Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2010 жыл:

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2010 жылы, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 ғылыми қолданбалы зерттеулерді ашық байқауға ұсынып, ҚР Білім және ғылым Министрлігі тарапынан 4 ғылыми қолданбалы зерттеуіне оң сараптамалық қорытынды алды. Олар:

  • «Есік обасы және Жетісу сақтарының мәдениеті».
  • «Жетісу сақтарының идеологиясы және мифологиясы».
  • «Жетісу көшпелілерінің балбалтастарын музейлендіру және сақтап-қорғау.
  • «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы: тарихы және бүгінгі таңы (мұражай және мұрағат деректері)».

2011 жыл:

2010 жылғы оң сараптама алған жобалардың арасынан 1 ғылыми жоба қаржыландырылды. Сол «Есік обасы және Жетісу сақтарының мәдениеті»(монография 40 б.т.) қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша төмендегідей істер атқарылды:

  •  Есік ықшам ауданындағы ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жетісу, оның ішінде Есік маңайындағы ерте темір дәуіріне жататын көсемдер қорғанын зерттеу материалдары сарапталып, жоспарланды. Табиғи және мәдени тұрғыдағы қорғандар тізбесін, сонымен қатар Есік маңайындағы жер бетіндегі және қорған маңайындағы құрылымдық ерекшеліктерді жобалау мен ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
  • 05.05-12.05.2011 ж.ж. Солтүстік-шығыс Жетісуды барлау мақсатындағы Археологиялық ғылыми барлау экспедициясы жабдықталды. Барлау жұмыстары тарихи-мәдени қорықтың қызметкерлері дайындаған бағыттары бойынша жүргізілді.
  • Осы экспедициялар нәтижесінде табылған, ғұн дәуіріне жататын петроглифтің бөлігі қорық-мұражай қорына өткізілді.
  • 22.06-29.06.2011 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылы маңындағы жойылып кетудің алдында тұрған көне түркі қорымын зерттеу мақсатында екінші ғылыми экспедиция жүргізілді. Экспедиция нәтижесінде болжам бойынша көне түркілер дәуіріне жататын біршама тарихи ескерткіштер табылып, ол қорық-мұражай қорына тапсырылды. Археологиялық экспедиция нәтижесінде табылған заттарға қазіргі уақытта камералдық – өңдеу тұрғысынан толығыменен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
  •  Қыркүйек айында, Алматы облысы, Есік қаласы маңындағы «Ветераны» саяжайындағы, жойылып кетудің алдында тұрған қорғандарға қазба жұмыстары жүргізілді.
  • Археологиялық барлау жұмыстары негізінде Сарыөзек бейіті, Кеңқарын ғибадатханасы, Қарауылтөбе обалары, Қаракүнгей петроглифтері, Сымтас ғибадатханасы мен обалары, Баянжүрек петроглифтері мен бейіттері, Теңлік обалары, Қоғалы обалары мен бейіттері мен Бесшатыр қорық-қорымы, ерте темір дәуірінің қорымдары мен жалғыз орналасқан обалары және ғибадатханалары, бір ортағасырлық керуен сарайы мен тасқа салынған суреттері (петроглифтер) зерттеліп, есепке алынды.
  • Есік обаларының нақты кординаттары анықталып, олардың картографиялық сызбасы мен Есік обаларының жобасы жасалды.
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Төле би ауылы маңында орналасқан мұсылмандар зираты ішінен түркілер дәуіріне тән байырғы мүрде орны анықталып, жартылай қазба жұмыстарыменен қамтылып, келесі жазғы маусымдық археологиялық қазба жұмыстарына қалдырылды. Аталмыш орынға алдын-ала консервация жұмыстары жасалынды.
  • Археологиялық ескерткіш, «Есік-2» саяжайы маңында орналасқан қорғанның үйіндісі алынып, кезекті маусымдық қазба жұмыстарына дайындалынды.

2012 жыл:

  • 2011 жылғы жоба бойынша атқарылған жұмыстардың қортынды құжаттары арихвке дайындалып, сұрыпталды.  Есік қорымдарының сол жағалаудағы,  «Есік» қорық-мұражайы мен «Көксай», «Алтын алма», «Алтын адам», «Береке» және «Жаңа құрылыс» саяжайларында орналасқан, түрлі көлемдегі 156  обаның төлқұжаттары толтырылды.
  • «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қорғандары» каталог-альбомы жобасының мәтіні түзілді.
  • 1987-89 жж. «Жаңа құрылыс» (Майбұлақ) экспедициясының материалдарының иллюстрациясын сканерленіп, ретке келтірілді.
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Төле би ауылының зиратында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде түрік қағанаты дәуіріне жататын біршама жәдігерліктер табылды.
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылының маңындағы ежелгі сақтардың қала-жұрты болды деп есептелетін орынға қазба жұмыстары жүргізілді.
 Ғылыми-зерттеу жұмыстары  Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары25 наурыз. 2011 жыл. ҚР Мәдениет министрлігі, Мәдениет комитеті тарапынан берілген, Алматы облысы аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарымен айналысуға рұқсат беретін, №0158103 лицензиясы берілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2010-2011 жылғы қорық-мұражай ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ҚР БҒМ тарапынан №002209 аккредиттеу туралы куәлігі берілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары2010 жыл:
— Қорық – мұражайдың орыс, қазақ тілдеріндегі алғашқы жолнұсқаулығы жарық көрді.

2011 жыл:
— Халықаралық «Бритишкоунсл» ұйымы көмегімен дайындалған «Есік» қорық-мұражайының ағылшын тіліндегі жолнұсқаулығының мәтіні дайындалып, баспаға тапсырылды.
— Оқушылар мен студенттерге арналған интерактивтік жол сілтемелер баспаға дайындалды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары2012 жыл:
— Халықаралық «Бритишкоунсл» ұйымы көмегімен дайындалған «Есік» қорық-мұражайының ағылшын тіліндегі жолнұсқаулығы жарық көрді.
— Оқушылар мен студенттерге арналған интерактивтік жол сілтеме жарық көрді
— Қазақ және орыс тілдеріндегі «Есік» қорық-мұражайының жол нұсқаулығы жарық көрді.

10.06.2011 жылы белгілі археолог, мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері — Б. Нұрмұханбетовтың 75 жылдық мерейтойына арналған, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы қызметкерлері жарық көруіне атсалысқан, «Қазақстан археологиясының мәселелері» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қорық-мұражай қызметкерлері тарапынан керекті материалдармен қамтылған, Оңғар А., Жұмабекова Г.С., Базарбаева Г.А. авторлығымен «Есік. Иссык. Esik». (– Алматы: «Таймас» баспасы, 2011. — 200 б) каталог-альбомы жарық көрді.

2013-2014 жылдар

 2013 жылдан бастап қорық-мұражай «Алтын адамның» ашылу және зерттелу тарихы (аңызы мен ақиқаты), — атты мәдени-біліми жобаны қолға алды. Жоба бойынша «Алтын адамға» қатысты мұрағат құжаттары зерттеліп, сол кездегі оқиға куәгерлерінің естеліктері бейне-аудио жазбаға түсірілді. Осы ізденістердің арқасында бүгінде «Алтын адамның» сүйегі деп болжанып отырған қаңқа-сүйек табылды. Ендігі кезекте сол қаңқа-сүйекті арнайы зертханалық сараптамадан өткізіп, антрополог-ғалымдар тарапынан зерттеу ұйымдастыру қажет.  «Алтын адам» қаңқа сүйегі анықталған жағдайда барша салт-жоралғысымен жер қойнауына тапсыру мәселесін қарастыру қажет. Бұл іс-шаралар үкімет тарапынан қолдауды және қомақты қаражатты талап етеді.

«Музей ЕСІКті ашады» (2011-2012 жж) жобасы «MUSEUMстан» халықаралық жобасы шеңберінде, дамушы елдермен байланыс орнатушы Нидерландия  Гуманитарлық Институтының (HIVOS), Дешті-и-Арт заманауи мәдениет Орталығы гранттық қаржысы арқылы атқарылды.

Аталмыш жоба бағдарламасының нәтижесі бойынша  төмендегідей МУЗЕЙЛІК ШАРА өткізді:

—       Мұражайлық-ландшафтық ортаны дамыту бойынша конкурс өткізілді. Аталмыш конкурсқа қатысқан, ҚазМСҚА-ң 3 оқытушысының жетекшілігімен 58 студенттің дайындаған 27 эскиздік жобасының қортындысы шығарылды. Қатысушылар аудан аумағын дамытуға ықпал жасайтын лэнд-арт нысандарының эскиздік жобаларын жасап шықты. Нәтижесінде, 2 екінші сыйлық – Әнуар Болатов пен Ғания Шағатаеваға, 2 үшінші сыйлық – Дәулет  Оспанов пен Айсұлу Уәлиге берілді. 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық тағайындалды.

—       Балалар шығармашылығына арналған «Алтын адамға Есіктің бес кереметі туралы айтып бер», — атты байқау қортындысы шығарылды. Аталмыш байқауға Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 5-11 сынып оқушылары 60-дан астам шығармаларын ұсынды. Балалар «Алтын адамға» өздерінің қалалары туралы, Есік қаласының жаңа «кереметі» «Есік» қорық-мұражайы, туған жерінің табиғаты мен тарихы,  «басқалардан ерекше мейірімділігі мен қонақжайлығы арқылы ерекшеленетіні» туралы әңгімелеп берді. Байқауда жеңіске жеткен шығармалар «Ұлан», «Дружные ребята», «Еңбекшіқазақ» газеттерінің беттерінде жарық көрді және сол газеттерге жүлдегерлерді «Есік» қорық-мұражайы есебінен жаздырды. Бұдан басқа да, қатысушыларға түрлі сыйлықтар тағайындалып, арнайы сертификаттар берілді.

—          «Artfoglio» алматы өнер галереясының қолдауымен ұйымдастырылған «ЕСІК» Land-Art плэнерінің қортындысы болды. Оған Анар Әубәкір, Кармине Барбаро, Сырлыбек Бекботаев, Владимир Григорян, Асқар Есдаулетов, Талғат Жұмагұлов, Ғалия және Балқия Құсайыновалар, Әділхан Рахметов, Бағдат Сәрсенбиев, Ғания Шағатаева сынды суретшілер, сонымен бірге «Artfoglio» галереясының өнертанушысы Оксана Языджы қатысты.

—         «Музей ЕСІКті ашады» жобасының символдары – шағын мүсін кәде-сый «Күміс есік».  Авторлары — Александр Богушевич (Өскемен) пен Дәулет Бектеміров (Есік). «Есіктер» «Есік» қорық-мұражайының экспозиция залына қойылды.

  • 2013 жылдың 09 тамызында Алматы облыстық мәслихатының №21-133 (Алматы облысы әділет департаментінде 2013 жылдың 06 қыркүйегінде №2446 нөмірмен тіркелген)  «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы» шешімі шықты (аталмыш шешім Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 17 қыркүйек 2013 жылғы №106 (17806) санында жарияланды).
  • Қазақ-орыс тілдерінде «Есік» қорық-мұражайы туралы мәлімет беретін буклеттер жасалды «2011, 2012ғ 2013 жж).
  • 17.04.2014 ж. «Есік обасы және Жетісу сақтарының мәдениеті»  қолданбалы зерттеу жұмысы бойынша 2011-2012 жж. аралығында атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған жәдігерлер негізінде қорық-мұражайда «Қазақстан археологиясы» атты 3-ші экспозициялық зал ашылды.

14.02.2014 ж. «Есік» қорық-мұражайында саятшылық тарихына арналған «Қансонардың ежелгі падишасы» атты тарихи-этнографиялық көрме ашылды

 

 

2015  жыл

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы дайындаған ғылыми жобалар:

 

«Есік» қорық-мұражайы 2015 жылдың алғашқы тоқсанында төмендегідей ғылыми жобаларды дайындап, ҚР БҒМ мен ҚР МСМ-ң байқауларына ұсынды:

  1. «Алтын адамның» қаңқа-сүйегі қалдықтарын антропологиялық зерттеу және «Есік қорымы» аумағына қайта жерлеу».
  2. «Рахат және Өрікті сақ қалашықтарын археологиялық зерттеу».
  3. «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы».
  4. «Есік-Рахат археологиялық кешені ескерткіштерін этно-мәдени ортаны жаңғырту, туристерді тарту  мақсатында пайдалану».

«Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • Есік қорымының «Есік-2» тобына жататын апатты жағдайдағы обаға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
  • Есік қорымының «Көксай» тобындағы апатты жағдайдағы обаға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
  • 06-26.06.2015 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек ауылының солтүстік-батыс жағындағы «Өрнек қорымдарына» СКС-7 вахталық тұрғынжайының маңында орналасқан құрылыстық аумақта археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қорымның нақты жобасын алу үшін Leica-407 лазерлі тахометрімен жұмыстар атқарылды. Жаңа жобада әдеттегідей жалғаса орналасқан ерте көшпенділер дәуірінің нысандары анықталды.  Қазба жұмыстары барысында бірнеше алтын бұйымдар мен қыш құмыралар табылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, қорық-мұражай қорына өткізілді.
  • 07 – 22.08.2015 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылы «Рахат» қала жұртының маңында археолигиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
  • 09-29.09.2015 ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қызыләскер ауылындағы апатты қорған орнына қазба жұмыстары жүргізілді.
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Іле Алатауының Қыземшек шатқалындағы, 3000 метр биіктікте орналасқан жартас суреттеріне барлау жұмыстары жүргізілді. Қолда бар мәліметтер бойынша тас бетіндегі суреттердің жалпы саны 300-ге жуықтайды.
  • 2015 жылдан бастап «Есік» қорық-мұражайы археологиялық сараптама жұмыстарын жүргізе бастады. Аталмыш сараптама жұмыстары Еңбекшіқазақ аудандық әкімшілігімен, аудандық жер қатынастары бөлімімен келісіле отырып іске асырылады. Аудан көлемінде жер телімін заңдастырғысы келетін азаматтардың қажетті құжаттарының қатарына «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының анықтамасы да қосылды. Бұл қадам біріншіден аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштер аумағындағы құрылыс немесе басқа да жұмыстарын жүргізуді реттеу болса, екінші жағынан қорық-мұражайдың қосымша табыс көзі болып табылады. 2015 жылдың тоғыз айы бойынша осындай 160 сар
    аптамалық қортынды беріліп, тиісінше қорық-мұражайға 480 000 теңге көлемінде кіріс кірді.
    2
    1

 

3

 

 

 

 

 

 

-25.08.2015 ж. РҒА Археология институты мен «Есік» қорық-мұражайының арасындағы келісім бойынша қорық-мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері – Е. Джасыбаев РҒА-ы Археология институтының Дағыстан Республикасы Акушин ауданындағы «Солтүстік Кавказ палеолит кезеңі экспедициясының» құрамында археологиялық қазба жұмыстарына қатысып тәжірибеден өтті.

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл

Ғылыми-зерттеу бөлімінде «Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті» және «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» атты екі бірдей ғылыми-қолданбалы зерттеу жобасы жасалды. «Есік қорымы және Жетысу сақтарының мәдениеті» жобасы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде темір дәуірінен түркі кезеңіне дейінгі археологиялық жаңадан ашылған ескерткіштер ғылыми айналымға енді. Ғылыми жинақтарда олар туралы мақалалар жарияланып, халықаралық және республикалық конференцияларда баяндама жасалды.

Жоба аясында жүзеге асырылып жатқан далалық зерттеулер нәтижесі тұрақты түрде республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларда талқыға салынып, Қазақстан мен шетелдердің түрлі басылымдарында жарық көріп тұрады.  Ал, 2017 жылдан бастап қолға алынатын «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» атты ғылыми қолданбалы зерттеу жобасында төмендегідей нәтижелер күтіледі:

  • Жетісудағы сақ конфедерациясының тарихы туралы ғылыми айналымға жаңа мәліметтер енгізу;
  • «Алтын адамның» киімінің семантикасын зерттеу негізінде ежелгі Жетісу сақтарының  дүниетанымының ерекшеліктерін зерттеу;
  • «Есік обасын» ашу және зерттеу тарихы бойынша туралы ғылыми айналымға жаңа мәліметтер қосу;
  • Зерттеу материалдарын музей экспозициясында пайдалану;
  • Зерттеу нәтижесінде баспаға түрлі-түсті деректі жинақ дайындау (43 б.т).

«Есік» қорық-мұражайы 2016 жылы «Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  1. 01-03.02. 2016 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік өзенінің оң жағында орналасқан ерте темір дәуірі жататын 3 апатты қорғанда қазба жұмыстары жүргізілді.
  2. 09.04-09.09. 2016 ж. Есік қаласындағы 3 мөлтек ауданында орналасқан ерте темір дәуіріне жататын ғұрыптық жерлеу кешенінде демеушілер көмегімен қазба жұмыстары жүргізілді.
  3. 06-08.07. 2016 ж. Оңтүстік Корея Республикасы еліндегі Ұлттық Сеул институтының тарихи зерттеулер институты, Корей республикасының DOHG-SEO мәдени құндылықтар институты, Орталық мәдени мұра институты, Маһан мәдени құндылықтарды зерттеу институты мен Корей Республикасының Daehan мәдени құндылықтар институты ғылыми мекемелері мен «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округіне тиісті, Өрнек ауылы маңында орналасқан Өрнек қорымындағы 2 тізбектегі 2 қорғанда жүргізілді.
  4. 23.07-25.07.2016 ж. «Есік» қорық-мұражайының археологтары Есік өзенінің жоғарғы ағысындағы таулы аймақта барлау жұмыстарын жүргізіп, 2950 метр биіктікте қола және ерте темір дәуіріне жататын ежелгі жартас суреттері ескерткішін тапты. Ескерткіш Жетісудың ежелгі көшпенділері туралы танымды одан әрі кеңейте түсетіндей мәнге ие. Барлау жұмыстары нәтижесінде аталмыш ескерткіш культтік орын болып табылатыны анықталып, оны тіркеуге алып, төлқұжат берілу керектігі белгілі болды.
  1. 29.07-04.08. 2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкерлері Астана қаласында орналасқан Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесе отырып «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны» атты жобасы аясында Жетісу археологиялық мұраларына жататын жартас суреттерін барлау экспедициясын жүргізіп қайтты. Барлау экспедициясы Алматы және Жамбыл облыстары аумағында, Есік-Асысаға-Қурайлы-Шошанай-Қаракүңгей-Таңбалы-Құлжабасы-Есік бағыты бойынша өтті. 29 шілде мен 4 тамыз аралығында өткен экспедиция кезінде топ мүшелері 2200 шақырым жолды басып өтіп, 7 пункттағы ескерткіштерді зерттеп, 500-н астам сурет түсірді. Барлық нысандарға сипаттама жасалып GPS бағдары жасалды. Аталған нысандардың көбі қола және ерте темір дәуіріне, сонымен қатар орта ғасырлар мен жаңа ғасырға тән деп болжанып отыр.
  2. 11-27.11.2016 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы «Түрген-Куш» газ құбыры жолындағы тарихи ескерткіштерді анықтау бойынша Қаракемер, Түрген қорымдарына археологиялық-барлау экспедициясын жүргізді. Себебі, аталмыш газ құбыры жобасы бекітілген кезде археологиялық сараптама жұмыстары жүргізілмеген болып шықты.  Осы орайда Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Серікқызының арнайы ұсынысымен «Есік» қорық-мұражайы газ құбырын тартушы «АлатауГорПроект» ЖШС-не хат жолдады. Осылайша қорық-мұражай мен ЖШС арасында 16.11.2016 ж.  №3 келісім-шарт жасалды. Газ құбырын тарту  үшін қазылған ордың бойымен 15 шақырым жүріп өткен «Есік» қорық-мұражайының археологтары екі бірдей жерлеу орнының үстінен ор қазылғанын анықтады. 2017 жылға қарай сол апа  тты қорғандар орнында «АлатауГорПроект» ЖШС-ң қаржыландыруымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
  3. 11-31.11. 2016 ж. «Есік» қорық-мұражайы мен «АлатауГорПроект» ЖШС-і арасындағы 16.11.2016 ж. археологиялық барлау экспедициясын жүргізу туралы №3 келісім-шарт бойынша «Есік» қорық-мұражайының қызметкерлері жоғарыда айтылған апатты қорғандар бойынша археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
  4. 2015 жылдан бастап «Есік» қорық-мұражайы археологиялық сараптама жұмыстарын жүргізе бастады. Аталмыш сараптама жұмыстары Еңбекшіқазақ аудандық әкімшілігімен, аудандық жер қатынастары бөлімімен келісіле отырып іске асырылады. Аудан көлемінде жер телімін заңдастырғысы келетін азаматтардың қажетті құжаттарының қатарына «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының анықтамасы да қосылды. Бұл қадам біріншіден аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштер аумағындағы құрылыс немесе басқа да жұмыстарын жүргізуді реттеу болса, екінші жағынан қорық-мұражайдың қосымша табыс көзі болып табылады. 2016 жылы осындай 97 сараптамалық қорытынды беріліп, тиісінше қорық-мұражайға 316 000 (үш жүз он алты мың) теңге көлемінде кіріс кірді.

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz