«ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҮШІНШІ РЕТ 5 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ АККРЕДИТТЕУ КУӘЛІГІН АЛДЫ

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстандағы музей-қорықтарының ішінде бірінші болып 2012 жылы  ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге Аккредиттеу куәлігін алған болатын.

Куәлік мемлекеттік бюджеттен және ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурсына қатысу үшін берілген.

«Ғылым туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы биыл үшінші реті мемлекеттік Аккредиттеу куәлігін алып отыр.

Бұл аккредитация музей-қорық жұмысын жаңа бағытта жандандыруға, халықаралық байланыстарын күшейтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Әріптестерімізді кезекті табыстарымен құттықтаймыз!

issykrm

Related Posts

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған