«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстандағы музей-қорықтарының ішінде бірінші болып 2012 жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге Аккредиттеу куәлігін алған болатын.
Куәлік мемлекеттік бюджеттен және ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурсына қатысу үшін берілген.
«Ғылым туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы биыл үшінші реті мемлекеттік Аккредиттеу куәлігін алып отыр.
Бұл аккредитация музей-қорық жұмысын жаңа бағытта жандандыруға, халықаралық байланыстарын күшейтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Әріптестерімізді кезекті табыстарымен құттықтаймыз!