Алтын адам туралы деректі фильм Ресей теларналарынан көрсетілді

Алтын адам туралы деректі фильм Ресей теларналарынан көрсетілді

          «САКИ. Предки наших предков. Золотой человек Иссыка» деген тақырыпта орыс тілінде түсірілген танымдық деректі фильм 2025 жылдың қаңтарында көрерменге ұсынылды.   

          Қазақстан ғана  емес, бүкіл әлем үшін баға жетпес мұра саналатын Алтын адам тарихы туралы фильмді Ресейдің «Голд Медиум» компаниясы Алматы облысына арнайы сапармен келіп, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында, Есік-Рахат археологиялық кешенінің аумағында және Алматы қаласында арнайы түсірілімдер жасаған.

          Фильмде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова, «Есік» музей-қорығының аға ғылыми қызметкерлері – Тұралы Төлегенов, Әсел Амарғазиева, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Археология музейінің бұрынғы директоры Роза Бектуреева, Генетика және физиология институтының «Палеогенетика және этногеномика орталығының» жетекшісі Лейла Жансүгірова, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Әлия Жаниева Алтын адам тарихына қатысты өз ой-тұжырымдарымен бөлісті.

          Фильмді дайындау барысына  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы, «ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Ұлттық музейі ұжымы атсалысты.

          Деректі фильм «Россия-Культура», «Россия-1» телеарналарынан көрсетілді.

Жүргізушісі және идея авторы Геннадии Жигарев. Режиссеры – Евгений Безбородов, операторы – Дмитрии Антонов, продесерлері –  Геннадий Жигарев пен Алексей Горовацкии. Фильмнің ұзақтығы 45 минут.

          Фильмді https://smotrim.ru/video/2918566 сілтемесі арқылы көруге болады.

issykrm

Related Posts