақтар өз кезегінде музей-қорық имиджін көтеретіні сөзсіз.