Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Әзімхан Серікұлын «Есік» музей-қорығына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төраға орынбасары — Барлыбаев Сәбит Жарасұлы таныстырды.

Әзімхан Серікұлы 1973 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Корниловка ауылында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы «Балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінің ұстаз жаттықтырушысы болып бастады.

2002-2005 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық спорт, туризм және жастар ісі бөлімінің бастығы.

2005-2006 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық білім және спорт бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2006 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында Түлкібас ауданы әкімінің көмекшісі.

2006-2008 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің бас маманы.

2008-2009 ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі заң департаменті нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу және құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы.

2009-2012 ж.ж. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы.

2012-2013 ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі министр хатшылығының меңгерушісі.

2013-2015 ж.ж. ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары.

2016 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысы орынбасарының м.а.

2016-2017 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас инспекторы.

2017-2018 ж.ж. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-сі директорының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

2020-2025 ж.ж. Түркістан облысы мәдениет басқарма басшысы.

issykrm

Related Posts