хабарландыру

 

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Өлке мақтанышы» атты байқау жариялайтынын хабарлайды.

2a-218x300Өз өлкеңіздің мақтанышына айналған Тәуелсіздік жылдары елінің, жерінің көркеюіне үлес қосқан тұлғалар мен тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін немесе сәулет өнер ескерткіштерін дәріптегіңіз келсе байқаудан құр қалмаңыз. Бұл жақсы мүкіндік!

Байқаудың мақсаты: жергілікті тұрғындарды өз өлкесінің тарихы мен бүгіннің тұлғаларына деген қызығушылықтарын ояту, осы өлке тұлғаларының ерен еңбектерін дәріптеу, олардың ізгі істерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау арқылы оған жастар назарын аударту, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыру.

Байқаудың міндеті: өлке мақтанышына айналған тарихи нысандарды, табиғат ескерткіштерін, табиғи ландшафтық аймақты, Туелсіздік жылдардың тұлғаларын анықтап, елге кеңінен насихаттау.

Байқаудың шарттары

«Өлке мақтанышы» жобасына қатысу үшін таңдалатын нысандар мен тұлғалар:

  1. Тарихи нысандар – сәулет өнер ескерткіштері, археологиялық ескерткіштер;
  2. Табиғат ескерткіштері;
  3. Табиғи ландшафтық аймақ;
  4. Жергілікті естелік орындары;
  5. Тәуелсіздік жылдардың тұлғалары.

Қатысушылар байқау ұйымдастыру комитетіне төменгідей материалдарды жіберсін:

  • таңдалған тұлға немесе объекті жөнінде қысқаша мәлімет. Мәлімет мыналарды қамтуы тиіс: а) нысанның  қысқаша тарихы мен тарихи құндылығы, атауы; б) тұлғаның тегі, аты-жөні, қысқаша өмірбаяны мен жетістіктері, (басты критериясы – тұлғаның Тәуелсіздік жылдары елдің, өлкенің көркеюіне қосқан үлесін көрсету). Сонымен қатар, мұнда автордың жеке позициясы мен ойы, оның жұмысының негізгі мән-мағынасын ашатын авторлық пікірі көрсетілуі тиіс (ҚОСЫМША 1);
  • таңдалған тұлға немесе нысан бейнеленген жергілікті ақша немесе марка дизайнының фотосуретін немесе жобалау сызбасын (сурет техникасы (сурет, коллаж және т.б.) автордың қалауы бойынша қолданылады).

Жобаға қатысушылардың жұмыстары Ақпан айының 20-нан бастап – сәуір айының 20-сына дейін қабылданады.

Жобаға кез-келген үміткер қатыса алады. Ол үшін  baikau_issyk@mail.ru электронды поштасына өтініштері мен жұмыстың электронды нұсқасын жібереді немесе тікелей қорық-музейге келіп жұмыстарын тапсыра алады.

Байқаудың нәтижесі: сарапшылар үздік жұмыстарды  анықтайды. Іріктелген жұмыстар көрмеге қойылады.  Жоба үздіктері (жетекшісі қоса) «Есік» қорық-музейінің арнайы дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Үздіктерді анықтау кезінде қатысушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі, сол бойынша жұмыстар топтастырылады.

Байқаудың өтетін орны: «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Мекен жайымыз: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Өрікті ауылы,  Есік-Александровка тасжолы, 6,6 км. 2 қурылыс.

Телефон:+7(727) 306-91-30, Телефакс:+7(72759) 2-07-50,

E-mail issyk@inbox.ru,

Веб-сайт: www.issykrm.kz , https://www.facebook.com/issykzapovednikmuzey/

https://www.instagram.com/issykzapovednikmuzey/

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (727) 306-91-30, 8747 064 07 85 Амаргазиева Асель Жақслықбайқызы, 8 777 233 74 90 Галия Файзуллина

ҚОСЫМША 1

Өтініш

  1. ТАӘ(толық)
  2. Туылған жыл, ай, күні
  3. Сыныбы, мектебі, толық мекен-жайы
  4. Жоғары оқу арны, колледж
  5. Музейдің толық атауы, мекен-жайы
  6. Аймақ (ауыл, қала, аудан)
  7. Материал атауы
  8. Жетекші ТАӘ
  9. Байланыс телефон
  10. е-mail

ҚАТЫСУШЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЗБАША МӘЛІМЕТТЕРІН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Суреттер: JPЕG форматында қабылданады, сапасы жоғары.

Жазбаша жұмыс А-4 форматы, шрифт – 14 кегль, Times New Roman гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервалмен жазылады. Беттің үстіңгі жағында қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен тақырып, одан бір аралықтан соң мәтін берілуі керек.

Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде беріліп, онда әдебиет қолдану реті бойынша беріледі, беті көрсетіледі (мысал: [1, 25 б.]). Мақала соңында әдебиеттер қолдану реті бойынша орналастырылады.

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________

Хабарландыру!

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9

«Есік» қорық-музейі 10 қыркүйек ОТБАСЫ күнімен баршаңызды құттықтайды!

Осы мерекенің құрметіне орай біздің қорық-музейге бүкіл отбасымен келген азаматтардың балалары экспозициямызды тегін тамашалай алатынын хабарлаймыз. 

_______________________________________________________________________________________

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

 Ел есінде қалған археолог Бекен Нұрмұханбетовтың жарқын бейнесіне арналған естеліктер мен әңгімелерді жинастыру мақсатында жүргізілетін «Өнегелі өмір»атты еске алу шараға атсалысыңыздар!

8-%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%bc%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b5%d1%82-%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%bc%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2 «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Алтын адамды»  алғаш ашушылардың бірі, белгілі археолог, сақ бабаларымыздың мәдени-мұрасының шырықшысы Б.Нұрмұханбетовтің (Бекен ата) бейнесін жадымыздан өшірмей, ата туралы ел арасындағы естеліктер мен әңгімелерді жинастыруға, өмір жолы мен еңбегін, тарихтағы алар орнын насихаттау мақсатында «Өнегелі өмір» атты еске алу шарасын ұйымдастыруды ұйғарып отыр. Іс-шараға қатысушылар жасына шектеу жоқ.

Шараға қатысушылар Бекен атаға қатысты естеліктерді, атап айтқанда бірге түскен фотосурет, бейне жазбаларды, атамен кездескендегі алған әсері, болған оқиғалар жайында жазбаларды тапсыруына болады.

 Құрметті қатысушы, сіз тапсырған әрбір естелік біз үшін маңызды және де атамыздың рухы риза болуына септігін тигізеді деген ниеттеміз.

 Іс-шараға қатысушы файлды «Өнегелі өмір» деген белгімен толық аты жөнін жазып «Есік» қорық-музейінің электронды (issyk@inbox.ru), facebook (https://www.facebook.com/Заповедник-музей «Иссык» / «Есік» қорық-мұражайы) парақшасына жіберіп немесе  тікелей әкеліп тапсыруына болады.

Жинақталған материалдар бойынша музейде шағын көрме  ұйымдастырылады, үздік, сапалы жазылған, ойлы, терең естеліктер Бекен Нұрмұханбетовке арналған жинақ бетіне  ұсынылады

Естелік қазақ және орыс тілдерінде жазбаша түрде 13-маусымға дейін қабылданады.

Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы-Көкпек-Көктал тасжолы, Есік кіре берісі-6,6 км.

Телефон:+7(727) 306-91-30, Телефакс:+7(727) 391-34-56, E-mail issyk@inbox.ru. Веб-сайт: www.issykrm.kz

Қосымша мәліметтер алу үшін байланыс телефондары: 8 727 3069130, Амаргазиева Асель: +7470640785, Құрбанәлі Жазира +7 7472847099.

ЖАЗБА ЕСТЕЛІКТЕРДІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Естелік көлемі А-4 форматты болуы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см, сол жақ жиек – 3 см; шрифт – 12 кегль, Times New Roman гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің үстіңгі жағында қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

Беттерге номер қойылмайды.

_______________________________________________________________________________________

%d1%84%d0%b1-%d0%b1%d0%b0%d0%bd-2

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

«Есік» қорық-музейінде 2017 жылдың 19 мамырында «Музей түні» өтетінін хабарлаймыз. 16.00-де басталатын музей мерекесі бағдарламасында жастарға арналған квест-ойындар «билет бағасы – 500 теңге), қайта қалпына келтіруші шеберлер мен мүсіншілер өткізетін мастер-кластар бар. Сонымен қатар Археология институтының ғылыми қызметкері Станислав Потаповтың ежелгі көшпенділердің қару-жарақты жетілдіру және ұрыс жүргізу әдісі туралы қызықты әңгімесі өтеді.

«Бекен ата есімізде» атты қорған басындағы қайта қалпына келтірілген көрме.

Сонымен қатар төмендегідей атақты суретшілер қорық-музейге өз туындыларымен бірге қонаққа келеді:

Сәуле Сүлейменованың «Целлофан кескіндеме» туындысы.

Елена және Виктор Воробьевтардың «Қазіргі заманғы археология. Үндестік?» көрмесі.

Алёна Велар, суретші. Еуразия мәдени альянсының «Рингтон» объектісі. (Алматы).

«Арқайым» нео-фольк-тобы және басқа да өнерпаздардың қатысуымен өтетін концерт және  «Домбыра-пати» шарасы.

Сақ тақырыбына арналған кәдесыйлар сатып алып, алтыбақанда тербеліп, ат арбамен серуендеуге мүмкіндіктеріңіз бар.  Оған қоса «Музей түнінен» естелік ретінде лезде шығарылатын суретке де түсе аласыз.

Іс-шараны тамашалау құны  – 100 теңге.

Келіңіздер, көріңіздер!

_______________________________________________________________________________________

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

«Есік» қорық-музейі Халықаралық музей күніне арнап «Музей түні» атты дәстүрлі  акция өткізеді. Біз сіздерге арнап түрлі қызықты іс-шаралар дайындап отырмыз.  Алайда, оның біріне біз сіздермен  бірге дайындалуға тиіспіз. Ол Қазақстанның талантты және еңбекқор суретшілерінің бірі Сәуле Сүлейменованың «целлофан кескіндеме» техникасымен орындалатын көркем шығармасы бойынша өткізілетін шебер-сабағы болып табылады.  Шебер-сабақ өткізу үшін бізге керекті материал – түрлі-түсті целлофан дорбалар жинау керек болады. Сондықтан да сіздерге үйлеріңізге сауда-саттықпен бірге «келген» керексіз қоқыстан  ұтымды құтылып, мамырдың 17-не дейін оларды қорық-музейге әкеліп тастауларыңызды сұраймыз. Осы арқылы сіз музейді тамашалап қана қоймай, қоршаған орта мен ашық аспан астындағы ескерткіштерді ластанудан сақтауға бағытталған арт-экологиялық акцияға да қатыса аласыз.

Мекен жайымыз: 040400, Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а.о. Алматы-Көкпек-Көктал тасжолы, Есік жол кірісі — 6,6 км.

тел. 8(727) 306-91-30,  8 778 50 666 40. E-mail: issyk@inbox.ru. Веб-сайт: www.issykrm.kz

_______________________________________________________________________________________

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Есік қаласының тұрғындары! «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Ең әдемі ұлттық киім» атты байқау жариялайды. Байқау 17-22 ­– наурыз  аралығында өтеді.

Байқау шарттары: ұлттық киіммен «Есік» қорық-музейіне келу, суретке түсу, тіркелу. Байқау номинациясы: ең әдемі ересектер киімі (ерлер мен әйелдер киімі), ең әдемі жастар киімі, ең әдемі бала киімі.

Наурыз айының 24-шы жұлдызында үздіктер анықталып, жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен марапатталады!

Келіңіздер! Елдігіміз бен ұлттық болмысымызды айшықтайтын ұлттық киімді дәріптеуге атсалысыңыздар ағайын!

_______________________________________________________________________________________

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 2016 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 10.00
«Тастар сыр шертеді»

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Жетісу жартас суреттеріне арналған «Тастар сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты болады.

Қосымша ақпараттарды «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайынан алуға болады.

Мекен-жайы:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Алматы-Көкпек-Көктал тас жолы, Есік кіре берісі 6,6 шақырым. Тел/ф. 8 (727) 391 34 58  Тел. 8 707 753 78 78,         e-mail: issyk@inbox.ru

29 СӘУІР «ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ»

«Менің үйім – мұражай»

(көрме)

2016  жыл. 29 сәуір. Сағ. 10.00.

Елімізде  өткен жылы сәуір айында Ұлттық киімді насихаттау үшін  «Ұлттық киім күнін»  енгізу ұсынып (Арман Нұрмұханбетовтың бастамасымен), әрі бұл күн дәстүрге айналып, жыл сайын сәуірдің соңғы жұмасында іс-шаралар өткізу ұйғарылды. Бұл игі бастама аясында «Ел-шапаны» акциясы да жол тартып, Еліміздің түкпір-түкпірінен қала, аймақ атауларымен Қазақстан халқына бірлік, татулық тілеген ізгі тілектер жазылған мата кесінділері Алматы қаласына жіберілді. Мата кесінділерінен  «Ел-шапаны» тігіліп, «Есік» қорық-мұражайына тапсырылды. Бұл шапан «Қазақтың ұлттық киімі күнінің» символы болып қана қоймай, ұлт бірлігін айғақтайды.

 «Ұлттық киім күніне» орай, әрі, игі бастаманың ізін суытпай, жалғасын табуына үлес қосу мақсатында «Есік» қорық-мұражайында 04.2015 – 04.2016 аралығында «Менің үйім — мұражай» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық байқау жарияланған. Байқау  бойынша әр қатысушы өз отбасында әулетінен қалған тарихи құны бар бұйымдарды жинау, елге таныстыру, сақтау, көне мұраларды қорғау т.б арналған. Байқауға 5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Аталған іс-шара аясында 29 сауір – 5 мамыр аралығында «Есік» қорық-мұражайында жас өрендердің ұсынған бұйымдарынан шағын көрме ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында жас өрендерге ұлттың болмысын бейнелейтін ең әуелі, ол – тілі мен ұлттық киімі екенін, айтулы күннің мән-мағынасын  түсіндіру, сонымен қатар байқауға қатысушылардың өз бұйымдарына қысқаша экскурсия жүргізуі, келушілерге викториналық сұрақтар, байқау жеңімпаздарын марапаттау және экспозициялық залмен таныстыру қарастырылған.

 

Қосымша ақпараттарды «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайынан алуға болады. Мекен-жайы:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Алматы-Көкпек-Көктал тас жолы, Есік кіре берісі 6,6 шақырым., «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы.

 

Тел/ф. 87273069130  Тел. 8 707 753 78 78, 8 747 287 24 71

e-mail: issyk@inbox.ru  

 

 

Есик банер

 

 2015  жыл. 30 қыркүйек.  сағ. 11.00.

2015 жылдың 30 қыркүйегінде «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығы мен «Алтын адам» археологиялық ашылымының 45-жылдығына, «Есік» қорық-мұражайының 5 жылдығына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылады.

Іс-шара екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: «Дәстүрлі жыр мерекесі» деп аталып, көне замандардың көзіндей болған жыраулық өнер мен ұлтымыздың суырып салмалық өнері ұлықталып, арқалы ақындар жыр додасына шығады.  С.Дабылов, М.Кетебаева және т.б. жыраулар жыр нөсерін селдетсе,  Б.Жағыпаров, Д. Әбдісаев, А.Үсенов сынды айтыс ақындары ерте замандардан бүгінге дейін тамыры үзілмей жеткен Қазақ тарихының тылсым сырларын өз жырларына арқау етіп, жекпе-жек айтыс жасайды. Жыраулардың да, айтыс ақындарының да қозғар тақырыбы, сүйенер дәйегі еліміздің кемел тарихы, келісті болашағы болмақ.

Ал, екінші бөлімінде «Есік» қорық-мұражайының ағымдағы жылдың маусым айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған, бұған дейін отандық ғылым саласында көп белгілі бола қоймаған археологиялық олжаларын паш ететін «Қорғандар сыр шертеді» атты көрмесінің ресми ашылу салтанаты болады. Өрнек ауылының маңынан табылған, ерте темір дәуіріне, дәлірек айтсақ, б.з.д. V-IV ғғ. жатады деп болжанып отырған бұл қорғандар өзінің ерекше құрылысымен дараланады. Сол қорғандардан табылған, осыған дейін еш жерде кездеспеген ежелгі замандағы ұсталық өнердің ерекше бұйымдары – өзгеше әдіспен жасалынған қыш құмыралар мен жекелеген алтын бұйымдар да көрменің мәнін аша түседі деп ойлаймыз. «Өрнек қорғандары» болашақта жан-жақты зерттелер болса, еліміздің археология тарихына тың жаңалықтар қосылуы әбден мүмкін.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Сіздерді 2015 жылдың 30 қыркүйегі күні осынау қызықты оқиғаларды бірге тамашалауға шақырады.

 

Қосымша ақпараттарды «Есік» қорық-мұражайынан алуға болады. Мекен-жайы:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Алматы-Көкпек-Көктал тас жолы, Есік кіре берісі 6,6 шақырым., «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы.

Тел/ф. 8 727 306 91 30, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары үшін: 8-72759-2-07-50   Тел. 8 707 753 78 78, 8 747 287 24 71

e-mail: issyk@inbox.ru   

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz