Экспозициялық-көрме жұмыстары

2011 жылғы өткізілген көрмелер саны — 6:

1)    10.06–10.07.2011 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ұйымдастырған «Тарихи жад баспалдақтары» көрмесі.

2)    10.06–10.07.2011 ж. Археологиялық семинар аясында «Археологиялық сараптама» ЖШС-гі ұйымдастырған «Жетісу сақтары көсемдерінің қорымы»  көрмесі.

3)    10.06.2011 ж. ҚР БҒМ Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институты директор орынбасары – Арман Бейсеновтің  Орталық Қазақстаннан табылған сақтар дәуірінің жаңа ескерткіштері — «Талды обасы-2. 2010 жылдың жаңалықтары», — атты көрмесі.

4)    20.06.2011 ж. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының «Ұлылыққа тағзым», — атты экспедициясы бойынша өткен  фото көрме.

5)     30.10. 2011 ж. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы  мен «Artfoglio» алматы өнер галереясының бірлескен «ЕСІК» плэнер-көрмесі.

6)    12.12.2011 ж. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің қортынды отырысына орай ұйымдастырылған археологиялық көрме. «Есік» қорық-мұражайының экспонаттары «Археологиялық сараптама» ЖШС-ң тарапынан көрмеге қойылды. Астана қ. 2011 ж.

2012 жылы өткізілген көрмелер саны – 3

1) 18.04.2012 ж. «Дружные ребята» газетінің бөлім меңгерушісі О.Н. Гумированың «Сақ петроглифтері» фотокөрмесі.

2) 01.11.2012 – 30.01.2013 жж. Есік қаласындағы тарихи-археологиялық өлкетанулық мұражайындағы «Есік» қорық-мұражайы жәдігерліктерінің көрмесі.

3) 25.12.2012 ж. ««Есік» қорымының сақталуына журналистиканың қосқан үлесі», — атты көрме. Аталмыш көрмеде «Еңбекшіқазақ» газетінде 1991 жылдан бастап жарық көрген «Алтын адам» тарихына арналған мақалалар сұрыпталып, тақырыптарға бөлініп, коллаж жасалды.

2013 жылы өткізілген көрмелер саны – 4

  1. 20.03.2013 ж. Әлеуметтік идеялар мен жобалардың ІХ республикалық жәрмеңкесі. «Алтын адамның» ашылу және зерттелу тарихы (аңызы мен ақиқаты)» көрмесі. Алматы қ.,
  2. 2.                10.06-30.06.2013 ж. «Археологиялық сараптама» ЖШС-і мекемесімен бірлесіп өткізген «Мой Шелковый путь к тебе» көрмесі. Варшава қ., Польша.
  3. 06.09.2013 ж. Еңбекшіқазақ ауданында өткен «Тіл фестивалі» аясындағы «Есік» қорық-мұражайы және археология саласындағы сирек кітаптар қоры» көрмесі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ.,
  4. 05.08.2013 ж. «Есік» қорық-мұражайының ғимаратында «Шірік Рабад» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

 

2014 жылы өткізілген көрмелер саны – 6

1.   14.02. 2014 ж. Құсбегілік тарихына арналған «Қансонардың ежелгі падишасы» атты тарихи-этнографиялық көрме.

2.      01.03.2014 ж. Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылының № 17 орта мектебіндегі «Жәдігерлер сыр шертеді» атты көшпелі көрме.

4.      03.04. – 03.05.2014 жж. М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының  бірлескен «Жетісудың «Алтын адамы» атты көрмесі.

5.      17.04.2014 ж. 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай  ашылған «Қазақстан археологиясы» атты экспозициялық 3-ші зал ашылды.

6.      22-24.07.2014 ж. ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық кеңесіндегі «Есік» қорық-мұражайының көрмесі. Астана қ.,

2015 жылы өткізілген көрмелер саны – 6

  1.    20.01.2015 ж. «Жетісу сақтарының мәдениеті». Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында өткен көрме.
  2. 27.02 – 27.03.2015 жж. ҚР МСМ-і «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының «Есік» қорық-мұражайындағы «Қазақ хандары ту тіккен Түркістан» атты көшпелі көрмесі. Бұл көрме – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналды. Көрме экспозициясына қорық-мұражай қорындағы 150-ге жуық құнды жәдігерлер қойылды. Көрме  «Хандарға орда болған киелі мекен», «Түркістанға ту тіккен хандар», «Алашқа айбын болған хан Абылай», «Түркістан тағылымы» атты    4 бөлімнен тұрды.
  3. 22-24.04. 2015 ж. Алматы қаласы «Атакент» орталығында ұйымдастырылған 16-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық көрме. Аталмыш көрмеде Алматы облыстық туризм басқармасының қолдауымен «Есік» қорық-мұражайы, «Таңбалы» қорық-мұражайы, Алматы облыстық С. Аронұлының мемориалдық музейі, «Шарын» ұлттық саябағы болып Алматы облысының  туристік әлеуетін насихаттады. Үш күнге созылған көрмеге еліміздің, таяу және алыс шетелдерден келген көптеген туристік компаниялар мен тағы да басқа мекемелердің өкілдіктері қатысты. «Есік» қорық-мұражайының қызметкерлері көршілес облыстардың туристік басқармаларына ғана емес, сонымен қатар түрлі шетелдік компанияларға, көрмеге келушілерге де қорық-мұражай туралы мәліметтер беріп, жан-жақты таныстырып қайтты.
  4. 05.-22.09.2015 ж. Белгілі қайта қалпына келтіруші Қ.Қ. Алтынбековтың «Сармат абызының екінші өмірі (қазба жұмысынан музейге дейін)», — атты коммерциялық көрмесі. Көрме Тақсай кешенінен табылған сармат абыз әйелі мен оның зерттелу, қалпына келтіру және қайта жаңарту тарихына арналды. Қазақстан археологтарының тамаша жаңалығы біраз уақыт бұрын яғни, 2012 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының зерттеулері нәтижесінде ашылды. Қазба жұмыстарына орталық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор  М. Н. Сыдықов пен отряд бастығы, археолог — Я. А. Лұқпанова жетекшілік етті. Аталмыш көрмеге келушілер сарматы абызының ашылу, зерттелу және қайта қалпына келтірілу тарихымен жан-жақты танысып, бейне сюжеттерді тамашалады.  Айта кету керек, аталмыш көрме Қазақстан бойынша алғаш рет «Есік» қорық-мұражайында көрермендер назарына ұсынылды.
  5. 09.2015 ж. «Есік» қорық-мұражайының 2015 жылдың маусым айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған, бұған дейін отандық ғылым саласында көп белгілі бола қоймаған археологиялық олжаларын паш ететін «Қорғандар сыр шертеді» атты көрмесінің ресми ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараны қорық-мұражай директоры – Г.Р.Мухтарова мен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы – Ә. А. Талқанбаев кіріспе сөзбен ашты. Одан әрі қонақтар көрме тамашалады. Өрнек ауылының маңынан табылған, ерте темір дәуіріне, дәлірек айтсақ, б.з.д. V-IV ғғ. жатады деп болжанып отырған бұл қорғандар өзінің ерекше құрылысымен дараланады. Мысалға, Жетісу жеріндегі сақтарға тән жерлеу орындары көбіне бөренеден жасалған лақатпен өрілсе, Өрнек қорғандарының лақаты тастан қаланған екен. Мәйіт қойылған жерлеу камерасының жанында тағы бір жерлеу орны жасалып, өртелген боп шықты. Сол қорғандардан табылған, осыған дейін еш жерде кездеспеген ежелгі замандағы ұсталық өнердің ерекше бұйымдары – өзгеше әдіспен жасалынған қыш құмыралар мен жекелеген алтын бұйымдар да көрменің мәнін аша түсті. «Өрнек қорғандары» болашақта жан-жақты зерттелер болса, еліміздің археология тарихына тың жаңалықтар қосылуы әбден мүмкін. Көрменің ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы, ауданның ақсақалдары, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушылары мен студенттері, Алматы облыстық «Халықтар үйі» қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері А. Тәңірбергенова мен М.Алжанбай, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау басқармасының бастығы Е.Дәуренбаев қатысты. А. Тәңірбергенова «Ұлы дала елі» экспедиция барысы бойынша «Теңдессіз сый» акциясы аясында «Есік» қорық-мұражайына кітаптар тарту етсе, «Есік» қорық-мұражайының 5 жылдығына арналған мерейтойлық альбомды директор Г.Р.Мухтарова қонақтарға сый ретінде ұсынды.
  6. 14.10-14.11.2015 ж. «Есік қорғандары мен Силла қорғандары (тарих тылсымы)», — атты «Есік» қорық-мұражайы мен Оңтүстік Корея Республикасы, Силла мәдениетін зерттеу орталығы арасындағы байланыстарға арналған көрме. Бұл көрмеде аталған екі мекеме арасындағы байланыстар ғана көрсетіліп қоймай, ежелгі сақ мәдениеті мен Силла мәдениеті арасындағы тылсым байланыстар қарастырылды

