Пленэр

Қазақстандық музей ресейлік байқауда жеңіске жетті.

 

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Музей стилі» атты байқау жеңімпаздарының бірі болды.  Аталмыш байқауды қараша айының басында Ресей жоғары экономикалық мектебіне қарасты дизайн мектебі мен Музейлік жобалау зертханасы жариялаған болатын. Байқауға қатысуға Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінен 86 музей өтініш берді. Музей ісі, графикалық әрлеу және әрлеуші мамандардан құралған әділқазылар алқасы олардың арасынан 5 жеңімпазды анықтады. Жеңімпаздар арасынан «Есік» қорық-мұражайы да орын алды. Байқау шартына сай жеңімпаз музейлер байқау жүлдесі ретінде логотип, навигациялық элементтер әрлеуі, музей сайтын безендіру сынды толыққанды өзіндік фирмалық стилдерін, сонымен қатар, құжаттық, көркем және кеәдесыйлық элементтерді де алады. Оның бәрі музейлерге тегін беріледі.

Толық дерек алу үшін: http://www.artparovoz.com/10417

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz