«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Есік қ., Қазақстан) Сіздерді 2022 жылдың 22 қарашасында өтетін «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» атты тақырыптағы «ІІІ Есік оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Есік қ., Қазақстан) Сіздерді 2022 жылдың 22 қарашасында өтетін «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» атты тақырыптағы «ІІІ Есік оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.

Талқыға салынатын тақырыптар:

– Ежелгі заман жазуы:  аңыз, таңба (белгі), символ.  

– Жазу мәдениет пен өнердің символы ретінде (археологиялық, этнологиялық, мәдениеттану, өнертанушылық).

– Қысқаша археологиялық хабарламалар (археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу үлгісі-аралас:

1. Конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (оффлайн);

2. Конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (бейнеконференция режимінде – онлайн);

3. Конференция материалдары жинағына мақала авторы ретінде қатысу.

Конференция нәтижесі бойынша мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысу талабы:

      Конференцияға қатысу үшін өтінішті толтырып оны esikoqulary@gmail.com электронды мекен-жайына 1 қарашаға дейін жіберу керек.

Өтінішті толық толтыруды өтінеміз.

Қазақ және орыс тілдеріндегі баяндамалар мен мақалаларды 2022 жылдың 12 қарашасына дейін жіберу қажет. Ағылшын тіліндегі баяндамалар мен мақалалар 10 қарашаға дейін жіберілгені дұрыс.

      2022 жылдың 15 қарашасына дейін өтініш беруші өз өтінішінің жағдайы туралы хабарландыру алады. Баяндама конференцияға қатысуға жарамды деп табылған жағдайда қатысушыға конференцияны өткізу реті мен бағдарламасы, конференцияға қосылу сілтемесі жіберіледі.

Қосымша ақпаратты конференция ұйымдастырушыларынан алуға болады: Досым Зікірия +7(727) 306-91-30, +7 707 7537878,  Хамит Айтқұл +7 701 3503645

Редакциялық алқа авторлардан мақалаларды дайындаған кезде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.

1. Көлемі 5 беттен 10 бетке дейін, пішімі – А 4; тек doc және rtf пішімінде ғана, MS Word редакторын пайдалану.

2. Шрифтің мөлшері 14 pt Times new roman (сyr), жоларалық интервал – 1,15. Барлық жағынан ашық шеттері 2 см, ені бойынша түзетілген, азат жолдың басындағы бос жер 1,2 см, кітаптық бағдар, автоматты тасымалдау, «әдеттегі» стиль.

3. Парақта мәтінді орналастыру:

1 жол – жұмыстың атауы (БАС ӘРІПТЕР, ортасы бойынша түзету, жартылай қою шрифт);

2 жол – бос;

3 жол – автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты. Ортасы бойынша түзету;

4 жол – мекеме, қала (егер де ол мекеменің атына кіретін болса, қала көрсетілмейді). Ортасы бойынша түзету;

Одан әрі бір интервалдан кейін, мақаланың мәтіні болады (ені бойынша түзету).

4. Аңдатпа (200-250 сөз) және түйінді сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (5-7 сөз). Аңдатпа (abstract) ғылыми шығарма мазмұнының қысқаша мазмұны болып табылады, оның тақырыбы мен құрылымы туралы жалпылама түсінік береді. Егер баяндаманың мәтіні қазақ тілінде болса, онда оның орыс және ағылшын тілдеріндегі аңдатпалары болуы керек. Егер баяндама мәтіні орыс тілінде болса, онда андатпа қазақ және ағылшын тілдерінде болуы тиіс. Егер негізгі мәтін ағылшын тілінде болса, онда аңдатпа қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Түйін сөздер мақала мазмұнының барынша толық ашылуын қамтуы керек. Әрбір нақты материал үшін, олардың мағынасы тәртібімен, 5-6 негізгі сөзді (key words) беріңіз, яғни, мақаланың ең маңызды негізгі сөзі тізімде бірінші болуы керек. Ұсынылған мақалаға қатысты, негізгі сөздерді (key words), көптеген заманауи ақпараттық жүйелердің, мәнмәтіндік іздеуді тек ғылыми жарияланымдардың атаулары мен аңдатпалары бойынша ғана жүзеге асыратындығын есте ұстай отырып, Abstract қосу керек.

5. Жалпы қабылданған қысқартулармен ғана шектелген жөн және оған жеткілікті түрде негіз болмаса, жаңа қысқартулар енгізуге жоламау керек. Енгізілген қысқартулардың мағынасын ашып жазған жөн.

6. Кестелерде, суреттерде, формулаларда нышандарды, белгілерді белгілеген кезде әртүрлі оқылулар болмауы керек. Суреттер айқын, таза болуы керек. Мәтіндегі суреттерде және кестелерде сілтемелер болуы, барлық суреттердің және кестелердің атаулары болу керек. Өлшем бірліктерінің, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық өлшемдердің қабылданған қысқартуларын қоспағанда, сөздерді, есімдерді және атауларды қысқартуға жол берілмейді.

Суретті материалдар мына пішімдерде ұсынылады: фотолар, суреттер үшін – tiff немесе jpeg (ақ-қара және түрлі түсті үшін 300 dpi); кескіндеме, диаграмма, сызбалар және т.с.с. үшін – exls, cdr. Суреттің артқы жағында немесе оның астында автордың тегі, мақаланың аты мен суреттің нөмірі көрсетіледі. Суреттер мәтін бойынша орналастырылуы тиіс және міндетті түрде жеке файлдар түрінде тіркелуі керек (ол кейін беттеу кезінде пайдаланылатын болады). Сурет астындағы жазулар, мақаланың соңында жеке тізіммен жазылады. Мақаланың соңындағы қолжазбаға барлық авторлар қолдарын қояды.

           7. МЕМСТ сәйкес рәсімделген, пайдаланған дереккөздермен әдебиеттердің міндетті тізімі (10-нан 20-ға дейінгі дереккөздер) болуы керек. Әдебиеттер тізімі [12], тек шаршы жақшаларда ғана беріледі, авторлық мәтіннен дәйексөз келтіргенде немесе әңгімелегенде [12, 29 б.] беріледі. Мақаладағы сілтемелердің нөмірленуі, мақала жанындағы әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің тәртіптік нөмірі бойынша жасалады. Мұрағаттық материалдар тізімге енгізілмейді, олардың сілтемелері мәтінге дөңгелек жақша ішіне орналастырылады. Мақалада электрондық қорлардан немесе шалғайдағы қол жетімділіктен (ғаламтордан) алынған дереккөздерді пайдаланған кезде, әдебиеттер тізімінде дереккөздің библиографиялық жазбасы мен ғаламтордағы толық желілік мекен-жайы жазылған, желілік қорға сілтеме келтіріледі. Қорға жүгінген уақытты көрсеткен дұрыс.

           Библиографиялық сипаттама мысалдары:

           Кітаптар үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Тақырыбы. – Басылып шығарылған орны: Баспахана, Басылымның жылы. – беттер саны.

           Мысалы:

 1. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 176 б.

           Журналдардағы мақалалар үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Мақаланың аты. // Басылымның тақырыбы. (Сериясы). – Басылымның жылы. – Томы. – Нөмірі. – Беттері.

 Мәселен:

 2. Акишев А.К. Идеология саков Семиречья (по материалам кургана Иссык) // Ранние кочевники. / КСИА. Вып. 154. М.: – 1978. – 39-48 б.

Конференция материалдары, еңбектер жинақтары және т.б. үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Мақаланың аты. // Басылымның тақырыбы. Басылымның түрі. – Басылымның орны, жылы. – Том. – Нөмірі. – Беттері.

 Мысалы:

3. Айтқұл Х.А., Мухтарова Г.Р., Железняков Б.А., Қосжанова А.М. Жетісудың қола дәуіріне қатысты кейбір мәселелер // ІІ Есік оқулары «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары тақырыптағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған. – Есік, 2021. – 136-144 б.

Электрондық дереккөздер үшін:

Цыпилова С. С. Женщина в средневековой Монголии: краткий исторический обзор // Гуманитарный вектор. 2018. №6. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/zhenschina-v-srednevekovoy-mongolii-kratkiy-istoricheskiy-obzor (қаралған күні: 05.08.2022).  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 1. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 176 б.

 2. Акишев А.К. Идеология саков Семиречья (по материалам кургана Иссык) // Ранние кочевники. / КСИА. Вып. 154. М.: – 1978. – 39-48 б.

 3. Айтқұл Х.А., Мухтарова Г.Р., Железняков Б.А., Қосжанова А.М. Жетісудың қола дәуіріне қатысты кейбір мәселелер // ІІ Есік оқулары «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары тақырыптағы  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған. – Есік, 2021. – 136-144 б.

8. Авторлар туралы мәлімет

Электронды нұсқаға тегі, аты, әкесінің аты; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы; негізгі жұмыс орны; үй, қызмет немесе ұялы телефондары; электронды және пошталық мекен-жайы (редакциямен байланысу үшін) көрсетілген, әр автор туралы анықтама тіркеледі; жұмыс орындалған ұйымның, қаланың, елдің атын, авторлардың біреуінің e-mail көрсету керек. Авторлардың жұмыс орнына сілтеме жасау керек.

Көрсету керек: факультет (ҒЗИ, департамент), университет, қала, ел. Кафедралар, бөлімдер және басқа да бөлімшелерді көрсетпеу керек.

Автордың жариялау үшін бірнеше жұмыстарды беруге құқығы бар.

Басқа қаладағы авторларға жинақтың электрондық нұсқасы жіберілетін болады.

Редакцияға мақаланың талаптарға сәйкес электрондық нұсқасын ұсыну керек. Файлдың аты бірінші автордың латынша жазылған фамилиясынан басталу керек (мәселен, Aitkul. doc(rtf-те)). Мақаланың беттері нөмірленуі керек. Редакцияға түскен барлық мақалалар рецензияланады. Қажет жағдайда, мақала түзетілу үшін авторға қайтарылуы мүмкін. Редакция мәтінге мақаланың мағынасын бұрмаламайтын өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Мақаланың мәтіні бар, файлдың атауы, автордың тегіне, атына, әкесінің атына (аты-жөндерінің бірінші әріптеріне) өзгертілуі тиіс. Егерде авторда біреуден артық мақала болатын болса, онда оны файлдің атауларында нөмірлеу керек («Тегі, А.Ә-1 doc», «Тегі, А.Ә-2 doc» және т.с.). Үлгідегі стилді және пішімдеуді сақтаған жөн, мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ

МАҚАЛА АТАУЫ

Жұмай Г.А.1, электронный адрес Әйтпек Б.І.2, электронды мекен-жайы

1 Государственный историко-культурный музей-заповедник «Есік» г. Есик, Казахстан.

2 Институт археологии им. Ә.Х. Маргулана, г. Алматы, Казахстан.

Аңдатпа (200-250 сөз).

Түйінді сөздер (5-7).

Мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні мақала мәтіні.

Пайдаланылған дереккөздермен әдебиеттер тізімі:

Авторлар туралы мәліметтер:

Жумай Г. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, электрондық мекен-жайы, байланыс телефоны, Есік қаласы, Қазақстан.

Әйтпек Б.І. Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, электрондық мекен-жайы, байланыс телефоны, Алматы қ., Қазақстан.

Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)  онлайн-конференциясына қатысушының

ӨТІНІМІ

Тегі, Аты, Әкесінің аты (толығымен) қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы
Ұйымы
Мекен-жайы
Елі
Жұмыс, ұялы телефондары
Факс
E-mail
Мақаланың аты
Қатысу түрі (оффлайн / онлайн, / публикация /жарияланым)
Секцияның атауы
Қосымша ақпарат

issykrm

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *