Қор

«Есік» қорық-мұражайының қоры

Алғашқы жәдігерлер - Астана қ. «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы»-нан «Алтын адам»-мен бірге табылған 19 түпнұсқа жәдігер алынды.

Алғашқы жәдігерлер — Астана қ. «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы»-нан «Алтын адам»-мен бірге табылған 19 түпнұсқа жәдігер алынды.

2010 жыл:

  • Мұражай қорында жәдігерлер саны – 2095 с.б. бар. Оның ішінде негізгі қорда (НТК) – 150 с.б., ғылыми-көмекші қорда (ҒКҚ) -1945 с.б. Сыйға берілген жәдігерлер саны – 2095 с.б. Жалпы қор сақтамасында – 1960 с.б., экспозиция залында – 135 с.б. Қор сатып алу комиссиясы арқылы – 2095 бұйым өтіп, 3 кеңес отырысы өткізілді. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен белсенді түрде толықтырылуда. Мемлекеттік «Алтын және бағалы металдар» музейінен алынған Алтын адаммен бірге қойылған археологиялық материалдар, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының ортағасырлық қор қоймасынан сыйға берілгендер. Есік, Берел, Шілікті, Алтай, Батыс Қазақстан обаларынан алынған материалдар бойынша  ЖШС «Остров Крым»  лабораториясының орындағандары. ЖШС «Археологиялық сараптамасының»  2010 ж. «Қаратұма» қорымының қазба жұмыстарынан алынған жәдігерлер. Археолог Б.Нұрмұханбетовтың 1958 – 2010 жж. Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған – 300-ге жуық аса бағалы археологиялық материалдар жиынтығы. Сонымен қатар, қорық-мұражайының қалпына келтірушісі – Д.Бектеміровтің жасаған сармат мәдениетінің белгісі – электро ыдыс (Ресей, Күл-Оба қорғаны) пен сақ жауынгерінің бет пішіні (Лебединскаяның реставрациясы бойынша) экспозиция қатарын толықтыра түсті.

2011 жыл:

  • Мұражай қоры -2332 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: негізгі қор (НТК) – 339 жәдігер; ғылыми-көмекші қор (ҒКҚ) – 1993 сақтау бірлігі. Экспозиция залында – 227 с.б. Сыйға берілген жәдігерлер саны – 2327 с.б., экспедициядан табылған жәдігерлер саны – 5 с.б. Қор сатып алу комиссиясы арқылы – 237 бұйым өтіп, 5 кеңес отырысы өткізілді. Қорық-мұражайының қалпына келтірушісі – Д.Бектеміровтің жасаған Тас мүсін көшірмесі (Батыс Қазақстандағы Бәйте және Қонай ғибадатханасынан табылған жәдігерліктер негізінде) қорық-мұражайдың жәдігерліктрі қатарына қойылды.

 2012 жыл:

  • Мұражай қорындағы жәдігерлердің жалпы саны – 2433 с.б. Оның ішінде негізгі қорда – 412 с.б., ғылыми-көмекші қорда -2021 с.б. Экспозицияда – 229 с.б. Сыйға берілген жәдігерлер саны – 2429 с.б., экспедициядан табылған жәдігерлер саны – 4 с.б. Қор сатып алу комиссиясы арқылы – 101 бұйым өтіп, 2 кеңес отырысы өткізілді. Есепке алу, ғылыми атрибуциялау, инвентарлық картотекалар дайындалды. «Есік» қорық-мұражай қызметкерлерінің жинау жұмысының нәтижесінде, мұражай қоры төмендегідей мұражайлық заттармен толықтырылды: «Есік» археологиялық кешенді экспедициясы барысында, Алмалы ауылының 2- зиратынан және Қарасай ауылынан табылған материалдар; Алматы облысы Есік археологиялық-өлкетану музейінен тұрақты пайдалануға қабылдаданған ерте темір дәуіріне жататын жәдігерлер.

2013 жыл:

  • Мұражайдың жалпы жәдігерлер саны – 2576 дана, оның ішінде, негізгі қорда -532, ғылыми-көмекші қорда -2044 дана. Экспозицияда – 242 с.б. Сыйға берілген жәдігерлер саны – 101 с.б. Сатып алынған жәдігерлер саны – 42 с.б. Қор сатып алу комиссиясының шешімімен 143 бұйым мұражайға түсіп, 14 кеңес отырысы өткізілді. Мұражай заттары тіркеуден өтті (негізгі және ғылыми-көмекші қор түсімдері кітаптарында). Алматы облысы, Талғар қаласы, VIII-IX ғғ. түркі кезеңіне жататын тас мүсін;  Райымбек ауданы, Көмірші ауылының маңынан табылған, ғұндар кезеңінің II – III ғғ. қыш тостағы;  Алматы облысынан V-IV ғғ. қола арқар мүсіні (1 с.б.); ИП «Аятбек» жеке кәсіпкері Г.Д. Аятбектен тапсырылған: Жамбыл, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан табылған б.д.д.VI-IV, IV-III ғғ. сақ-сармат дәуіріне жататын қола найза, қола орақ, қола, сүйек жебелер; VII – XII ғғ. ерте орта ғасырлық қола тарақ, қола жүзіктер, мысқа қондырылған күміс жүзік, қола шаш түйреуіштер; Алматы облысы, Талғар қаласы, XI-XII ғғ. қараханидтердің күміс тиындары т.б. материалдар мұражай қорын толықтырды.

2014 жыл:

  • Мұражай қорында жәдігерлер саны – 2626 с.б. жетті. Оның ішінде негізгі қорда – 572 с.б.; ғылыми-көмекші қорда (ҒКҚ) – 2054 с.б. Экспозицияда – 449 с.б. Осы жылы сыйға берілген жәдігерлер саны саны – 28 с.б., экспедициядан табылған жәдігерлер саны – 22 с.б. Қор сатып алу комиссиясы арқылы – 50 бұйым өтіп, 3 кеңес отырысы өткізілді. Қордағы жәдігерлердің орналасуы жүйеге келтіріліп, есепке алу құжаттары толтырылды. Бірегей және тарихи маңызды болып, келесі жаңа түскен бұйымдар есептелінеді: ЖШС «Қазархеология» ғылыми мекемесі, «Есік» қорық-мұражайының қорына берілген, Алматы облысы, Боралдай, Қаскелен ауылдарының маңынан табылған б.з.д. III — II ғғ.жататын үйсіндердің қыш ыдыстары; Алматы облысы,  Ұйғыр ауданы,  Сарытоғай ауыл жұртынан, 2013 ж., «Есік» қорық-музейінің археологиялық кешенді экспедициясының барлау жұмысы  барысында табылған б.з.д.V-IV ғғ. сақ кезеңінің қайрақ тастары, дән үккіші;  Алматы облысы,  Ұйғыр ауданы,  Шошанай қорымынан, 2013 ж., қазба жұмыстарынан шыққан, б.з.д. III — II ғғ. үйсіндерден қалған қыш ыдыстар (5 с.б.); 2014 ж., экспедициялық қазба жұмыстарының нәтижесінде,  Алматы облысы, Райымбек ауданы, Үлкен Қақпақты шатқалынан табылған  тас мүсін.

2015 жыл:

  • Мұражай қоры -2703 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: негізгі қор (НТК) – 639 жәдігер; ғылыми-көмекші қор (ҒКҚ) – 2064 сақтау бірлігі. Сыйға берілген жәдігерлер саны – 15 с.б. Экспедициялық қазба жұмысы барысында табылған жәдігер – 62 с.б. Экспозицияда – 499 с.б. Қор сатып алу комиссиясы арқылы – 77 бұйым өтіп, 4 кеңес отырысы өткізілді. Жәдігерлер актіленіп, суретке алынып, электрондық нұсқада сақталды.Музей заттарының қозғалысы мен топографиялық есепке алу жұмыстары жүргізілді. Қайта қалпына келтіру кеңесінде музей заттарына реставрациялық жұмыстардың қажеттілігі анықталып, қайта жаңғыртылды. Музей қорларындағы танымдық тағылымы айрықша құндылықтарды ғылыми айналымға түсіру үшін музей жәдігерлерінің негізінде каталогтар дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен толықты, мәселен, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ассысаға ауылы, Бақай тауынан табылған б.з.д. XI-X ғғ. қола дәуіріне тән қола пышақ; Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, XII – XIII ғғ. жататын хум, тұғыр; 2015 ж., «Есік» кешенді археологиялық экспедициясы нәтижесінде, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек қорымынан табылған б.з.д. V-IV ғғ. сақ дәуірінің алтын бұйымдары, қола түйме, қыш құмыралар, табақшалар, найза ұшы, қола, темір жебелер, Өрікті қала жұртынан XI- XII ғасырлардың қола белдік үзбелері.

2016 жыл:

  • Мұражай қоры -2750 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: негізгі қор (НТК) – 660 жәдігер; ғылыми-көмекші қор (ҒКҚ) – 2080 сақтау бірлігі. Сыйға берілген жәдігерлер саны – 15 с.б. Экспедициялық қазба жұмысы барысында табылған жәдігер – 32 с.б. Экспозицияда – 499 с.б. Қор сатып алу комиссиясы арқылы – 47 бұйым өтіп, 2 кеңес отырысы өткізілді. Жәдігерлер актіленіп, суретке алынып, электрондық нұсқада сақталды.Музей заттарының қозғалысы мен топографиялық есепке алу жұмыстары жүргізілді. Қайта қалпына келтіру кеңесінде музей заттарына реставрациялық жұмыстардың қажеттілігі анықталып, қайта жаңғыртылды. Музей қорларындағы танымдық тағылымы айрықша құндылықтарды ғылыми айналымға түсіру үшін музей жәдігерлерінің негізінде каталогтар дайындау жұмыстары жүргізілуде.

 

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz