ІЗбасарлар

%d0%b2%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b2%d0%ba%d0%b0-%d0%bd%d0%b0%d1%81%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%b8-%d0%b1%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d0%b5%d1%80

29 қараша күні «Есік» қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті күніне орайластырылған «ІЗбасарлар» атты көрменің ашылуы болды.

Көрме тақырыбы бойынша экспозицияға осы күнге дейінгі ғылыми-зерттеу және ғылыми-қор бөлім қызметкерлерінің табанды еңбектерінің арқасында жинақталған жәдігерлер қойылып отыр. Көрмеде қазба жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ ежелгі «Пазырық» кілемінің алғашқы көшірмесін жасау тәжірибесі көрсетілді.

  «Ізбасарлар» сөзінің түбірі – «із» сөзінен алынып отыр. Тарихшылар үшін, әсіресе археологтарға тарих қойнауына кеткен өзіндік ерекшеліктерге ие мәдениет іздерін іздестіру мамандықтарының негізі болып табылғанмен алайда, сол іздерді жалықпай іздеп, табу кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс дер едік біз!

Біз үшін осындай Тәлімгер, Ұстаз, ол – археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбет (Бекен ата) еді. Әрине, әріптес болған қорық-музейінің қызметкерлерінің барлығы Бекен атаның ізбасарлары, алайда археология жолын ол, өз шәкірттері, жас археологтарға қалдырды.

img_0396_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80ІЗбасарлар —  ІЗІМЕН жүрушілер, Мұрагерлер – уақыт кеңістігіне еркін бойлап, ата-бабаларымыздың өмір жолынан қалған құндылықтарды сақтаушылар болып саналмақ. Ал қорық-музей болса – тарихи құндылыққа  ие жәдігерлерді сақтаушы орын ғана емес, ол — өмір шынайылығын көрсетуші. Сондықтан, көрме аясында ертеден жеткен дәстүрлі мәдени мұралар мен археологиялық қазбалар және  img_0414_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80археолог-зерттеушілер мамандығының сабақтастығы жайында ғана сөз болған жоқ, мұнда әлемдік экологиялық көзқарастар мен «қазіргі замандастарымыз келешек ұрпаққа қандай ІЗ қалдырады, болашақ археологтары қандай мәдени қабат ашып, біз қандай өркениеттің img_0454_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80ІЗБАСАРЛАРЫМЫЗ» деп айта алады?» деген сұрақтар қозғалып отыр.

img_0462_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80Көрменің ашылуында №1 Рахат орта мектебінің 9-шы img_0469_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80сынып оқушылары мен ұстаздары және РТРК «QAZAQSTAN» телеарнасының, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері мен бірқатар музейге келуші қонақтар болды. Көрме шымылдығын қорық-музейдің ғалым хатшысы Д.Зікірия ашса, көрме экспозициясымен көрме идеясының авторы, ғылыми қызметкер Т.Тулегенов таныстырды.  Ал Ә. Амарғазиева көрме қонақтарына «Пазырық кілемінің» көшірмесі жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Бұл кілем үлгісі өзінің көнелігі мен жасалу технологиясы арқылы келуші қонақтарды қатты таң қалдырды.

Сондай-ақ экспозицияның компоненті ретінде, тақырыпқа сай қойылған «өз ізіңді қалдыр» атты интерактивтері оқушылардың қызығушылықтарын оятты.

Көрме ұйымдастырушылары мен қорық-музей қызметкерлері осы көрменің ойдағыдай болып шығуына зор еңбек сіңірген қорық-музейдің бас суретшісі Бектеміров Дәулетке ерекше алғысын білдіреді.

 

Ғылыми қызметкер

А. Амарғазиева

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
www.issykrm.kz