


«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы 21 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданындағы инновациялық «Altyn Adam» мектебі және Рахат ауылдық округінің №1 Рахат орта мектебінің оқушыларымен бірге музей-қорық аумағында тазалық шараларын ұйымдастырды.
Бұл шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Есік» музей-қорығының аудандағы білім мекемелерімен жасасқан меморнадум аясында іске асырылды.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мұхтарова Гүлмира Райылқызы жиналғандарға тазалық акциясының мақсатын түсіндіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.
Тазалық шарасы барысында музей-қорық ұжымы мен мектеп оқушылары «Есік» музей-қорығына қарасты үлкен аумақты тазалап, қоқыстан тазартты.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «Altyn Adam» мектебі мен Рахат ауылдық округінің №1 Рахат орта мектебінің басшылығына, ұстаздары мен оқушыларына тазалық шарасына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.