«Іле өзенінің сол жақ саласы – Шарын өзенінің орта ағысы Сарытоғай анғарындағы ерте көшпелілердің мәдени кешені» атты көрмесі

«Іле өзенінің сол жақ саласы – Шарын өзенінің орта ағысы Сарытоғай анғарындағы ерте көшпелілердің мәдени кешені» атты көрмесі

2025 жылдың 23 желтоқсанында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Іле өзенінің сол жақ саласы – Шарын өзенінің орта ағысы Сарытоғай анғарындағы ерте көшпелілердің мәдени кешені» атты көрме ашылды.

Көрменің басты мақсаты – Жетісу өңірін мекендеген ежелгі халықтардың терең тамырлы өркениеті мен мәдениетін, бай тарихи-мәдени мұрасын насихаттау.

2024–2025 жж. «Іле өзенінің сол жақ саласы – Шарын өзенінің орта ағысы Сарытоғай аңғарындағы ерте көшпелілерінің мәдени кешені» жобасы аясында Алматы облысына қарасты Іле өзенінің оң сағасында орналасқан, б.з.д. V–II ғасырларға жататын Сарытоғай, Тоғызбұлақ, Шарын және Шырын  қорымдарына далалық қазба жұмыстары жүргізілді. Жоба нәтижесін көппен бөлісу үшін көрме ұйымдастырлыды.

Көрме экспозициясында аталмыш ескерткіштерден табылған ежелгі тұрғындардың дүниетанымынан, тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрі мен ғұрыпынан, материалдық мәдениетінен хабар беретін құнды жәдігерлер қойылды. Атап айтқанда, қыш ыдыстар, қола түйреуіш, киім жиегіне тағылатын алтын қапсырма, әтеш бейнесіндегі қапсырмалар, сүйектен жасалған жылқы және жолбарыс бейнесіндегі пластина бөлігі ұсынылды.

Ежелгі Жетісу көшпелілерінің тарихынан сыр шертетін жәдігерлер туралы қызықты мәліметтер беретін көрмемізге баршаңызды шақырамыз, келіңіздер!

issykrm

Related Posts