






«Есік» музей-қорығының «Тыйым салынған қала» музейіндегі көрмесі (Пекин, Қытай)
2023 жылдың 28 қыркүйегінен 2024 жылдың 5 қаңтар аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында «Тыйым салынған қала» сарай кешенінде (Гугун) «Серіктестік жолындағы гүлденген әлем: «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастық» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қорынан 41 құнды жәдігер қойылды.
Көрмеге қазақстандық жәдігерлермен қатар Қытай, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктерінің 80-нен астам жәдігері қойылды.
Экспозицияға Алтын адам жерлеуінің түпнұсқалық бұйымдары, қазақ-қытай бірлескен археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер қойылды. Аталмыш көрмеге музей-қорықтың негізгі әрі құнды жәдігерілерінің бірі – қола астау (жозы астау) – б.з.д. VI-V ғғ. жататын қола құрбандық үстелі (ұзындығы 116 см, ені 111 см, биіктігі 31 см) қойылды. Қола қазан 2008 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылынан табылған. Әлемде мұндай қола құрбандық үстелінің төртеуі ғана белгілі. Соның бірі Санкт-Петербургтегі Эрмитаждағы – улкен Жетісу құрбандық үстелі (Жетісудан), екіншісі Қытайдағы Үрімжі қаласының музейінде сақтаулы, үшіншісі Қырғызстан, Бішкектегі Ұлттық тарихи музей қорынан алынған құрбандық үстелі. Сонымен қатар, көрмеге Есік обасынан қыш ыдыстар, Алматы қаласындағы Алатау қорымынан және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Өрнек қорымынан алынған алтын бұйымдар қойылды.
Көрмені 149 340 адам тамашалады.