Экспозициялық-көрме жұмыстарыЭкспозициялық-көрме жұмыстары

Мекеме қызметінің нәтижесі туралы негізгі көрсеткіштер бойынша ақпарат: 

Жыл: Ғылыми жұмыстарға пікір жазу: Лекциялар Ғылыми кеңестер
1 2010 4 6 3
2 2011 10 3
3 2012 8 5 3
4 2013 5 6 5
5 2014 6 5 6
6 2015 3 6 2

Ұжымның іске асырған жобалары туралы ақпарат (республикалық және халықаралық конкурстарға, көрмелерге, шараларға қатысу деңгейі): 

1. Халықаралық конференциялар:

2010 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері 8 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

2011 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері 11 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

2012 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері 8 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

2013 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері 12 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

2014 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері  10 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

2015 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері  16 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

2. Қорық-мұражай қызметкерлерінің жарық көрген еңбектері:

2010 жыл.Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 4 еңбегі жарық көрді.

2011 жыл: Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 15 еңбегі жарық көрді.

2012 жыл. Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 11 еңбегі жарық көрді.

2013 жыл. Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 23 еңбегі жарық көрді.

2014 жыл. Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 19 еңбегі жарық көрді.

2015 жыл. Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 20 еңбегі жарық көрді.

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының халықаралық байланыстары:

2010 жыл:

Г.Айтиев атындағы көркемсурет өнері Ұлттық музейі». Бішкек қ., Қырғызстан.

«Ыссық-Гөл» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы».  Бішкек қ., Қырғызстан.

«Гурминджа Музейі».  Душанбе қ., Тәжікстан.

«Хулбук» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы.  Халтон облысы, Тәжікстан.

«М.Ашрафий музей-үйі». Ташкент қ., Өзбекстан.

«Өзбекмузей». Өзбекстанның Мемлекеттік табиғат мұражайы. Ташкент қ., Өзбекстан.

2011 жыл:

«Кижи» қорық-мұражайы. Ресей Федерациясы. Карелия Республикасы. Петрозаводск қ.

Ханьянг университетінің мәдени және аймақтық зерттеу институты. Оңтүстік Корея Республикасы.

2012 жыл:

Грузия Ұлттық музейі, Тбилиси

Қазақстандағы археологиялық экспедициясы. Италия

2013жыл:

 Оңтүстік Корея Республикасының «Ханьянг» университетінің мәдени және аймақтық білімдер институты.

Оңтүстік Корея Республикасының Мәдени мұра орталық институты.

Оңтүстік Корея Республикасының мәдени құндылықтарының Дахан институты.

Оңтүстік Корея Республикасының ежелгі қорғандар мәдениеті ассоциясы.

Иран Ислам Республикасын, Тегеран қаласындағы Шахид Бехешти университеті.

2014 жыл:

 Иран Ұлттық музейі. Иран Ислам Республикасы. Тегеран қаласы. Иран ұлттық музейі мен «Есік» қорық-мұражайы арасындағы байланыс қорық-мұражай директоры Г.Р. Мухтарованың 2013 жылы Тегеран қаласы сапары кезінде жүзеге асты. ИИР-да сақ-үйсін, жалпы, қазақ тарихына қатысты көптеген құнды деректер жатыр. Қорық-мұражай осы мақсатта бірлескен зерттеулер жүргізуді көздейді. 2014 жылы екі музей арасында өзара тәжірибе алмасу, ғылыми мәліметтер алмасу, бірлескен көрмелер өткізу жөнінде келісім-шарт жасалды. Биылғы жылғы жоспар бойынша «Есік» қорық-мұражайы Иранда арнайы көрме өткізуді жоспарлаған болатын. Дегенмен, қаржы жетіспеушілігі салдарынан ол жоспар кейінге шегерілді.

Түркия туризм және мәдениет министрлігі Сулеймание қолжазбалар музейі. Түркия Республикасы. Ыстамбұл қаласы. Бұл музеймен аталмыш музейдің қолжазба бөлімі жетекшісі – Хусейін Култанның Алматы қаласына сапары кезінде байланыс орнатылды. Сулеймание қолжазбалар музейінде 250 000 томнан астам қолжазба дүниелер бар. Солардың арасында қазақ тарихына қатысты деректер де табылуы мүмкін.  Басты мақсат – бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, екі жақты көрмелер өткізу үшін арнайы келісім-шарт жасасу мәселелері талқыланды. 2015 жылға қарай «Есік» қорық-мұражайы Сулеймание кітапханасында көрме өткізуді жоспарлап отыр.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тарих музейі. Қырғыз Республикасы. Бішкек қаласы. Ағымдағы жылы «Есік» қорық-мұражайының ғалым-хатшысы Д. Зікірия 2014 жылдың 22-23 мамыр аралығында Бішкек қаласына арнайы іссапармен барып қайтты. Онда жоғарыда айтылған музй жұмыстарымен танысып,  болашақта өзара ғылыми ақпараттар алмасу, біріккен археологиялық экспедициялар жабдықтау, ғылыми жобалар түзу, көрмелер өткізу мүмкіндіктері талқыға салынды. Себебі, Қырғызстанның Ыстықкөл, Нарын аумақтарында сақ-үйсін дәуіріне тән ескерткіштер шоғыры өте молынан кездеседі.

Ресей Ғылым Академиясы Археология институты. РФ, Мәскеу қ., 2013 жылдан бастап Ресей ҒА-на қарасты Археология институты мен  «Есік» қорық-мұражайы арасындағы келісім бойынша қорық-мұражайдың ғылыми қызметкері Е. Джасыбаев Дағыстан Республикасы Акушин ауданындағы «Солтүстік Кавказ палеолит кезеңі экспедициясының» құрамында археологиялық қазба жұмыстарына қатысып келеді.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, адам құқықтары жөніндегі институт. Әзірбайжан республикасы, Баку қаласы. Бұл институтпен «Есік» қорық-мұражайы арасындағы байланыс қорық-мұражай директоры Г.Р. Мухтарованың 2014 жылдың 11-13 маусымы аралығында Баку қаласында өткен «Адам құқығы шеңберіндегі кавказдық Албания этностарының тарихи және мәдени мұрасы» атты халықаралық конференция кезінде орнатылды.

ҚХР Шәнши облыстық мәдениет комитеті, сыртқы істер мәдениет бөлімі. ҚХР-ы. Шиән қаласы. Бұл комиетпен байланыс «Есік» қорық-мұражайы арасындағы байланыс қорық-мұражай директоры Г.Р. Мухтарованың 2014 жылдың 20-28 қыркүйегі аралығында ҚХР-ң мәдениет министрлігі мен Шәнши облыстық халық үкіметінің бірігіп өткізген Халықаралық «Ұлы жібек жолы» өнер фестиваліне Алматы облыстық делегация құрамында барған сапары нәтижесінде орнатылды. Шәнши облыстық мәдениет бөлімінде қорық-мұражай туралы мәліметтермен таныстырылды. Болашақта мүмкіндікке қарай туристер тарту, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, көрмелер өткізу мәселесі талқыланды.

ҚХР ШҰАР Қашқар қалалық туризм басқармасы. Қашқар қ., ҚХР. Қашқар қалалық туризм басқармасы мен «Есік» қорық-мұражайы арасындағы байланыс 2014 жылғы қазан айының 20-25 аралығында өткен, Алматы облысының туризм басқармасы ұйымдастырған Ш.Уәлихановтың жүріп өткен бағыттары бойынша ұйымдастырылған Халықаралық экспедиция құрамында іссапарға барған қорық-мұражай қызметкері – Ж.Құрбанәлі тарапынан орнатылды. Сапар барысында Қашқар қалалық туризм басқармасының директоры – Уән Жан және директор оырнбасары – Әсия Махмудтармен кездесіп, қорық-мұражай жөнінде мәліметтер беріліп, болашақ жоспарлары мен туристерге көрсетілетін қызмет түрлері таныстырылды.  Батыс қытай аумағындағы сақ-үйсін дәуіріне тән ескерткіштерді бірлесе зерттеу, өзара ғылыми ақпараттар алмасу мәселелері талқыланды.

2015 жыл:

  1. Оңтүстік Корея Республикасының «Силла мәдениетін зерттеу орталығы» мен «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы арасында алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды, археологиялық зерттеулерді жүзеге асыру, екі жақты қарым-қатынас туралы келісім-шартқа қол қойылды.
  2. Дания. Копенгаген университетінің «Дания нақты тарихы музейі». Геогенетика орталығы. Дания. Копенгаген қ. Аталмыш мекеме мамандары «Есік» қорық-мұражайында болып қайтқан сапарларында алдағы уақыттарда әріптестік қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері қарастырылды.
  3. Қырғызстан Республикасы, Чолпон-Ата қ., «Чолпон-Ата қалалық тарихи музейі». «Есік» қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Ә. Амарғазиеваның 22-24 қыркүйек аралығында «Жастар тарихи жад, отансүйгіштік пен азаматтық үшін» атты IV Жастар форумына барған сапарында Чолпон-Ата қалалық тарихи музейімен алдағы уақытта сақ-үйсін тарихына қатысты ақпараттар алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.

 

2016 жылы өткізілген көрмелер саны – 8.

 

  1. 22.01.2016 ж. «Өткеннен өсиет» көрмесі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, «Аяжан» балабақшасы. Көрме «Мектеп жасына дейінгі балаларға шет тілін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері» атты аудандық семинар аясында ашылды. Көрменің басты мақсаты: мектепке дейінгі мекеме ұстаздарына тарихымыздан сыр шертетін құнды бұйымдарымызды таныстыру, интерактивті заттарды пайдалану және жәдігерлерді балаларға түсіндіру барысында қолданылатын заманауи технологияларды қалай пайдалануға болатынын көрсету.
  2. 05.02.2016 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Райымбек батыр атындағы орта мектепте Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің есеп беру жиынының (кездесуі) аясында арнайы көрме өтті. Қорық-мұражай өз тарапынан көрмеге 1991 жылдан бастап Еңбекшіқазақ газетінің беттерінде жарияланған қаланың тұрмыс-тіршілігі, ондағы археологиялық қазбалар мен жергілікті халақтың мәдени-құндылықтарға деген көзқарасы, осы өңірдің туристік бағытын дамытуға арналған мәселелері жайында, сонымен қатар сақ тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау, дәріптеу мақсатында, ел Тәуелсіздігінің символына айналған «Алтын адам» құрметіне ашылған қорық-мұражай хақында жазылған мақалалар стендін, «Мұражайға саяхат» атты электронды интерактивті, бірнеше жол нұсқаулықтар мен 5 жылдық Есеп-Албомын қойды. Көрме қонақтарына қысқаша экскурсия жүргізілді.
  3. 10.03.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі мен сол аттас көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында қорық-музей директоры – Г.Р. Мухтарова алғысөзбен ашып, одан кейін «Алтын адам» табылатын әйгілі экспедиция қатысушысы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімшілігінң мәдениет бөлімінің басшысы – М.Т.Ақаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы, жинақ авторларының бірі – Х.Қ.Ахметжанов, қорық-музейдің аға ғылыми қызметкері – Б.Нұрмұханбетовтер құттықтау сөздерімен жалғастырды. Жинақ авторлары мен тілшілерге, келуші қонақтарға кітаптар сыйға берілді. Жинақ тұсаукесерінен кейін осы аттас көрменің ашылу рәсімі өтті. Осыған дейінгі «Алтын адамның» айналасында айтылып келген сан түрлі аңыздар мен қауесетке сенетін жандар қатары басқа өңір түгілі, осы Еңбекшіқазақ ауданының өзінде әлі де болса көптеп табылады. Аталмыш көрме осы аңыз бен ақиқаттың ара-жігін айыруды көздейді. Көрме жәдігерлері қатарына әйгілі экспедицияның фотоқұжаттары қойылған. Сонымен қатар көрме залында орналасқан сенсорлы экранның көмегімен қонақтар «Есік экспедициясы» қатысушыларының және «Алтын адамның» киімін қалпына келтірушілердің сұхбаттарын тамашалай алады.
  4. 04.-05.05.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 2015 жылдың сәуірінен 2016 сәуір аралығында «Менің үйім – мұражай» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық байқау жарияланды. Байқау өз әулетінен қалған тарихи құны бар бұйымдарды жинауға арналған. Осы байқауға ұсынылған бұйымдардан арнайы «Менің үйім – мұражай» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.
  5. 05.-20.12.2016 ж. «Сармат көсемі» көрмесі. Көрме Аралтөбе қорғанынан табылған сармат көсемі және Аржан 2 қорғанынан шыққан, қайта қалпына келтірілген тамаша әшекейлер арқылы көшпенді әлемнің өнерін паш етеді. Сармат көсемінің өмір сүрген уақыты I-II ғасырлар деп есептеледі. Консервация, қайта қалпына келтіру және қайта құрылымдау жұмыстары қалпына келтіруші Қырым Алтынбековтың жетекшілігімен «Остров Крым» ғылыми-зерттеу зертханасында (Алматы, Қазақстан) жүргізілді. Аталмыш жұмыстар Атырау облысындағы Аралтөбе қорымындағы (б.з.д. ІІ ғ. Экспедиция жетекшісі – З.С. Самашев) үш қорғанның бірінен табылған қазба жұмыстарының материалдары негізінде жасалды. Қорған тас-топырақ қабатынан жасалған, диаметрі – 40 м, биіктігі – 2 м. Қабірден ер және әйел адамдардың, екі жылқының сүйек қалдықтары, киімдерге жапсырылған алтын әшекейлер мен қару-жарақ табылған. Толықтай дерлік жойылып кеткен бұйымдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін көптеген қажыр-қайрат пен сабыр керек болды. «Остров Крым» ғылыми-зерттеу зертханасында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сармат дәуірі ескерткіші кешенді түрде қайта қалпына келтірілді. Ол түпнұсқаға барабар дерктер арқылы нақтыланды. Тонауға ұшыраған материалдар соған ұқсас археологиялық материалдар мен мәліметтер арқылы қалпына келтірілді. Сармат көсемі образы кей жағдайда жинақталған түрде болса да, тұтастай алғанда сол дәуірдегі билеушілердің киім-кешегін нақты көрсете алады. Көрмеде одан басқа да б.з.д. IX-VIII ғғ. деп саналатын (археологиялық зерттеу жетекшісі ­­- К. В. Чугунов) Аржан 2 (Тува) материалдары бойынша скиф дәуірінің әшекейлерді де орын алады. Олардың арасында бөкен бейнеленген шақа, көптеген аңдардың бейнесі оймышталған тамаша түйреуіштер, асқан шеберліктпен орындалған басқа да киім бөлшектері бар.Көрмені бір көріп шығудың өзі ежелгі көшпенділердің жоғары мәдениеті, таңғажайып мифологиясы мен ерекше шеберлігі туралы көптеген мәліметтер береді.
  6. 05.-20.09.2016 ж. «Есік» қорық-мұражайында Еуразия мәдени альянсы (Алматы) заманауи өнер нысаны атынан қазіргі заманғы белгілі қазақ суретшілері – Молдақұл Нарымбетовтың «Балбалдар» және Сәуле Сүлейменованың «Қалыңдық» көрмелері жұрт назарына ұсынылды. «Қалыңдық» көрмесінің негізі полиэтилен дорбалардан тұрды. «Целлофан кескіндеме» ешқандай да бояу немесе көркем материалдар қолданбастан тек түрлі-түсті пластик дорбалар мен целлофандардан жасалынған. Қазақстан даласы ғана емес күллі жер беті осындай пластик қоқыстарға толып кеткен. Өркениет қоқыстарын көркемдік тұрғыдан қайта өңдей отырып автор осы заманның бейнесін береді. Қоқыс желінен суретші тазалық пен пәктіктің бейнесін іздейді. Ал, «Балбалдар» көрмесінің айтар ойы мынадай: Тас мүсіндер – қазақ даласының байырғы тұрғындары. Дала туралы әңгіме болғанда адамның ойына кең далада ескен жел мен тас мүсіндер – балбалдар бірден оралады. Көптеген адамдар балбалдар адамды ауыр ойлардан арылтады, ежелгі тас мүсіндерге айтылған мәселелер өздігінен шешіледі деп сенеді. Бұл біздің «басқа Меніміз» alterego яғни, әлеуметтік және жеке тәніміз. Ол мәдени кодтар, идеология, жалпыға ортақ стеротиптерден арылған шығармашылық «Меніміз».
  7. 26-27.10. 2016 ж. «Есік» қорық-музейінің қызметкері Б. Ибраев Қызылорда облысы Қазалы ауданының арнайы шақыртуымен аталмыш ауданда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Жалаңтөс баһадүр кесенесі мен Бегім ана, асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштердің және Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысып қайтты. Осынау салтанатты шара аясында «Есік» қорық-музейі этноауыл көрмесін ұйымдастыруға кеңес беріп, сонымен қатар қорық-музей атынан «Қансонардың ежелгі падишасы» атты құсбегілік көрмесін келушілер назарына ұсынды. Көрмені ұйымдастырушы Балтабай Ибраев сонымен қатар Алматы облысының құсбегілерін бастап барып арнайы бүркітшілер байқауын да өткізіп қайтты. Көрмеде 3000 жылдық тарихы бар құсбегілік өнерге қатысты бұйымдар қойылып, қазақ жеріндегі құсбегілік тарихы туралы мәліметтер берілді.
  8. 8. 12. 2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Жетісу жартас суреттеріне арналған «Тастар сыр шертеді» атты көрме болып өтті. Аталмыш көрмеге қорық-музей  қызметкерлері ұзақ  дайындалды десек те болады. 2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданын аумағы бойынша бірнеше барлау экспедициясы жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде Есік қаласының оңтүстік жағында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан Қыземшек асуынан осы аттас петроглифтер шоғыры табылды.   Осынау игі істің жалғасы ретінде қорық-музейдің ғылыми қызметкерлері 2016 жылы Астана қаласында орналасқан Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесе отырып «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны» атты жоба аясында Жетісу археологиялық мұраларына жататын жартас суреттерін барлау экспедициясын жүргізіп қайтты. Барлау экспедициясы Алматы және Жамбыл облыстары аумағында, Есік-Асысаға-Қурайлы-Шошанай-Науаскескен-Қаракүңгей-Таңбалы-Құлжабасы-Есік бағыты бойынша өтті. Осынау экспедиция кезінде топ мүшелері 2200 шақырым жолды басып өтіп, 7 пункттағы ескерткіштерді зерттеп, 500-н астам сурет түсірді. Барлық нысандарға сипаттама жасалып GPS бағдары жасалған болатын. Сол барлау жұмыстарының нәтижесінде бүгін қорық-музейде осындай көрме ашылды. Көрме қорық-музей директоры – Г.Р. Мухтарованың алғы сөзімен ашылып, «Таңбалы» қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары – Б.А. Железняковтың ақжарма тілегімен жалғасты. Одан кейін Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет бөлімнің бас маманы – Н.Б. Елекенова аудан көлеміндегі ірі тарихи-мәдени ошақтағы әр жаңалыққа қуанышты екенін жеткізе келе, алдағы уақыттарда музей ісіне табыс тілеп, қолдарынан келген көмектерін аямайтынын айтты. Содан соң «Таңбалы» қорық-музейі директорының орынбасары – Алмас Сарбасов пен белгілі ғалым, т.ғ.д. – А.Н. Марьяшевтар көрмені ашты. Келген қонақтар А.Н. Марьяшевтың қазақ петроглифтері туралы тың деректерге толы дәрісін тыңдады. Ғалымның айтуынша қазақ даласы көне жартас суреттері жөнінен Еуразия аймағында басты орындардың бірін иеленеді екен. Сол мұраларымызды зерттеу арқылы біз қазақ даласында ежелде өмір сүрген халықтардың  шаруашылық-мәдени типтерінің ерекшеліктерін, қоршаған ортамен және көрші елдермен қарым-қатынастарын, рухани жан-дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын және т.б. ерекшеліктерін түсіне аламыз.

    Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Есік» қорық-музейінде ашылған бұл көрменің басты мақсаттарының бірі әлі де болса ашылмай жатқан  Жетісу петроглифтерін таныту, насихаттау, оларды ғылыми-білім беру ісінде пайдалану, сол дерекөздер арқылы қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен, әдет- ғұрыптарымен таныстыру, ел азаматтарын тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің сақталуына үлес қосуға шақыру және олардың тарихи мұрамызға деген қызығушылығын ояту болып табылады.

          Көрме ғылыми зерттеушілер, тарихшылар мен археологтарға және көпшілік қауымға арналады және ол алдағы уақыттарда да келуші қонақтар үшін қызмет көрсететін болады.

2017 жыл:

Дәстүрлі кездесу

Үстіміздегі жылдың 30-шы қаңтарында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы В.В.Терешкова атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған қала әкімі Бименов Бауыржан Мыныханұлының жергілікті тұрғындары мен Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне кезекті есеп беру кездесуі өтті. Әкімнің есеп беруі тек қана атқарылған жұмыстар мен істелінген шаруаларды жөнінде баяндап қою ғана емес, сонымен қатар елдімекеннің саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени өмірінде орын алған жетістікерді паш ету, кемшіліктерді саралау болып табылады. Осы тұрғыда Есік қаласының аумағында орналасқан түрлі ұйымдар 2016 жылы шеңберінде атқарылған жұмыстары туралы баяндайтын түрлі көрмелер ұйымдастырды. Олардың қатарында аумақтық тұрғыда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі де болды.

  1. «Есік» қорық-музейі бұл жиынға 2 бірдей көрмемен қатысты. Бірінші «Алматы облысының жартас суреттері» атты көрмеде қорық-музей қызметкерлерінің 2016 жылы жүргізген археологиялық-барлау экспедициясының нәтижесінде Алматы облысының аумағында жаңадан анықталған жартас суреттері туралы мәлімет беріліп, таныстырылды. Тарихи-мәдени ескерткіштерге аса бай болып келетін Жетісу өңірінде әлі де болса ашылмай жатқан, ашылса да түбегейлі зерттелмей келген тарихи-мәдени құндылықтарымыз жетерлік. Бұл көрмеде солардың бір парасы ғана ұсынылды. Олардың арасында тіпті Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының  өзіне де белгісіз болып келген, аталмыш аудан аумағында орналасқан ескерткіштер туралы да баяндалды. Сондықтан да бұл көрмеге деген тұрғындардың қызығушылығында шек болмады. Келушілерге көрмені «Есік» қорық-музейінің ғылыми қызметкері – Ә.Ж. Амарғазиева таныстырды.
  2. Екінші «Есік» қорық-музейінің бас суретшісі Д.М.Бектеміровтың «Қолөнер үлгілері: сақтан қассаққа дейін» авторлық көрмесінде қойылған қолөнер туындылары көрермендерді тек өзінің көркемдік-образдық шешімімен ғана емес, сонымен қатар сонау көне дәуірден күні бүгінге дейін желісі үзілмей жеткен хас өнердің тарихи тамыры, сабақтастығымен де аса тәнті етті. ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші, қолөнерші Д.М. Бектеміров келушілерге қазақ қолөнерінің тарихын, сақ пен қазақ ұлтының арасындағы тарихи тамырластықты, әрбір өнер туындысының мәні мен мағынасын ашып көрсету арқылы қарапайым халық санасына сілкініс жасағандай болды.
© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz