Семинарлар мен конференциялар

«Есік» қорық-мұражайында өткен семинарлар

  • Мұражайлардың заманауи үлгілерін қорық-мұражай жұмысында қолдану мүмкіндіктері» — семинар-тренниг. 4-8 қыркүйек 2010 ж.
Семинарлар мен конференциялар Семинарлар мен конференциялар
  • НIVOS дамып келе жатқан мемлекеттермен байланыс Нидерландық Гуманитарлық Институтының қолдауымен Дешт–и-Арт қазіргі мәдениет орталығы (Қазақстан), Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Музей экспозициясы: музей кеңістігін дамытудың шығармашылық ресурстары», — халықаралық семинар. 26-29 қараша 2010 ж.

Семинарлар мен конференциялар

«Есік» қорық-мұражайының ресми ашылу салтанаты

Семинарлар мен конференциялар2011 жылғы 10 маусым күні Алматы облысы Еңбекші-қазақ ауданында Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдар-ламасы аясында құрылған «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайының ресми ашылу салтанаты Қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысына орайластырылды.

2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысының 2011 жылғы 10 маусымдағы №32-6.7 Хаттамасы қабылданды. Бұл хаттамада Мәдениет министрлігіне, Алматы облысының әкімдігіне, Байланыс және ақпарат министрлігі мен Туризм және спорт министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Білім және ғылым министрлігіне тиісті тапсырмалар берілді.

Семинарлар мен конференциялар Семинарлар мен конференциялар

Семинарлар мен конференциялар

Мерекелік іс-шаралар

2011 жыл:

  • 2011 жылдың 18 сәуірінде. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған және Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай ұйымдастырылған, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында туристік фирмалардың басшылары мен қызметкерлердің қатысуымен кездесу өтті.
  •  2011 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған және 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген кезекті «Балалық шақ ғаламшары» атты мерекелік іс-шара өтті.
Семинарлар мен конференциялар Семинарлар мен конференциялар

2012 жыл:

18.04.2012 ж. Халықаралық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күніне орай қорық-мұражайда гидтар мен экскурсоводтар, туристік фирмалардың басшылары және қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өткен жылдың қортындысы бойынша қорық-мұражаймен тығыз байланыста жұмыс істеген БАҚ-ы мен туристік компания өкілдері арнайы дипломмен марапатталды.

  • «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының маңайындағы сақ қорғандары орналасқан жердің қорғау аумағының шекарасы белгіленіп, алғашқы қадасы қағылды.
  • 01.06.2012 ж. Халықаралық балалар күніне орай «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Балалық шақ ғаламшары», — атты мектеп оқушылары мен бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
  • 04.06.2012 ж. «ҚР Рәміздеріне 20 жыл», — атты танымдық іс-шара.

Семинарлар мен конференциялар

2013 жыл:

  • 13.02.2013 ж. «Есік» қорық-мұражайына Алматы облысы аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстармен айналысуға рұқсат беретін № 13001797 мемлекеттік лицензия берілді.
  • «№3 оқушылар үйі» Мемлекеттік комуналды қазыналық кәсіпорнымен келісім-шарт жасалды.
  • Алматы облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризмі мен экскурсиясы орталығымен туристік-біліми қызмет көрсетуге келісім-шарт жасалды.
  • 16.05.2013 ж. 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Есік» қорық-мұражайы ұйымдастарған аудандық мектеп директорларының 1басқосуы болып өтті. Аталмыш басқосуда тарихи-мәдени ескерткіштер дәрежесіне ие – «Есік» қорымдарын сақтау тарихының мәселелерімен таныстыру, сол жолдағы педагогтардың рөлін айқындау, өскелең ұрпақтың көңілінде тарихи ата мұраларға деген сүйіспеншілік сезімін орнықтыру және сол мұраларымызды сақтауға ат салысуға шақыру сынды тақырыптар қозғалып, талқыға салынды. 2012 жылдың қортындысы бойынша қорық-мұражаймен тығыз байланыста жұмыс істеген мектеп ұжымдарына арнайы марапаттар тапсырылды.
  • 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Есік» қорық-мұражайында 2013 жылдың 16.05 – 18.05 күндері аралығында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.
  • «Есік» қорық-мұражайы ғимаратының алдына төлқұжаты жасалып, орнатылды. Осының нәтижесінде туристік ұйымдар арқылы келетін келушілерден тыс, өз бетімен келушілер қатары көбейе түсті.
  • 24.12.2012 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы – Б.Е. Алтаевтың төрағалығымен «Есік» қорық-мұражайының директоры Г.Р. Мухтарова және «Қазқайтажаңарту» МРК қызметкерлерінің қатысуымен Есік қорғандарын музейлендіру мен және консервациялау жұмыстарының нәтижесі талқыланып, жобаға өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданған комиссия отырысында көтерілген кемшіліктер қорық-мұражай қызметкерлерінің қадағалуымен түзетіліп, қорғанды музейлендіру және консервациялау жұмыстары аяқталды.
  • 2013 жылдың 09 тамызында Алматы облыстық мәслихатының №21-133 (Алматы облысы әділет департаментінде 2013 жылдың 06 қыркүйегінде №2446 нөмірмен тіркелген)  «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» шешімі шықты (аталмыш шешім Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 17 қыркүйек 2013 жылғы №106 (17806) санында жарияланды).
  • «Есік» қорық-мұражайының ауласына ежелгі сақ арбасының кескіні жасалып, орнатылды. Аталмыш арба бір жағынан сақ арбасының2 көшірмесі болса, екінші жағынан келушілер үшін демалып отыратын басқалқа (беседка) қызметін атқарады. Сақ арбасы жобасының идея авторы қорық-мұражай директоры – Г.Р.Мухтарова, дизайнын жасағандар «Есік» қорық-мұражайы директоры орынбасары м.а. – Б.Ибраев пен суретшісі — Д.Бектеміров.
  • Қорық-мұражайдың суретшісі Д.М. Бектеміров жасаған «Алтын адамның» мүсіні фойеге қойылды. Сонымен қатар осы автордың орындауында сақтар тақырыбына қатысты бірнеше кәдесыйлар да жасалды.
  •  13.02.2013 ж. «Есік» қорық-мұражайына Алматы облысы аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстармен айналысуға рұқсат беретін № 13001797 мемлекеттік лицензия берілді.
  • «№3 оқушылар үйі» Мемлекеттік комуналды қазыналық кәсіпорнымен келісім-шарт жасалды.
  • Алматы облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризмі мен экскурсиясы орталығымен туристік-біліми қызмет көрсетуге келісім-шарт жасалды.
  • 16.05.2013 ж. 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Есік» қорық-мұражайы ұйымдастарған аудандық мектеп директорларының басқосуы болып өтті. Аталмыш басқосуда тарихи-мәдени ескерткіштер дәрежесіне ие – «Есік» қорымдарын сақтау тарихының мәселелерімен таныстыру, сол жолдағы педагогтардың рөлін айқындау, өскелең ұрпақтың көңілінде тарихи ата мұраларға деген сүйіспеншілік сезімін орнықтыру және сол мұраларымызды сақтауға ат салысуға шақыру сынды тақырыптар қозғалып, талқыға салынды. 2012 жылдың қортындысы бойынша қорық-мұражаймен тығыз байланыста жұмыс істеген мектеп ұжымдарына арнайы марапаттар тапсырылды.
  • 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Есік» қорық-мұражайында 2013 жылдың 16.05 – 18.05 күндері аралығында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.
  • «Есік» қорық-мұражайы ғимаратының алдына төлқұжаты жасалып, орнатылды. Осының нәтижесінде туристік ұйымдар арқылы келетін келушілерден тыс, өз бетімен келушілер қатары көбейе түсті.
  • 24.12.2012 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы – Б.Е. Алтаевтың төрағалығымен «Есік» қорық-мұражайының директоры Г.Р. Мухтарова және «Қазқайтажаңарту» МРК қызметкерлерінің қатысуымен Есік қорғандарын музейлендіру мен және консервациялау жұмыстарының нәтижесі талқыланып, жобаға өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданған комиссия отырысында көтерілген кемшіліктер қорық-мұражай қызметкерлерінің қадағалуымен түзетіліп, қорғанды музейлендіру және консервациялау жұмыстары аяқталды.
  • 2013 жылдың 09 тамызында Алматы облыстық мәслихатының №21-133 (Алматы облысы әділет департаментінде 2013 жылдың 06 қыркүйегінде №2446 нөмірмен тіркелген)  «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» шешімі шықты (аталмыш шешім Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 17 қыркүйек 2013 жылғы №106 (17806) санында жарияланды).
  • «Есік» қорық-мұражайының ауласына ежелгі сақ арбасының кескіні жасалып, орнатылды. Аталмыш арба бір жағынан сақ арбасының көшірмесі болса, екінші жағынан келушілер үшін демалып отыратын басқалқа (беседка) қызметін атқарады. Сақ арбасы жобасының идея авторы қорық-мұражай директоры – Г.Р.Мухтарова, дизайнын жасағандар «Есік» қорық-мұражайы директоры орынбасары м.а. – Б.Ибраев пен суретшісі — Д.Бектеміров.
  • Қорық-мұражайдың суретшісі Д.М. Бектеміров жасаған «Алтын адамның» мүсіні фойеге қойылды. Сонымен қатар осы автордың орындауында сақтар тақырыбына қатысты бірнеше кәдесыйлар да жасалды.

3456

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл:

14.02. 2014 ж. Құсбегілік тарихына арналған «Қансонардың ежелгі падишасы» атты тарихи-этнографиялық көрменің ашылу салтанатына «Сонар 7– 2 014» республикалық құсбегілер фестиваліне қатысушылар мен қазақ құсбегілік тарихын зерттеуші, жазушы Д.Әлбозым, БАҚ-ы өкілдері арнайы келді. Көрменің мақсаты – ежелден келе жатқан дәстүрлі құсбегілік өнердің тарихымен бүгінгі ұрпақты таныстыру.
• 01.04.2013. «Есік» қаласындағы нашар көретін балаларға арналған республикалық мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған тегін экскурсия өткізілді.
• 17.04.2013 ж. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы өздерінің тұрақты серіктестері,8 достары мен әріптестері – гидтар мен экскурсоводтарға, Алматы қаласындағы туристік фирмалардың басшылары мен қызметкерлеріне, БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырылатын дәстүрлі кездесу өткізді. Бұл кездесу 18 сәуір – мәдениет ескерткіштері мен тарихи орындарды қорғау күні және «Наурыз» мерекесіне орай ұйымдастырылды. Кездесуде қорық-мұражай аумағына ағаш көшеттері отырғызылып, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі, белгілі суретші-қалпына келтіруші Қырым Қасенханұлы Алтынбеков «Еуразия даласының сақ дәуіріндегі қолбасшы көсемінің бейнесін қайта қалпына келтіру» атты дәріс оқыды. Сонымен қатар, қорық-мұражайда «Қазақстан археологиясы», — атты 3-ші экспозициялық залдың тұсау кесері болды. Жаңадан ашылған, құсбегілік өнердің 3 мың жылдық тарихынан хабардар ететін «Қансонардың ежелгі падишасы» атты тарихи-этнографиялық көрме де қонақтар назарына ұсынылды. Қорық-мұражай директоры — Гүлмира Райылқызы Мухтарова, қорық-мұражай мен гидтар әріптестігінің қортындысын шығарып, анағұрлым белсенді туристік топтар мен журналистерді «Белсенді әріптестігі үшін» дипломымен марапаттады. Аталмыш шара барысында қонақтар «Есік қорымдары» аумағында орналасқан музейлендірілген қорғанмен танысты.
• 18.05.2014 ж. 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Есік» қорық-мұражайында «Ашық есік» күні өтті.
• 19.05.2014 ж. 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай Есік қаласындағы есту қабілеті төмен интернат оқушылары мен тұрмысы төмен отбасылар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
• 01.06.2014 ж. 1 маусым Халықаралық балалар күні мен 4 маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай «Еркін елдің ертеңі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
• 04.06.2014 ж. «Есік» қорық-мұражайында «Аяла» жеке меншік қайырымдылық қоры мен Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы, «Есік» қорық-мұражайы Алматы қалалық №2 балалар үйінің 40 тәрбиеленушілеріне арнап «Батпырауықтар фестивалін» өткізді.
• 6 шілде Астана күніне орай қорық-мұражайда арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Қазақ-орыс тілдерінде «Есік» қорық-мұражайы туралы мәлімет беретін буклеттер жасалды.
• Қорық-мұражайдың бас суретшісі — Д.М. Бектеміров жасаған «Салт атты Алтын адамның» қола мүсіні 2-ші экспозициялық залға қойылды және сақтар тақырыбына қатысты бірнеше кәдесыйлар үлгісі жасалды.
• 2014 жылдың 20 қазанында «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 12 қанатты, 56 шаршы метр стационарлы киіз үйдің ашылу рәсімі болып өтті. Бүл киіз үй идеясының авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, «Есік» қорық-мұражайының ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі – Балтабай Ибраев, ал, дизайнері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Есік» қорық-мұражайының бас суретшісі – Дәулетбек Бектеміров, жасаған шеберлер – Таңатар Өтениязов пен Нұрлат Өтеуілов. Киіз үйдің барлық шығындары «Kazakhstan Commerse» АҚ-ң президенті, директорлар кеңесінің төрағасы – Жауғашты Жоланұлы Нәбиевтің демеушілігімен өтелді. Қазақ киіз үйінің барлық дәстүрлерін сақтай отырып жасалған аталмыш үй таңғажайып бір жәдігер ретінде отандық және шетелдік туристердің назарын ерекше аударып отыр. Сонымен қатар қорық-мұражай ғимараты көлемінің шағындығын ескере келіп бұл киіз үй болашақта ғылыми жиындар мен түрлі семинарлар өткізілетін орынға айналады деп күтілуде.

9
• 2014 жылдың 4-ші қазан күні Алматы қаласындағы «Халықаралық бизнес академиясына» Сингапур мемлекетінен келген қонақтарға арнап «Есік» қорық-мұражайында арнайы фестиваль өткізілді. «Есік» қорық-мұражайы мен «ХБА»-сы бірігіп өткізген аталмыш фестивалда шетелдік қонақтар көшпенділер, соның ішінде қазақ халқының ежелгі тарихы мен мәдениеті, өмір сүру ғұрпы мен тағы да басқа салттарымен танысты. Ең әуелі қорық-мұражай жәдігерлерімен танысып, ежелгі мәдениет сырына қаныққан қонақтар, одан кейін сыртта арнайы тігілген киіз үйлерді, қазақтың қолөнерін, тазы жүгірту, бүркіт салу, көкпар сынды ұлттық ойындарын тамашалады. Бұл шараға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Дәркембай ұста музейі» директоры – Д.Дәркембайұлы өзінің шәкірттерімен және «Жеті қазына» саятшылар қоғамының бүркітшілері келіп қатысты.

1011

•20.10 – 05.11. 2014 ж. Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 180 толуына орай Алматы облысының туризм басқармасы ұйымдастырған «Шоқан Уәлихановтың ізімен» атты Халықаралық экспедиция жұмыстарына «Есік» қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Ж.Құрбанәлі қатысты. Экспедиция Бішкек – Торугарт – Артуш – Қашқар бағыты бойын¬ша өтті. Экспедиция қорытындысында альбом-кітап, ғылыми мақалалар, сондай-ақ деректі фильм түсіріледі деп жоспарланып отыр.

12

2015 жыл:

2015 жылдың 22 мамырында  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы музей қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке куратор ретінде «Казмузейм» сайтының бас редакторы Нұрсерік Жолбарыс шақырылды. Семинар-тренинг тақырыбы: «Қазақстан музейлерінің қызметін интернет кеңістігіне бейімдеу». Тренингке М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық музейінен, Ақын Сараның мемориалды музейінен, Есік археологиялық-өлкетану музейінен, «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайынан, М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің және Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қатысты. Семинар соңында қатысушылар арнайы сертификат тапсырылды.  Осы семинардың жалғасы ретінде  Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі, белгілі археолог, т.ғ.к.  Арман Бейсенов арнайы дәріс өткізді. Дәріс  2012 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында табылған  бірегей археологиялық ескерткіш ерте темір ғасырына жататын Талды-2 обасына арналды.

Орталық Қазақстанның әлеуметтік дәрежесі жоғары сақ тайпалары жерленген қорғаннан 200-ден астам ірі алтын бұйымдар, 1800-ге жуық алтын тоғалар, 21 000-нан астам жапсырма және сақина тәріздес ұсақ алтын моншақтар (бисер), сонымен қатар 14 қола жебе ұштары, 150 тастан жасалған салпыншақ моншақтар табылғаны баяндалды.

6 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл:

Конференциялар мен семинарлар

  1. 01.06.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында ҚХР-ң ғалымдарымен бірлескен «Тарихи мұраларды сақтау мен қорғау бойынша қарым-қатынас» атты алқалы жиын (дөңгелек үстел) өтті.
  2. 19.08.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Center Smart Tourism» мекемесімен бірлесіп Алматы облысының музейлеріне арнап «Музейлерді дамытудың маңызды бағыттары» атты тақырыпта семинар өткізді.

Халықаралық конференциялар

  1. 2016 жыл: Қорық мұражай қызметкерлері  19 халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасады.
  2. 2016 жыл. Қорық мұражай қызметкерлерінің республикалық конференциялар мен түрлі басылым беттерінде 23 еңбегі жарық көрді.

2016 жылы қорық-мұражайда өткізілген іс-шаралар тізімі   

  1. 10.03.2016 ж. «Алтын адамның» құпиясы атты кітаптың тұсаукесері өтті. Қонақ ретінде аталмыш жинақтың жарық көруіне атсалысқан белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері келді. БАҚ-ы өкілдеріне тіркеу кезінде баспасөз баянына қоса жинақ та сый ретінде берілді. Қорық-музейдің директоры Г.Р.Мухтарова жинақ авторларына өздеріне тиісті кітаптарын салтанатты жағдайда табыстады. Қонақтар сөз кезегінде өздерінің тілегін айтып, қорық-музейге көрмелер өткізіп, білім беру жұмыстарын ұйымдастыратын жаңа ғимарат керек екенін, сонымен қатар, «Алтын адамға» тиісті жәдігерлерді халық аузында «Алтын адамның музейі» аталып кеткен осынау музейге жинақтау керек екенін ескертіп жатты. Еңбекшіқазақ аудандық әкімшілігінің мәдениет бөлімі бастығы М.Т.Ақаев қорық-музейдің аудан мәдениетін дамытудағы маңызды рөлін атап айтты. Аталмыш жинақта ғылыми мақалалар, сұхбаттар, деректі материалдар қамтылғандықтан қалың оқырманға қызықты болады деп ойлаймыз. Ондағы материалдар жекелеген жағдайда бірегей археологиялық олжаның табылу тарихына, тұтастай алғанда сақ тайпаларының рухани мәдениетіне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жинақта «Ғылым ордасы» (бұрынғы ҚазКСР Ғылым академиясы) ведомоствалық мұрағаты қорының, Есік қорғанын зерттеуші экспедицияға қатысушылардың жеке мұрағат материалдары алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл материалдардың арасында ресейлік мамандардың «Алтын адамның» қаңқа сүйегіне жүргізілген сараптама жұмыстары туралы дерек ерекше орын алады. Ал сұхбат деректері «Алтын адамға» қатысты археологиялық жұмыстар барысы, оны қалпына келтіру жұмыстары мен қазіргі кезде қолданылуы жайлы кең көлемде мәліметтер береді.
  1. 16.04.2016 ж. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың Халықаралық күніне орай журналистер, туристік фирмалардың өкілдері, гид-экскурсоводтар және Алматы қаласындағы «Бритиш кансл», Гете институты мен Француз альянсы сынды шетелдік мәдени орталықтар қызметкерлерімен дәстүрлі кездесу өтті. Қорық-мұражай директоры Г.Р. Мухтарова жыл сайынғы дәстүр бойынша қорық-мұражайдың белсенді достарын арнайы дипломдармен марапаттап, музейдің бір жылғы жұмысының нәтижесінде пайда болған жаңа экспозицияларын көрсетті. Сонымен қатар, қонақтар «Алтын адамның құпиясы» атты қорық-мұражайда жаңа ашылған интерактивті көрмені тамашалап қана қоймай, «Есік» қорық-мұражайының археологтары қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан ерте темір дәуірінің ғұрыптық жерлеу кешенімен (2016 жыл, сәуір айы қазба жұмыстары) танысты. Қорық-мұражай жаңалықтарымен танысқан қонақтар Наурыз мерекесі және халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне арнап мерекелік дастарханнан дәм татып, «Арқайым» нео-этно фольклорлық тобының орындауындағы концерттік бағдарламаны тамашалады.
  1. 18.04.2016 ж. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен және «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қолдауымен «Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне» орай «Мәңгілік елдің тарихи-мәдени мұрасы» атты сенбілік акциясы өтті. Акция ашылуы салтанатын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы – Ақмарал Абдуллақызы Қанапина кіріспе сөзбен ашып, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Гүлмира Райылқызы Мухтарова, аға ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетов, Есік медициналық колледжінің директоры – Айманкүл Кемпірбайқызы Усуновалар сөз сөйлеп, аталмыш мерекенің мәнін, көтерер жүгін көпшілікке таныстырды. «Есік» қорық-мұражайының ғылыми зерттеу бөлімінің жетекшісі Досым Қуатұлы Зікірия баяндама жасап, Еңбекшіқазақ өңіріндегі тарихи ескерткіштерді қорғау жұмыстарының кезеңдерін көпшілікке таныстырып өтті. Акцияның ресми бөлігі аяқталған соң Есік медициналық колледжінің мұғалімдері мен студенттері «Есік» қорық-мұражайының қорғау аймағына кіретін «Есік қорымдары» аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізіп, көршілес саяжай тұрғындары тарапынан жасалған «сыйлық» — тұрмыстық бұйымдар мен басқа да қоқыстарды жинап, тазалап шықты. Айта кетейік мұнда бастама – Еңбекшіқазақ ауданында алғаш рет қолға алынып отыр.
  1. 28.04.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 2015 жылдың сәуірінен 2016 сәуір аралығында «Менің үйім – мұражай» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық байқау жарияланды. Байқауға Есік қаласындағы Абылай хан атындағы және Райымбек батыр атындағы орта мектептердің 3-9 сынып оқушылары, сонымен қатар гуманитарлық колледж студенттері қатысты. Қатысушылар байқау шарты бойынша отбасында ата-бабаларынан мұра ретінде қалған бұйымдарды, ескі фотоларды әкеліп, оларға қысқаша сипаттама берді және эссе жазды (1-ші кезең). Іріктелген бұйымдар көрмеге ұсынылды (2-ші кезең). Іс-шара барысында әр оқушы өз бұйымдарының қысқаша тарихын таныстырып, ол бұйымның өз әулетінде алатын орны мен мән-мағынасын айтып, түсіндірді. Шара соңында 1,2, 3 орын иегерлері анықталып, арнайы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқау барысында қорық-мұражай қызметкерлерімен етене жұмыс жасағандары үшін аталған оқу орындарының тарих пәні мұғалімдері де марапатталды.
  1. 20.05.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұржайында «Музей түні» шарасы болып өтті. Сағат 15.00-де басталған мерекелік шараның шымылдығын жасөспірімдер мен студенттерге арналған квест-ойындар ашты. Осы ойындарға да, кейінірек «Музей түні» шарасына да Есік қаласында орналасқан Есік гуманитарлық-экономикалық және Есік медициналық колледждерінің студенттері еріктілер (волонтер) ретінде белсене атсалысты. Музейге келуші қонақтар осы түні жергілікті өнерпаздар мен «Арқайым» нео-этно-фольктобының орындауындағы кәсіби әндерді (дәстүрлі аспаптардың сүйемелдеуіндегі, заманауи өңдеудегі көмей әуендері) концерт тамашалап, түрлі іс-шараларға ерекше ықыласпен араласты. Бұл шарадағы басты оқиғалардың бірі ретінде — белгілі суретші-қалпына келтіруші, «Остров Крым» ғылыми-зертханасының жетекшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қырым Қасенханұлы Алтынбековтың «Сармат көсемі» көрмесінің ашылу салтанатын айтып өтуге болады. Көрмеде одан басқа да б.з.д. IX-VIII ғғ. деп саналатын (археологиялық зерттеу жетекшісі — К. В. Чугунов) Аржан 2 (Тува) материалдары бойынша скиф дәуірінің әшекейлерді де орын алады. Олардың арасында бөкен бейнеленген шақа, көптеген аңдардың бейнесі оймышталған тамаша түйреуіштер, асқан шеберлікпен орындалған басқа да киім бөлшектері бар.

Осы жылғы іс-шараның басты тақырыбы – материалдық және рухани мұраға экологиялық тұрғыдан қарау болып табылады. Осы уақытқа дейін қорық-музей үшін өзекті мәселе — қорғау аумағындағы қоқыс болып қалып отыр. Іс-шара барысында қоршаған ортаны көңілдегідей етіп сақтау басты тақырыптардың бірі болды. Осыған орай Еуразия мәдени альянсы (Алматы) заманауи өнер нысаны атынан қазіргі заманғы белгілі қазақ суретшілері – Молдақұл Нарымбетовтың «Балбалдар» және Сәуле Сүлейменованың «Қалыңдық» көрмелері жұрт назарына ұсынылды. Олардың басты тақырыбы – қазіргі өркениет қоқыстары – көлік дөңгелектері мен целофан қалталар. Іс-шараға келушілер оларды лақтырып тастамай «целлофан кескіндеме» ретінде қалай қолдану керек екенін Сәуле Сүлейменованың жұмысынан көре алады. Сонымен қатар, Асыл Курманова пластик құтыларды қалай «пайдалы қоқысқа» айналдыру жолдарына арналған шеберлік кластарын өткізді. Ол картон қағаз, пластик құты, пенопласт сынды «қоқыстарды» үйге арналған жиһазға қалай айналдыруға болатынын іс жүзінде көрсетіп, талайлардың таңдайын қақтырды.

Мерекеге келушілерге музей залдары бойынша шолу экскурсиялар жүргізілді. Сонымен қатар, «Музей түнінде» лезде шығарылатын фото, «Алтын адаммен» бірге суретке түсу, ат арбамен қорық-мұражай аумағында серуендеу сынды келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған шаралар болып өтті. Келуші қонақтарға арнап «Есік» қорық-мұражайына қолдау ретінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімшілігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудан өнерпаздары қызықты концерт қойды.

Оған қоса, сақ тақырыбына арналған кәдесыйлардың сатылымы, ұлттық ойындар, «Музей түні» шамдарын ұшыру сынды қызғылықты шаралар да ұйымдастырылды. Іс-шара сағат түнгі 24.00-ге дейін созылды.

 «Музей түні» іс-шарасы

  1. 01.06.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында ҚХР-ң ғалымдарымен бірлескен «Тарихи мұраларды сақтау мен қорғау бойынша қарым-қатынас» атты алқалы жиын өтті. Халықаралық музей мерекесі қарсаңында, 2016 жылдың 13-14 мамырында «Есік» қорық-мұражайының директоры Г.Р.Мухтарова ҚХР-ғы Сиан қаласына «бір белдеу мен бір жол» (Жібек жолы) бойындағы елдер арасындағы тарихи мұраларды сақтау жөнінде тәжірибе алмасу және халықаралық қатынастар бойынша өткен Форумға шақырылған болатын. Сол форум жұмыстары аясында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен Шәнси аймағының ғылыми-зерттеу және мәдени ұйымдары арасындағы өзара әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды. Сол келісім-шарт бойынша қытайлық әріптестер қорық-мұражайға арнайы іссапармен келді. Аталмыш делегация құрамында – Шәнси аймағының ежелгі ескерткіштерін қорғау басқармасының директоры, Тан династиясы императорларының мұралары мен музей-мазары менеджері, Шәнси аймағының мәдени мұрасы институтының директоры, Шәнси аймағының мәдени құндылықтар алмасу орталығының директоры, Шәнси аймағының археология институтының директор орынбасары, Шәнси аймағының тарихи музейі директоры болды.  «Тарихи мұраларды сақтау мен қорғау бойынша қарым-қатынас» атты алқалы жиында әріптестік қарым-қатынастың бағыттары мен шарттары, бірлескен археологиялық зерттеу нысандары анықталып, таяу жылдардағы және болашақтағы жобалар талқыға салынды. Қонақтар сақтардың ежелгі қала-жұрттары Рахат пен Өріктіні, сонымен қатар 2015 жылдан бастап қорық-мұражай археологтары қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Өрнек қорымдарын тамашалады.
  1. 01.06.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы өзінің жас достарына 1 маусым Халықаралық балалар күніне және 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырып дәстүрлі арнайы мереке ұйымдастырды. Мереке аясында музей тамашалау, ептілік пен білім сыналатын командалық жарыстар сынды қызғылықты іс-шаралар өтті. Олардың ата-аналарын «Қоқыстан пайдалы дүние» атты шеберлік класына шақырып, пластик құтылардан қалай үй жиһазын жасауға болатынын көрсетті.
  1. 19.08.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Center Smart Tourism» мекемесімен бірлесіп Алматы облысының музейлеріне арнап «Музейлерді дамытудың маңызды бағыттары» атты тақырыпта семинар өткізді. Қазақстанда музей ісі өте баяу дамуда. Ал, музей қызметін әлемнің алдыңғы қатарлы елдері сияқты заманауи технологияларды пайдаланып, дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта семинар қатысушыларына музейлердегі жаңа технологияны қолданудың қазіргі заманғы үдерістерімен таныстыру, қазақ халқының қонақжайлық қасиетін келешектегі музей қызметінің ерекше бағыты ретінде талқылау, 2017 жылға жоспарланған «Алматы облысы музейлерінің алтын картасы» атты жобаны талқылау сынды тақырыптар қозғалды. Семинарда «Center Smart Tourism» директоры Леонид Андрианов, «Rumi Service» консалтингтік компания жетекшісі Жанна Прашкевич, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғалым-хатшысы Ғалия Файзуллина баяндама жасады.

2017 жылы елімізде ЭКСПО-2017 Халықаралық атаулы іс-шара өтеді. Осынау іс-шарада шетелдік туристерге арнап көрсетілетін ең маңызды нәрсе табиғи және мәдени туризм болғандықтан осы семинар аясында Алматы облысындағы музейлердің мүмкіндіктері қарастырылды.

Осы семинар аясында «Есік» қорық-мұражайының қызметкерлері облыстық музей қызметкерлеріне арнап музей ісі жөніндегі кеңес береді. Сонымен қатар соңғы технология жетістіктерін пайдаланатын туристерді музейлерге көптеп тарту, музей жұмысын жүргізу, болашақта Алматы облысының аумағындағы музейлер туралы мәліметтерді бір орталыққа жинақтау, өзара музейлік көмек көрсету сынды тақырыптар ортаға салынды.

Семинарға Алматы облысы мен Алматы қаласының музейлерінен 20-н астам қызметкерлер қатысты. Семинар қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz