Облыс әкімі «Есік» музей-қорығында

2022 жылдың 29-наурызында Алматы облысы әкімі арнайы іссапар аясында Еңбекшіқазақ ауданына ат басын тіреді. Қанат Алдабергенұлы бастаған арнайы делегация ауданға жасалатын іссапар басын «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығынан бастады.

Алтын адам табылған мекендегі ата-баба мұрасын көзінің қарашығындай қастерлеп отырған музей-қорыққа келген әкімнің алғашқы қадамы ата-бабалар мұрасы – тас мүсіндермен танысудан басталды. «Есік» музей-қорығының директоры Г.Р. Мухтарова сыйлы қонақтарды өзі бастап алып жүріп музей-қорықтағы құндылықтарымызбен, музей экспозициясымен, музей-қорықтың негізгі мәселелерімен таныстырып шықты.

Сапар соңында облыс әкіміне музей-қорықтың жарық көрген еңбектері тапсырылып, оның облыс деңгейінде шешілуге тиіс мәселелері де аманатталды.

issykrm

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *