Сақтар. Тарихи жаңғыру…

img_16042017 жылдың 27 –мамырында Бурундай сақтар қорғаны археологиялық паркінде «Сақтар. Тарихи жаңғыру» атты көрме өтті. Көрменің басты мақсаты Алматы облысындағы сақтар қорғанын сақтау, насихаттау, зерделеу, дәріптеу болды. Сондай-ақ Жетісу өңірі бойынша табылған сақтар жайлы тарихи құндылықтардың басын қосып тәжірибе алмасу болды. Аталмыш көрмег көшпенді мәдениеттің адамзат тарихында қалдырған мұраларын зерттеу барысындағы табылған құнды мұралар мен қайта қалпына келтірілген жәдігерлер қойылды.

img_1613«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аталмыш көрмеге «Алтын адамның құпиялары» атты көрме қойды.  Сонымен қатар алтын адамды табуға бірден бірі қатысы бар 1969 жылғы Есік археологиялық экспедицияға қатысқан археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбетов, яғни Бекен ата жайлы да ақпараттар мен Алтын адамның табылуы тарихы және оған қатысты мұрағат құжаттары қойылды.  Көрмеге «Есік» қорық-музейден суретші-экспозиционер Бекбол Нұрмуханбетов пен ғылыми-қор және экскурсиялық қызмет көрсету  бөлімінің жетекшісі Жумай Гулмира қатысты. Көрмеге шетелден келген қонақтар img_1639да қатысып, қазақтың тарихы, салт-дәстүрімен танысып, керемет жасалған қолөенр туындыларына тәнті болды. Сондай-ақ көрмеге «Алтын адамның» жаңғыртпасын жасаған Кырым Алтынбеков қатысып, қолға алынып жатқан игі іске сәттілік тіледі. Көрмеге келген қонақтар жақсы тілектерімен бөлісіп, адамзат тарихының өшпес құндылықтарын дәріптеудегі қолға алынған бастамалардың жақсы қырынан көрініп, айрықша белгілерге ие болуына тілектес екендіктерін айтты. Аталмыш шараға қала қонақтары, баспа сөз өкілдері, осы саланың мамандары мен сақ мәдениетіне деген қызығушылық танытатындар қатысты.

Жумай Гулмира

Ғылыми-қор және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz