Қорық-мұражай

РМҚК «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы — еліміздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды обьектілердің бірі.
Мұражайдың негізгі қызметі — ғылыми-зерттеу, мәдени-біліми және туристік қызметтерді ұйымдастыру, Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін зерттеп, сақтау, оны жалпы халыққа насихаттау.
Қазіргі уақытта жергілікті әкімшілік басқару органдарымен бірлесе отырып, қорық-мұражайының аумағын нақтылау және оны қоршау, мұражай жанында орналасқан бірнеше обаларды музейлендіру, кезінде сақтардың резиденциясы болған Рахат және Өрікті қала жұрттарында қазба жұмыстарын жүргізу, оны консервациялау мен музейлендіру арқылы жаңа туристік жолдар салу, «сақ ауылы» жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда.
2011 жылдан бастап қорық-мұражай Стратегиялық ұлттық «Мәдени мұра» жобасы аясында «Жетісу сақтарының мәдениеті және Есік обасы» тақырыбында ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстарын іске асыра бастады.
Сонымен қатар, Жетісу аумағындағы сақтардың археологиялық ескеркіштерінің картасын түзу жоспарланған.
2012ж. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ғылми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жылға аккредиттелді.
Мұражайдың құрылымы: әкімшілік, ғылыми-қор бөлімі, кітапхана, өндірістік қызметкерлер. Мұражайдың жалпы көлемі – 660 кв.м., екі залдан тұратын экспозиция көлемі – 92,6 кв.м.
Бекітілген штат бойынша 24 қызметкер бар.

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz