ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орайластырылған көрменің мақсаты – халқымыздың археологиялық, этнографиялық, рухани және мәдени мұрасымен және Алтын адам тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық жәдігерлермен таныстыру. Көрменің экспозициясында Алтын адамның күміс тостағаны және ерте темір дәуіріндегі сақ-үйсін мәдениетіне тән ерекше қыш ыдыстар, қазан, Қазақстан аумағында табылған көне зергерлік бұйымдар, қару-жарақ және басқа да құнды жәдігерлер қойылды.