Көрмелер

2011 жылғы өткізілген көрмелер саны — 6:

1)    10.06–10.07.2011 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ұйымдастырған «Тарихи жад баспалдақтары» көрмесі.

2)    10.06–10.07.2011 ж. Археологиялық семинар аясында «Археологиялық сараптама» ЖШС-гі ұйымдастырған «Жетісу сақтары көсемдерінің қорымы»  көрмесі.

3)    10.06.2011 ж. ҚР БҒМ Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институты директор орынбасары – Арман Бейсеновтің  Орталық Қазақстаннан табылған сақтар дәуірінің жаңа ескерткіштері — «Талды обасы-2. 2010 жылдың жаңалықтары», — атты көрмесі.

4)    20.06.2011 ж. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының «Ұлылыққа тағзым», — атты экспедициясы бойынша өткен  фото көрме.

5)     30.10. 2011 ж. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы  мен «Artfoglio» алматы өнер галереясының бірлескен «ЕСІК» плэнер-көрмесі.

6)    12.12.2011 ж. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің қортынды отырысына орай ұйымдастырылған археологиялық көрме. «Есік» қорық-мұражайының экспонаттары «Археологиялық сараптама» ЖШС-ң тарапынан көрмеге қойылды. Астана қ. 2011 ж.

2012 жылы өткізілген көрмелер саны – 3

1) 18.04.2012 ж. «Дружные ребята» газетінің бөлім меңгерушісі О.Н. Гумированың «Сақ петроглифтері» фотокөрмесі.

2) 01.11.2012 – 30.01.2013 жж. Есік қаласындағы тарихи-археологиялық өлкетанулық мұражайындағы «Есік» қорық-мұражайы жәдігерліктерінің көрмесі.

3) 25.12.2012 ж. «Есік» қорымының сақталуына журналистиканың қосқан үлесі», — атты көрме. Аталмыш көрмеде «Еңбекшіқазақ» газетінде 1991 жылдан бастап жарық көрген «Алтын адам» тарихына арналған мақалалар сұрыпталып, тақырыптарға бөлініп, коллаж жасалды.

2013 жылы өткізілген көрмелер саны – 4

  1. 03.2013 ж.Әлеуметтік идеялар мен жобалардың ІХ республикалық жәрмеңкесі. «Алтын адамның» ашылу және зерттелу тарихы (аңызы мен ақиқаты)» көрмесі. Алматы қ.,
  2. 06-30.06.2013 ж.«Археологиялық сараптама» ЖШС-і мекемесімен бірлесіп өткізген «Мой Шелковый путь к тебе» көрмесі. Варшава қ., Польша.
  3. 09.2013 ж.Еңбекшіқазақ ауданында өткен «Тіл фестивалі» аясындағы «Есік» қорық-мұражайы және археология саласындағы сирек кітаптар қоры» көрмесі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ.,
  4. 08.2013 ж.«Есік» қорық-мұражайының ғимаратында «Шірік Рабад» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

 

2014 жылы өткізілген көрмелер саны – 5

1) 14.02. 2014 ж. Құсбегілік тарихына арналған «Қансонардың ежелгі падишасы» атты тарихи-этнографиялық көрме.

2) 01.03.2014 ж. Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылының № 17 орта мектебіндегі «Жәдігерлер сыр шертеді» атты көшпелі көрме.

3) 03.04. – 03.05.2014 ж. М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының  бірлескен «Жетісудың «Алтын адамы» атты көрмесі.

4) 17.04.2014 ж. 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай  ашылған «Қазақстан археологиясы» атты экспозициялық 3-ші зал ашылды.

5) 22-24.07.2014 ж. ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық кеңесіндегі «Есік» қорық-мұражайының көрмесі. Астана қ.,

 

2015 жылы өткізілген көрмелер саны – 6

1) 20.01.2015 ж. «Жетісу сақтарының мәдениеті». Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында өткен көрме.

2) 27.02 – 27.03.2015 ж. ҚР МСМ-і «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының «Есік» қорық-мұражайындағы «Қазақ хандары ту тіккен Түркістан» атты көшпелі көрмесі. Бұл көрме – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналды. Көрме экспозициясына қорық-мұражай қорындағы 150-ге жуық құнды жәдігерлер қойылды. Көрме  «Хандарға орда болған киелі мекен», «Түркістанға ту тіккен хандар», «Алашқа айбын болған хан Абылай», «Түркістан тағылымы» атты    4 бөлімнен тұрды.

3) 22-24.04. 2015 ж. Алматы қаласы «Атакент» орталығында ұйымдастырылған 16-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық көрме. Аталмыш көрмеде Алматы облыстық туризм басқармасының қолдауымен «Есік» қорық-мұражайы, «Таңбалы» қорық-мұражайы, Алматы облыстық С. Аронұлының мемориалдық музейі, «Шарын» ұлттық саябағы болып Алматы облысының  туристік әлеуетін насихаттады. Үш күнге созылған көрмеге еліміздің, таяу және алыс шетелдерден келген көптеген туристік компаниялар мен тағы да басқа мекемелердің өкілдіктері қатысты. «Есік» қорық-мұражайының қызметкерлері көршілес облыстардың туристік басқармаларына ғана емес, сонымен қатар түрлі шетелдік компанияларға, көрмеге келушілерге де қорық-музей туралы мәліметтер беріп, жан-жақты таныстырып қайтты.

4) 05.-22.09.2015 ж. Белгілі қайта қалпына келтіруші Қ.Қ. Алтынбековтың «Сармат абызының екінші өмірі (қазба жұмысынан музейге дейін)», — атты коммерциялық көрмесі. Көрме Тақсай кешенінен табылған сармат абыз әйелі мен оның зерттелу, қалпына келтіру және қайта жаңарту тарихына арналды. Қазақстан археологтарының тамаша жаңалығы біраз уақыт бұрын яғни, 2012 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының зерттеулері нәтижесінде ашылды. Қазба жұмыстарына орталық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор  М. Н. Сыдықов пен отряд бастығы, археолог — Я. А. Лұқпанова жетекшілік етті. Аталмыш көрмеге келушілер сарматы абызының ашылу, зерттелу және қайта қалпына келтірілу тарихымен жан-жақты танысып, бейне сюжеттерді тамашалады.  Айта кету керек, аталмыш көрме Қазақстан бойынша алғаш рет «Есік» қорық-мұражайында көрермендер назарына ұсынылды.

5) 10. 09.2015 ж. «Есік» қорық-мұражайының 2015 жылдың маусым айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек ауылының маңында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған, бұған дейін отандық ғылым саласында көп белгілі бола қоймаған археологиялық олжаларын паш ететін «Қорғандар сыр шертеді» атты көрмесінің ресми ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараны қорық-мұражай директоры – Г.Р.Мухтарова мен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы – Ә. А. Талқанбаев кіріспе сөзбен ашты. Одан әрі қонақтар көрме тамашалады. Өрнек ауылының маңынан табылған, ерте темір дәуіріне, дәлірек айтсақ, б.з.д. V-IV ғғ. жатады деп болжанып отырған бұл қорғандар өзінің ерекше құрылысымен дараланады. Мысалға, Жетісу жеріндегі сақтарға тән жерлеу орындары көбіне бөренеден жасалған лақатпен өрілсе, Өрнек қорғандарының лақаты тастан қаланған екен. Мәйіт қойылған жерлеу камерасының жанында тағы бір жерлеу орны жасалып, өртелген боп шықты. Сол қорғандардан табылған, осыған дейін еш жерде кездеспеген ежелгі замандағы ұсталық өнердің ерекше бұйымдары – өзгеше әдіспен жасалынған қыш құмыралар мен жекелеген алтын бұйымдар да көрменің мәнін аша түсті. «Өрнек қорғандары» болашақта жан-жақты зерттелер болса, еліміздің археология тарихына тың жаңалықтар қосылуы әбден мүмкін. Көрменің ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы, ауданның ақсақалдары, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушылары мен студенттері, Алматы облыстық «Халықтар үйі» қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері А. Тәңірбергенова мен М.Алжанбай, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау басқармасының бастығы Е.Дәуренбаев қатысты. А. Тәңірбергенова «Ұлы дала елі» экспедиция барысы бойынша «Теңдессіз сый» акциясы аясында «Есік» қорық-мұражайына кітаптар тарту етсе, «Есік» қорық-мұражайының 5 жылдығына арналған мерейтойлық альбомды директор Г.Р.Мухтарова қонақтарға сый ретінде ұсынды.

6) 14.10-14.11.2015 ж. «Есік қорғандары мен Силла қорғандары (тарих тылсымы)», — атты «Есік» қорық-мұражайы мен Оңтүстік Корея Республикасы, Силла мәдениетін зерттеу орталығы арасындағы байланыстарға арналған көрме. Бұл көрмеде аталған екі мекеме арасындағы байланыстар ғана көрсетіліп қоймай, ежелгі сақ мәдениеті мен Силла мәдениеті арасындағы тылсым байланыстар қарастырылды.

2016 жылы өткізілген көрмелер саны – 8.

1) 22.01.2016 ж. «Өткеннен өсиет» көрмесі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, «Аяжан» балабақшасы. Көрме «Мектеп жасына дейінгі балаларға шет тілін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері» атты аудандық семинар аясында ашылды. Көрменің басты мақсаты: мектепке дейінгі мекеме ұстаздарына тарихымыздан сыр шертетін құнды бұйымдарымызды таныстыру, интерактивті заттарды пайдалану және жәдігерлерді балаларға түсіндіру барысында қолданылатын заманауи технологияларды қалай пайдалануға болатынын көрсету.

2) 05.02.2016 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Райымбек батыр атындағы орта мектепте Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің есеп беру жиынының (кездесуі) аясында арнайы көрме өтті. Қорық-мұражай өз тарапынан көрмеге 1991 жылдан бастап Еңбекшіқазақ газетінің беттерінде жарияланған қаланың тұрмыс-тіршілігі, ондағы археологиялық қазбалар мен жергілікті халақтың мәдени-құндылықтарға деген көзқарасы, осы өңірдің туристік бағытын дамытуға арналған мәселелері жайында, сонымен қатар сақ тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау, дәріптеу мақсатында, ел Тәуелсіздігінің символына айналған «Алтын адам» құрметіне ашылған қорық-мұражай хақында жазылған мақалалар стендін, «Мұражайға саяхат» атты электронды интерактивті, бірнеше жол нұсқаулықтар мен 5 жылдық Есеп-Албомын қойды. Көрме қонақтарына қысқаша экскурсия жүргізілді.

3) 10.03.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі мен сол аттас көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында қорық-музей директоры – Г.Р. Мухтарова алғысөзбен ашып, одан кейін «Алтын адам» табылатын әйгілі экспедиция қатысушысы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімшілігінң мәдениет бөлімінің басшысы – М.Т.Ақаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы, жинақ авторларының бірі – Х.Қ.Ахметжанов, қорық-музейдің аға ғылыми қызметкері – Б.Нұрмұханбетовтер құттықтау сөздерімен жалғастырды. Жинақ авторлары мен тілшілерге, келуші қонақтарға кітаптар сыйға берілді. Жинақ тұсаукесерінен кейін осы аттас көрменің ашылу рәсімі өтті. Осыған дейінгі «Алтын адамның» айналасында айтылып келген сан түрлі аңыздар мен қауесетке сенетін жандар қатары басқа өңір түгілі, осы Еңбекшіқазақ ауданының өзінде әлі де болса көптеп табылады. Аталмыш көрме осы аңыз бен ақиқаттың ара-жігін айыруды көздейді. Көрме жәдігерлері қатарына әйгілі экспедицияның фотоқұжаттары қойылған. Сонымен қатар көрме залында орналасқан сенсорлы экранның көмегімен қонақтар «Есік экспедициясы» қатысушыларының және «Алтын адамның» киімін қалпына келтірушілердің сұхбаттарын тамашалай алады

4) 04.-05.05.2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 2015 жылдың сәуірінен 2016 сәуір аралығында «Менің үйім – мұражай» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық байқау жарияланды. Байқау өз әулетінен қалған тарихи құны бар бұйымдарды жинауға арналған. Осы байқауға ұсынылған бұйымдардан арнайы «Менің үйім – мұражай» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

5) 05.-20.12.2016 ж. «Сармат көсемі» көрмесі. Көрме Аралтөбе қорғанынан табылған сармат көсемі және Аржан 2 қорғанынан шыққан, қайта қалпына келтірілген тамаша әшекейлер арқылы көшпенді әлемнің өнерін паш етеді.  Сармат көсемінің өмір сүрген уақыты I-II ғасырлар деп есептеледі. Консервация, қайта қалпына келтіру және қайта құрылымдау жұмыстары қалпына келтіруші Қырым Алтынбековтың жетекшілігімен «Остров Крым» ғылыми-зерттеу зертханасында (Алматы, Қазақстан) жүргізілді. Аталмыш жұмыстар Атырау облысындағы Аралтөбе қорымындағы (б.з.д. ІІ ғ. Экспедиция жетекшісі – З.С. Самашев) үш қорғанның бірінен табылған
қазба жұмыстарының материалдары  негізінде жасалды. Қорған тас-топырақ қабатынан жасалған, диаметрі – 40 м, биіктігі – 2 м. Қабірден ер және әйел адамдардың, екі жылқының сүйек қалдықтары, киімдерге жапсырылған алтын әшекейлер мен қару-жарақ табылған. Толықтай дерлік жойылып кеткен бұйымдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін көптеген қажыр-қайрат пен сабыр керек болды. «Остров Крым» ғылыми-зерттеу зертханасында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сармат дәуірі ескерткіші кешенді түрде қайта қалпына келтірілді. Ол түпнұсқаға барабар дерктер арқылы нақтыланды. Тонауға ұшыраған материалдар соған ұқсас археологиялық материалдар мен мәліметтер арқылы қалпына келтірілді. Сармат көсемі образы кей жағдайда жинақталған түрде болса да, тұтастай алғанда сол дәуірдегі билеушілердің киім-кешегін нақты көрсете алады. Көрмеде одан басқа да б.з.д. IX-VIII ғғ. деп саналатын (археологиялық зерттеу жетекшісі ­­- К. В. Чугунов) Аржан 2 (Тува) материалдары бойынша скиф дәуірінің әшекейлерді де орын алады. Олардың арасында бөкен бейнеленген шақа, көптеген аңдардың бейнесі оймышталған тамаша түйреуіштер, асқан шеберліктпен орындалған басқа да киім бөлшектері бар. Көрмені бір көріп шығудың өзі ежелгі көшпенділердің жоғары мәдениеті, таңғажайып мифологиясы мен ерекше шеберлігі туралы көптеген мәліметтер береді.

6) 05.-20.09.2016 ж. «Есік» қорық-мұражайында Еуразия мәдени альянсы (Алматы) заманауи өнер нысаны атынан қазіргі заманғы белгілі қазақ суретшілері – Молдақұл Нарымбетовтың «Балбалдар» және Сәуле Сүлейменованың «Қалыңдық» көрмелері жұрт назарына ұсынылды. «Қалыңдық» көрмесінің негізі полиэтилен дорбалардан тұрды. «Целлофан кескіндеме» ешқандай да бояу немесе көркем материалдар қолданбастан тек түрлі-түсті пластик дорбалар мен целлофандардан жасалынған. Қазақстан даласы ғана емес күллі жер беті осындай пластик қоқыстарға толып кеткен. Өркениет қоқыстарын көркемдік тұрғыдан қайта өңдей отырып автор осы заманның бейнесін береді. Қоқыс желінен суретші тазалық пен пәктіктің бейнесін іздейді. Ал, «Балбалдар» көрмесінің айтар ойы мынадай: Тас мүсіндер – қазақ даласының байырғы тұрғындары. Дала туралы әңгіме болғанда адамның ойына кең далада ескен жел мен тас мүсіндер – балбалдар бірден оралады. Көптеген адамдар балбалдар адамды ауыр ойлардан арылтады, ежелгі тас мүсіндерге айтылған мәселелер өздігінен шешіледі деп сенеді. Бұл біздің «басқа Меніміз» alterego яғни, әлеуметтік және жеке тәніміз. Ол мәдени кодтар, идеология, жалпыға ортақ стеротиптерден арылған шығармашылық «Меніміз».

7) 26-27.10. 2016 ж. «Есік» қорық-музейінің қызметкері Б. Ибраев Қызылорда облысы Қазалы ауданының арнайы шақыртуымен аталмыш ауданда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Жалаңтөс баһадүр кесенесі мен Бегім ана, асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштердің және Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысып қайтты. Осынау салтанатты шара аясында «Есік» қорық-музейі этноауыл көрмесін ұйымдастыруға кеңес беріп, сонымен қатар қорық-музей атынан «Қансонардың ежелгі падишасы» атты құсбегілік көрмесін келушілер назарына ұсынды. Көрмені ұйымдастырушы Балтабай Ибраев сонымен қатар Алматы облысының құсбегілерін бастап барып арнайы бүркітшілер байқауын да өткізіп қайтты. Көрмеде 3000 жылдық тарихы бар құсбегілік өнерге қатысты бұйымдар қойылып, қазақ жеріндегі құсбегілік тарихы туралы мәліметтер берілді.

8) 06.12.  2016 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Жетісу жартас суреттеріне арналған «Тастар сыр шертеді» атты көрме болып өтті. Аталмыш көрмеге қорық-музей  қызметкерлері ұзақ дайындалды десек те болады. 2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданын аумағы бойынша бірнеше барлау экспедициясы жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде Есік қаласының оңтүстік жағында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан Қыземшек асуынан осы аттас петроглифтер шоғыры табылды.   Осынау игі істің жалғасы ретінде қорық-музейдің ғылыми қызметкерлері 2016 жылы Астана қаласында орналасқан Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесе отырып «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны» атты жоба аясында Жетісу археологиялық мұраларына жататын жартас суреттерін барлау экспедициясын жүргізіп қайтты. Барлау экспедициясы Алматы және Жамбыл облыстары аумағында, Есік-Асысаға-Қурайлы-Шошанай-Науаскескен-Қаракүңгей-Таңбалы-Құлжабасы-Есік бағыты бойынша өтті. Осынау экспедиция кезінде топ мүшелері 2200 шақырым жолды басып өтіп, 7 пункттағы ескерткіштерді зерттеп, 500-н астам сурет түсірді. Барлық нысандарға сипаттама жасалып GPS бағдары жасалған болатын. Сол барлау жұмыстарының нәтижесінде бүгін қорық-музейде осындай көрме ашылды. Көрме қорық-музей директоры – Г.Р. Мухтарованың алғы сөзімен ашылып, «Таңбалы» қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары – Б.А. Железняковтың ақжарма тілегімен жалғасты. Одан кейін Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет бөлімнің бас маманы – Н.Б. Елекенова аудан көлеміндегі ірі тарихи-мәдени ошақтағы әр жаңалыққа қуанышты екенін жеткізе келе, алдағы уақыттарда музей ісіне табыс тілеп, қолдарынан келген көмектерін аямайтынын айтты. Содан соң «Таңбалы» қорық-музейі директорының орынбасары – Алмас Сарбасов пен белгілі ғалым, т.ғ.д. – А.Н. Марьяшевтар көрмені ашты. Келген қонақтар А.Н. Марьяшевтың қазақ петроглифтері туралы тың деректерге толы дәрісін тыңдады. Ғалымның айтуынша қазақ даласы көне жартас суреттері жөнінен Еуразия аймағында басты орындардың бірін иеленеді екен. Сол мұраларымызды зерттеу арқылы біз қазақ даласында ежелде өмір сүрген халықтардың  шаруашылық-мәдени типтерінің ерекшеліктерін, қоршаған ортамен және көрші елдермен қарым-қатынастарын, рухани жан-дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын және т.б. ерекшеліктерін түсіне аламыз. Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Есік» қорық-музейінде ашылған бұл көрменің басты мақсаттарының бірі әлі де болса ашылмай жатқан  Жетісу петроглифтерін таныту, насихаттау, оларды ғылыми-білім беру ісінде пайдалану, сол дерекөздер арқылы қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен, әдет- ғұрыптарымен таныстыру, ел азаматтарын тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің сақталуына үлес қосуға шақыру және олардың тарихи мұрамызға деген қызығушылығын ояту болып табылады. Көрме ғылыми зерттеушілер, тарихшылар мен археологтарға және көпшілік қауымға арналады және ол алдағы уақыттарда да келуші қонақтар үшін қызмет көрсететін болады.

2017 жылы өткізілген көрмелер саны – 18

1) 31.01.2017 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының әкімі Б.М. Бименовтың кезекті есеп беру кездесуі кезінде Есік қаласындағы В. Терешкова атындағы орта мектепте «Есік» қорық-музейі «Алматы облысының жартас суреттері» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде қорық-музей қызметкерлерінің 2016 жылы жүргізген археологиялық-барлау экспедициясының нәтижесінде Алматы облысының аумағында жаңадан анықталған жартас суреттері туралы мәлімет беріліп, таныстырылды. Тарихи-мәдени ескерткіштерге аса бай болып келетін Жетісу өңірінде әлі де болса ашылмай жатқан, ашылса да түбегейлі зерттелмей келген тарихи-мәдени құндылықтарымыз жетерлік. Бұл көрмеде солардың бір парасы ғана ұсынылды. Олардың арасында тіпті Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының өзіне де белгісіз болып келген, аталмыш аудан аумағында орналасқан ескерткіштер туралы да баяндалды. Сондықтан да бұл көрмеге деген тұрғындардың қызығушылығында шек болмады. Келушілерге көрмені «Есік» қорық-музейінің ғылыми қызметкері – Ә.Ж. Амарғазиеватаныстырды.

2) 31.01.2017 ж. «Есік» қорық-музейінің бас суретшісі Д.М.Бектеміровтың авторлық көрмесінде қойылған қолөнер туындылары көрермендерді тек өзінің көркемдік-образдық шешімімен ғана емес, сонымен қатар сонау көне дәуірден күні бүгінге дейін желісі үзілмей жеткен хас өнердің тарихи тамыры, сабақтастығымен де аса тәнті етті. ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші, қолөнерші Д.М. Бектеміров келушілерге қазақ қолөнерінің тарихын, сақ пен қазақ ұлтының арасындағы тарихи тамырластықты, әрбір өнер туындысының мәні мен мағынасын ашып көрсету арқылы қарапайым халық санасына сілкініс жасағандай болды. Көрмені тамашалаған адамдар өздері тұрып жатқан өлкенің тарихы мен қазақ қолөнерінің бастауы жайлы көптеген мағлұматтарға қанығып, өз ризалықтарын білдіріп жатты.

3) 21.02.2017 ж. «Есік» қорық-музейі алғаш ашылған күннен бастап көптеген игілікті іс-шараларға ұйытқы болып келеді. Солардың қатарында ата-ана қамқорлығынсыз қалған немесе зерде бұзылыстары бар, сонымен қатар басқа да балалар үйінің тәрбиеленушілеріне басты назар аударып отыратынын айта кеткенді жөн санаймыз. Аталмыш балалар қорық-музейге тегін кіріп, тамашалай алады, сонымен қатар оларға арнап түрлі іс-шаралар мен мерекелік кештер де ұйымдастырылып отырады. Соның айғағындай 21 ақпан күні «Есік» қорық-музейі Есік қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта 2 бірдей іс-шара ұйымдастырды. Ең әуелі аталмыш мекеменің акт залында оқушылардың концерттік бағдарламасы болып, соған орай, «Есік» қорық-музейінің қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы-термеші, қолөнер шебері, құсбегі Балтабай Ыбырайұлының «Ежелгі жыраулық өнер» арнайы концерт-дәрісі өтті. Концерт барысында балаларға халқымыздың жыраулық өнерінің тарихы, жыраулар тарихы, жыраулық өнердің бүгінгі жағдайы туралы мәліметтер берілді. Ал, «Қазақ саятшылығы мен қолөнері» атты көрмеде халқымыздың осынау киелі өнерінің бастау алатын тарихы, оның сонау сақ-сарматтардың дәуірінен бері жалғасып келе жатқаны, оның дәлелі ретінде «Алтын адамның» тәжінің өзі бүркіт пішіндес етіп жасалынғаны, ежелгі сақ-үйсін дәуірінен жеткен жартас бетіндегі суреттерде, сақтардың «аңдық стил» атты зергерлік өнерінің ескерткіштерінде қыран бейнесінің ерекше көрініс табуы, ежелде қыран бүркітті қалай қастерлегені туралы жан-жақты мәліметтер беріліп, оқушыларға мол мағлұмат берілді. Көрме мен концерт-дәрісті тамашалаған оқушылар мен олардың ұстаздары керемет әсерге бөленіп, тарихымыздың тылсымына тағы да бір бойлап қайтқандай болды. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілек бәрінің көкейінде тұрды.

4) 22.02. 2017 ж. «Бүгінгі таңдағы қазақ қолөнері». «Сити номад» жобасы бойынша Ұлы Британия елінен келген дизайнерлерге арнайы қазақ қолөнері туралы көрме ұйымдастырылды. Шетелдік қонақтар ең әуелі сақ қолөнерімен танысуды жөн көріп, саяхаттарын «Есік» қорық-музейінен бастады. Сақ қолөнері туындыларын тамашалаған қонақтарға бас суретші – Д.Бектеміров, ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Ғ.Ш. Файзуллина мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Б.Ибраев қазақ қолөнерінің тарихын, сақ-үйсін шеберлері мен қазақ қолөнерінің арасындағы байланыс тарихын кеңінен түсіндіріп, бүгінгі таңдағы қазақ қолөнері бұйымдарымен таныстырды. Сонымен қатар, қазақ дастарханынан дәм татқан қонақтар, әйгілі қолөнер шебері, Д. Шоқпарұлының ұлттық қолөнер музейін де тамашалады.

5) 30.03.-30.10. 2017 ж. «Алматы облысы музейлерінің алтын картасы» атты көрменің тұсаукесері.        Алматы облысының аумағында орналасқан, негізінен Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалдары болып табылатын 20 музейдің ең құнды деген жәдігерлері осы көрмеден орын алды. Әрине, көрмені ұйымдастырып отырған «Есік» қорық-музейі мен облыстық деңгейдегі «Ұста Дәркембай» атындағы ұлттық қолөнер музейінің жәдігерлері де осынау көрмеден орын алып, нәтижесінде музейлердің жалпы саны 22-ге жетті.  Бәрімізге де белгілі, 2017 жылы Қазақстанда Халықаралық көлемдегі аса ірі шара – Халықаралық ЭКСПО мамандандырылған көрмесі өтті. Бұл іс-шараға еліміздегі күллі мәдени мекемелер үлес қосты. «Есік» қорық-музейі аумағында ашылған «Алматы облысы музейлерінің алтын картасы» атты көрме аясында Алматы облысы музейлерінің күшімен «Есік» қорық-музейінде арнайы экспозиция ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар, аудиториямен жұмыс істеу жөніндегі семинар да ұйымдастырылды. Көрме залында Алматы облысының картасы қойылып, ол жерге музейлердің орналасқан жері нөмірленіп белгіленіп, атаулары жазылды. Сонымен қатар, Алматы облысының музейлері туралы мәліметтер мониторда электронды кітап түрінде берілді. «Есік» қорық-музейінің кіре берісінде осы әрбір музейге дейінгі қашықтық көрсетілген арнайы бағыттаушы тақта орнатылды.

Көрме төмендегідей мақсаттарды көздеді:

  1. Алматы облысының тарихи-мәдени ескерткіштері мен мұрасына, мәдени өміріне туристер назарын аудару;
  2. Облыстық аумағындағы музейлердің өзара байланыстарын нығайту.
  3. ЭКСПО-ға келуші қонақтарға облыстың тарихи-мәдени бай мұрасын бір арадан көруге және аздаған уақыт ішінде облыс көлеміндегі ең белгілі жәдігерлерді тамашалауға мүмкіндік жасау;
  4. Музейлерді өздерінің қорындағы ең бір бағалы жәдігерлері арқылы жарқырата көрсету және сол арқылы облыстық музейлерді жарнамалау;
  5. Алматы облысы музей қызметкерлерінің арасында кәсіби деңгейдегі өзара көмек пен әріптестік байланыс орнату (әсіресе аудиториямен жұмыс істеу туралы семинар жұмыстарын ұйымдастыру).

6) 07.04-07.05.2017 ж. Жамбыл облысы, Меркі ауданы Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Есік» қорық-музейінің «Алтын адамның» құпиясы» атты көрмесі ашылды. Көрмеде әлі күнге дейін құпиясы толық ашылмаған, 1970 жылғы қазақ археологтарының ерекше олжасы «Алтын адамға» жаңаша көзқарас тұрғысынан баға беріледі. Яғни, сол кездегі археологиялық экспедиция қанша уақытқа созылды, экспедиция құрамында кімдер болды, «Алтын адам» қалай, қашан, қай жерден табылды, оны кімдер тапты деген мәселелер бойынша әлі күнге дейін талас-тартыс болып келе жатқан сұрақтарға барынша нақты жауап іздеп көруге тырысады. Көрмеде «Алтын адамға» қатысты архив құжаттары, сол кездегі ерекше уақиғаның куәгерлері болған адамдардың естеліктері мен сұхбаттары, «Алтын адамның» қазіргі зерттелу тарихы туралы мәліметтер берілді. Қазақстаннан тыс жерлерде де ерекше қызығушылық тудырып отырған осынау археологиялық олжа туралы көрме Меркі жұртшылығының да қызығушылығын тудырды. Көрменің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшының орынбасары – Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры – Сапақова Үртай, Қордай аудандық К.Әзербаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры – Оспанов Марат, Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры – Рымқұлов Есенхан, Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музей директоры – Қожагелдиева Ләйлә, Меркі ауданының әкімі – Өмірбеков Мейірхан Азатұлы сынды қонақтар қатысты. Көрме Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде бір ай бойы қызмет көрсетті.

7) 07.04-07.05.2017 ж. Жамбыл облысы, Меркі ауданы Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Есік» қорық-музейінің «Тастар сыр шертеді» атты көрмесі ашылды. Аталмыш көрме Жетісу жеріндегі бұрын-соңды Отандық ғылымға белгісіз болып келген жартас суреттеріне арналды. Ежелгі дәуірден орта ғасырға дейінгі қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар мен ұлыстардың тыныс-тіршілігінен хабар беретін осынау көрмеде Жетісу жеріндегі ежелгі көшпенділердің тарихы мен мәдениеті археологиялық тарихи-мәдени мұра объектілері арқылы баяндалды.

8) 07.04-07.05.2017 ж. Жамбыл облысы, Меркі ауданы Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Есік» қорық-музейінің бас суретшісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты, ҚР Президенті сыйлығының иегері – Д.М.Бектемировтың «Қазақ қолөнерінің пайда болу тарихы мен тарихи сабақтастығы» атты көрмесі ашылды. Көрмеде қазақ қолөнерінің ежелгі дәуірдегі сақ-үйсін, ғұн қолөнерімен өзара тарихи байланыстары қарастырылады. Шын мәнінде ежелгі сақ-үйсін халықтарының бүгінгі мұрагері қазақ, қырғыз және т.б. көшпенді халықтар ұрпақтарының қолөнеріндегі әрбір өрнек пен әдістері сонау ерте замандарда-ақ қолданылған еді. Оған мысалды біз Алтайдағы Пазырық қорғанынан табылған кілем өрнектерінен, ежелгі сақтардың киім үлгілері мен ат әбзелдерінен, қару-жарақтары мен мінген аттарынан, тұрмыстық бұйымдары мен басқа да заттарынан байқай аламыз. Тіпті ондай мысалдарды қазақ жеріндегі қола және ерте темір дәуірінің туындылары – петроглифтердегі  (жартас суреттері) түрлі сахналардан да байқай аламыз. Ежелгі дәуір тарихшылары Геродот, Страбон, Сыма Сян, Бан Гу, Фань Е және т.б. ғалымдардың еңберінде сипатталған ежелгі қазақ жерінде өмір сүрген халықтардың дәстүр-салты да бүгінгі қазақ халқының әдет-ғұрпымен үндесіп жатқанын байқау қиын емес. Көрме қонақтарды осынау ойды, тарихи фактілерді көрмеден көріп, көңілдерінде пайымдап жатты.

9) 17.04.2017 ж. Астана қаласындағы Қазақстан Респбуликасы Ұлттық музейінде өткен Б. Нұрмұханбетовке арналған «Өнегелі өмір» фотокөрмесі. Аталмыш көрме Ұлттық музейде өткен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі, белгілі археолог Б. Нұрмұханбетовке арналған «Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның смволы» атты ғылыми-практикалық конференция аясында болып өтті. Конференция ашылған күні Бекен Нұрмұханбетов өмірінің соңына дейін қызмет еткен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қорындағы фото-құжаттар негізінде көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер Б.Нұрмұханбетовтың балалық шағы, студенттік өмірі, экспедициялық кезеңдері мен «Есік» қорық-музейінде жұмыс істеген кездерімен танысып қана қоймай белгілі археологтың марапаттары мен алғыс хаттарын көріп, оның еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтау жолындағы ерен еңбегін де сезіне білді. Көрме барысында келуші қонақтарға «Есік» қорық-музейінің «Тайны Золотого человека» және Б.Нұрмұханбетовке арналған «Саки и совраматы Казахских степей: контакт культур» атты жинақтарын таратты.

10) 19.05-19.10. «Есік» қорық-музейіндегі Еуразия мәдениет Альянсынан суретші Алёна Велардың «Рингтон» көрмесі. Объект кәдуілгі домбыра мойнының символы болып табылады. Жер асты, жер үсті және әуені ишаралайтын үш деңгейлі «шертпелі музыкалық аспап» кеңістік стихия дыбысын шығара алады. Бұл – «жер ауасын» беретін, қоршаған ортамен сөйлесуге шақыратын аспап. Ішектерін қозғасаң, ерекше дыбыс естуге болады.

11) 19.05-19.08. ҚР Суретшілер одағының мүшесі С.Т. Сүлейменованың «Есік» қорық-музейіндегі «Қалыңдық» арт-көрмесі. Өзіміз күнделікті тірлікте түкке керексіз етіп, қоқысқа тастай салып, сол арқылы қоршаған орта мен өзімізге орасан зор зиян тигізіп жүрген кәдуілгі целофон дорбалардың өзін пайдалы дүние ретінде іске асыруға болады. С.Сүлейменованың бұл туындысы көркемдік мәнімен қатар, табиғат анамызды ластамай барынша таза ұстауға үндейді

12) 19.05-19.07. Суретшілер Елена және Виктор Воробьевтардың «Есік» қорық-музейіндегі «Пастораль. ХХI ғасыр» көрмесі. «Алматы маңы, тыныш аспан. Батып бара жатқан күн суреті, оның соңғы сәулелері мәңгілік үндестік туралы ой салуы мүмкін. Сұлулық дәуірі оның романтик кейіпкерлерімен бірге өзіндік әсемдікке ие. Батып бара жатқан күн сәулесіне шомылған дорбалармен бірге жер де ұйықтап барады. Біздің жеріміз, біздің уақыт, біздің қоқысымыз».

13) 19.05-19.07. Суретшілер Елена және Виктор Воробьевтардың «Есік» қорық-музейіндегі «Ойықтар мен шұңқырлар жинағы» көрмесі. Қорғандар кеңістігі. Оларға бір уақытта ғалымның әрі, суретшінің көзімен қарауға бола ма? Археологиялық музейдегі көрме дегеніміз өнер тудыратын әлемнің ғылыми суреті мен сурет арасындағы үндестікті табуға тырысу. Бұл мұра мен мұрагерлер, яғни, біз туралы әңгімеге және ойлануға шақыру. «Ойықтар мен шұңқырлар жинағы» графикалық сериясын суретшілер «жер бетінің жарасы мен тыртықтары» ретінде ұсынады. Бұл объектілерге археологтар қала қарайды? Бекен Нұрмұханбетов «қорғандар өндірістік немесе ғылыми мақсатта жойылады», – деген болатын. Жерге деген құрметтің шегі қандай болады? «Жер де біздің санамыз сияқты баяғыда-ақ жараланған болатын. Біз қазіргі уақытты байқамастан жарқын болашақты армандаймыз, осы уақытпен өмір сүре отырып, болашаққа бағдарлама жасаймыз. Алайда, жарқын болашақ жеткізер емес. «Болашақ ешқашан келмейді. Бар болғаны өзіміз қартаюдамыз», ­– деген еді Сергей Маслов. Елестен құтылу үшін елеске малдану жаңа жараларға жол салады. Тек метафора ғана қазіргі сәтті лезде бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан да романтизм мен футуризмді қоя тұрып қарабайыр шындыққа жүгінген жөн. Полиэтилен дорбалар көршілес жер телімдерінде ұшып жүр. Бүгін, тек бүгін және қазір шұңқырларды көму, тыртықтарды тегістеу, ойықтарды бітеу, жараларды емдеу қажет. Бұл ертең, бүрсігүннің емес, бүгінгі күннің міндеті. Алыстағы сұлулық қанша көзді арбаса да шалынысып құламау үшін алысқа көз тіккеннен гөрі, аяқ астыңа қарап жүрген дұрыс. Бүгін және дәл қазір».

14) 14. 19.05 – 26.05. «Есік» қорық-музейіндегі әйгілі археолог Б.Нұрмұханбетовке арналған «Бекен ата есімізде» атты көрме. 2017 жылы әйгілі археолог, «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың өмірден өткеніне 1 жыл толды. Қазақ археологиясының корифейлерінің бірі өмірінің соңғы кезінде «Есік» қорық-музейінде аға ғылыми қызметкер ретінде жемісті еңбек етті. Б. Нұрмұханбетовті еске алу мақсатымен қорық-музейде археологтың өмір белестерінен хабар беретін, әрі, ол кісінің археологиялық өмірін қамтитын арнайы көрме өтті. Көрмеге археологтың қазба жұмыстары кезінде өзі пайдаланған заттары мен бұйымдары, көзі тірі кезіндегі далалық экспедицияларынан көріністер қойылды. Археолог рөлінде өзінің ұлы Бекбол Нұрмұханбетов болды.

15) 27.05. 2017 ж. Боралдай сақтар қорғаны археологиялық паркінде «Сақтар. Тарихи жаңғыру» атты көрме өтті. Көрменің басты мақсаты Алматы облысындағы сақтар қорғанын сақтау, насихаттау, зерделеу, дәріптеу болды. Сондай-ақ Жетісу өңірі бойынша табылған сақтар жайлы тарихи құндылықтардың басын қосып тәжірибе алмасу болды. Аталмыш көрмеге көшпенді мәдениеттің адамзат тарихында қалдырған мұраларын зерттеу барысындағы табылған құнды мұралар мен қайта қалпына келтірілген жәдігерлер қойылды.  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аталмыш көрмеге «Алтын адамның ашылу тарихы: аңыз бен ақиқат» атты көшпелі көрмемен қатысты. Ол көрмеде 1969 жылғы Есік археологиялық экспедицияға қатысқан археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбетов, яғни Бекен ата жайлы ақпараттар мен Алтын адамның табылуы тарихы және оған қатысты архив құжаттары қойылды. Көрмеге шетелден келген қонақтар да қатысып, қазақтың тарихы, салт-дәстүрі, қолөнер туындыларына тәнті болды. Көрмеге келген қонақтар жақсы тілектерімен бөлісіп, адамзат тарихының өшпес құндылықтарын дәріптеудегі қолға алынған бастамалардың жақсы қырынан көрініп, айрықша белгілерге ие болуына тілектес екендіктерін айтты. Аталмыш шараға қала қонақтары, баспасөз өкілдері, осы саланың мамандары мен сақ мәдениетіне деген қызығушылық танытатындар қатысты.

16) 17.07-30.07. 2017 ж. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Есік» қорық-музейі, «Таңбалы» қорық-музейі, «Ұлытау» қорық-музейі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі және ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында тарихи жерлердің киелі ескерткіштері бойынша шағын экспозициялық көрмелерінің ашылу салтанаты өтті.  Іс-шараға министрлік өкілдері, республикалық «Қазақстан» РТРК-і, «Хабар», «24KZ», «Мир» телеарнасының, «Егемен Қазақстан» газеті БАҚ өкілдері, Тәуелсіздік сарайы қызметкерлері және т.б қонақтар қатысты. Салтанатты іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Б.Ә.Тәженова бастап ашып берді. Келесі сөз кезегі Таңбалы ескерткіштерін ғылыми зерттеуші Люк Герман мырзаға, «Ұлытау» қорық-мұражайының Ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің басшысы Баян Шайгозоваға және «Есік» қорық-музейінің ғалым- хатшысы Д.Қ. Зікірияға берілді. Келген қонақтарға көрмелер жайлы толық ақпарат беріліп, экскурсия жасалды.  Бұл іс-шараға «Есік» қорық-музейі «Сақ мәдениеті» атты көрмемен қатысып қайтты. Көрмеде сақ мәдениетіне қатысты құнды дүниелерді жинақтап көрсетуге баса мән берілді. Аталған көрме жалпы «Жетісу жартас суреттері», «Алтын адамның құпиясы», «Өрнек олжалары» және «Пазырық кілемі» атты 4 бірдей бөлімнен тұрды. Алдыңғы үш бөлімде осыған дейін Отандық ғылымға белгісіз болып келген археологиялық жаңалықтар қамтылса, «Пазырық кілемі» бөлімінде дүниедегі ең көне әрі, әйгілі кілемнің көшірмесі қойылды. Біздің білуімізше осыған дейін бұл кілемнің көшірмесі ешбір елде жасалған жоқ. Демек, «Есік» қорық-музейі бұл тұрғыда алғаш рет осындай қадам жасап отыр.  Көрмеге жалпы шілде айының 17–30 аралығында 305 адам келді, оның ішінде 103-і Астана тұрғындары, 87-і әр өңірден келген қала қонақтары, ал шет елдік азаматтар саны 125 адам. Экспозицияға экскурсия қазақ, орыс, қытай тілдерінде жүргізіліп, тың және қызықты мәліметтер берілді. Экскурсияның жалпы саны – 52. Көрмені Ресей, Бразилия, Швецария, Қытай, Жапон, Греция және т.б да 10 елден келген шетел қонақтары тамашалады, олар Пазырық кілемінің тарихына аса қызығушылық танытып, «Сақ мәдениеті» мен «Алтын адамға» зор ықыластарын білдірді.

17) 17. 10.-03.11.2017 ж. аралығында «Есік» қорық-музейі Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сақ мәдениеті» атты арнайы көрмемен болып қайтты. Аталмыш көрме «Жетісу жартас суреттері», «Алтын адамның құпиясы», «Пазырық кілемі», «Өрнек олжалары» және «Ақсудың ақиығы – Бекен Нұрмұханбетов» сынды бес бөлімнен тұрды.  Көрменің ашылуына орай ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне мәдениет саласындағы барлық мекемелердің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің студенттері және қала мектептерінің оқушылары болып жалпы саны – 120 адам қатысты. Келушілерге қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізілді.  Бір ай бойы өткен көрмені жалпы саны 6146 адам тамашаласа, оның ішінде ересектер – 1436, студенттер – 1197, оқушылар – 3513 болды.

18) 2017 жылдың 29 қарашасында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы күніне орай қорық-музейдің археологиялық жұмыстарының нәтижесіне арналған «ІЗБАСАРЛАР» атты көрме ашылды.  Көрмеде «Есік» қорық-музейінің 5 жылдық археологиялық жұмыстарының нәтижесінде табылған артефактілер яғни, қазба жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ ежелгі «Пазырық» кілемінің алғашқы көшірмесін орын алды.  Қандай да бір тұлғаның ізбасарлары болары хақ. Ол тұлға өзінің ұстаздық өнегесімен, тәлімді тәрбиесімен ізбасарларының жүрегінің терең түкпірінен орын алып, жадында жатталып қалады. Біз үшін осындай Тәлімгер, Ұстаз, ол – археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбетов (Бекен ата) еді. Ол қорық-музейдің жас археологтарын тәрбиеледі, білгенін жалықпай үйретті, музейде археологиялық мектептің негізін қалады. Осы көрмеде аталмыш археологқа арнайы бұрыш бөлініп Ізбасарларының Ата туралы жазған жылы лебіздері орын алды.  Сонымен қатар келушілер бұл көрмеден басқа да тарихи құндылыққа ие жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, көне мәдени мұралар мен археологиялық қазбалар және археолог-зерттеушілер мамандығының сабақтастығы жайында да көптеген мәліметтер алып қайтады. Оған қоса мұнда «қазіргі замандастарымыз келешек ұрпаққа қандай ІЗ қалдырады, болашақ археологтар бізден қалған қандай мұраны зерттейді? Біздің болашаққа қалдыратын қандай өркениетіміз бар? Біз бұрынғы өткен бабаларымыз сияқты саф мұра қалдырамыз ба? Әлде, экологиялық қоқыс тастаймыз ба?», – деген сұрақтарға да жауап іздейді. Көрмені «Есік» қорық-музейінің ғалым-хатшысы Д. Зікірия ашып, одан кейін келуші қонақтарға қорық-музейдің аға ғылыми қызметкері, көрме авторларының бірі – Т. Тулегенов экскурсия жүргізсе, «пазырық кілемі» туралы арнайы экскурсияны ғылыми қызметкер – Ә. Амарғазиева жүргізді. Бұл кілем үлгісі өзінің көнелігі мен жасалу технологиясы арқылы келуші қонақтарды қатты таң қалдырды. Көрменің ашылуында Өрікті №1 орта мектебінің 9-шы сынып оқушылары мен ұстаздары және РТРК «QAZAQSTAN» телеарнасының, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері мен бірқатар музейге келуші қонақтар болды. Сондай-ақ экспозицияның компоненті ретінде, тақырыпқа сай қойылған «өз ізіңді қалдыр» атты интерактивтері оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Көрме ұйымдастырушылары мен қорық-музей қызметкерлері осы көрменің ойдағыдай болып шығуына зор еңбек сіңірген қорық-музейдің бас суретшісі Бектеміров Дәулетке ерекше алғысын білдіреді.

2018 жылы өткізілген көрмелер саны – 10

1)  31.01.2017 ж. 2018 жылдың 31-қаңтар күні Есік қаласында орналасқан Райымбек орта мектебінде аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы және Есік қаласының әкімдерінің 2017 жылғы есебі тыңдалды. Осы іс-шараға байланысты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі шағын көрмесін апарып қайтты. Бұл көрмеге Есік қаласындағы бірқатар мәдени ұйымдардың, өндіріс орындарының және тағы басқа мекемелердің өнімдері, тарихи мәні бар бұйымдары қала тұрғындарының назарына ұсынылды. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан көрмеге 2017-жылы Рахат, Өрікті қалашықтары мен Өрнек қорымына шетелдік археологтарымен бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер, қазба туралы шет тілінде жазылған кітаптар қойылды. Көрмені Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ә. Ысқақ, қала әкімі Б.М. Бименов пен қала тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және т.б қонақтар тамашалады. Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағының төрайымы Р.Омарова Рахат қала жұртының тарихына аса қызығушылық танытып, зор ықыласын білдірді. Келген көрермендерге көрме жайлы толық ақпарат беріліп, экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар қорық-музейдің мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған ақпараттық парақшалар ұсынылды. Бұл көрменің маңызды тұсы – «Есік» қорық-музейінің өткен жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін көрсету, халықтың тарихқа деген қызығушылығын ояту, олардың музейге деген ынтасын ояту болып табылады. 2018 жылдың 31-қаңтар күні Есік қаласында орналасқан Райымбек орта мектебінде аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы және Есік қаласының әкімдерінің 2017 жылғы есебі тыңдалды. Осы іс-шараға байланысты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі шағын көрмесін апарып қайтты. Бұл көрмеге Есік қаласындағы бірқатар мәдени ұйымдардың, өндіріс орындарының және тағы басқа мекемелердің өнімдері, тарихи мәні бар бұйымдары қала тұрғындарының назарына ұсынылды. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан көрмеге 2017-жылы Рахат, Өрікті қалашықтары мен Өрнек қорымына шетелдік археологтарымен бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер, қазба туралы шет тілінде жазылған кітаптар қойылды. Көрмені Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ә. Ысқақ, қала әкімі Б.М. Бименов пен қала тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және т.б. қонақтар тамашалады. Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағының төрайымы Р.Омарова Рахат қала жұртының тарихына аса қызығушылық танытып, зор ықыласын білдірді. Келген көрермендерге көрме жайлы толық ақпарат беріліп, экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар қорық-музейдің мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған ақпараттық парақшалар ұсынылды. Бұл көрменің маңызды тұсы – «Есік» қорық-музейінің өткен жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін көрсету, халықтың тарихқа деген қызығушылығын ояту, оларды музейге баулу болып табылады.

 

2) 13.03.2018 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері Рахат ауылдық округінің №1 орта мектеп басшыларының ұсынысымен аталмыш оқу орнында «Сақ мәдениеті» атты көшпелі көрме өткізіп қайтты. Көрменің мақсаты сақ мәдениетіне тиесілі құнды дүниелерді жинақтап, мектеп оқушыларының білімін жетілдіріп, шыңдап, сондай-ақ, интерактивті әдіс ретінде жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіру арқылы Жетісу жерін мекендеген ежелгі халықтардың өнері мен мәдениетін, наным-сенімдерін көрсетіп, мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-да кездесетін сақ мәдениетіне қатысты сұрақтардың дұрыс жауабын табуына үлес қосу болатын. Көрмені тамашалауға келген оқушылардың басым көпшілігінің назары «Алтын адамның» қабірнен шыққан, «Есік жазуы» деген атқа ие күміс тостағаның көшірмесіне түсті. Күміс тостағанның көшірмесінің авторы «Есік» қорық-музейінің бас суретшісі, мүсінші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Бектемиров Дәулет Магзумбаевичке оқушылар дән ризашылығын білдірді. Сақ шаруашылығындағы қарқынды даму алған егіншілік және қала мәдениеті туралы, сондай-ақ, ғұрыптық бұйымдарын тамашалап, толыққанды мағлұмат алған оқушылар жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіріп, құды бір сақ дәуіріне саяхат жасап қайтқандай сезінді. Екі топқа бөлінген оқушылар өз жылдамдықтары мен тапқырлықтарын сынамақ болып «Алтын адамның» бас киімі бейнеленген пазылдарды құрастырып, жеңімпаздар кішігірім сыйлықтарға ие болды.

 

3) 21.02.2018 ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Түркістан қаласындағы Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың «Ұлттық зергерлік бұйымдар» жобасы негізіндегі 100-ге жуық құнды жәдігерлер топтамасын қамтитын, 2 бөлімнен тұратын «Киелі өлке мұралары» атты көрмесі. Аталмыш көрмеде ата-бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа қалдырған ұлы мұралары көрсетіле отырып, зергерлік өнердің ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі мен оның философиялық, эстетикалық ұстанымдары насихатталды. Аталмыш көрмеде ата-бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа қалдырған ұлы мұралары көрсетіле отырып, зергерлік өнердің ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі мен оның философиялық, эстетикалық ұстанымдары насихатталды. Ұлтымыздың сұлулыққа іңкәр туындыларын келушілерге Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи-мәдени этнографиялық орталығының экскурсия бөлімінің қызметкері – О.Жексенбаев арнайы таныстырды.

 

4) 11.05.2018 ж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжінде өткен тарих апталығына орай «Есік» қорық-музейі арнайы шақыртумен аталмыш оқу орнында «Сақ мәдениеті» атты бір күндік көшпелі көрме өткізіп қайтты. Сақ мәдени етіне қатысты кеңінен мәлімсет беретін тартымды да, танымдық көрмеге көбіне сол дәуірге және «Алтын адам» тарихына қатысты түпнұсқа артефакттер қойылды. Бір қуантарлық жағдай ­- жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығы өте зор екендігі аңғарылып тұрды. Көрмені тамашалаған ұстаздар қауымы мен студенттер көне тарихымызға қатысты көптеген сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Осындай игі шараны ұйымдастырып, шәкірттерін тарихпен сусындатып, білікті маман тәрбиелеуге ат салысқан аталмыш ұжымның қызметкерлеріне, әсіресе Камила Абдижапарқызы, Шолпан Елемесқызы, т.ғ.к. Абдурахман Абдурасилұлы және Талғат Сағатұлына зор алғысымызды білдіреміз.

 

5) 18.05.2018 ж. Стокгольмнен жеткен Қазақстандық «babushkas» көрмесі. Анне Химмельстрандтың маркалары – мемлекеттік баспаның нышандары емес, пошта маркасы бейнесі ретінде жасалған өнер туындысы. Бұлардан суретшінің өткір көзқарасы, табиғи қалпы, өмірге деген құштарлығы мен баладай пәк жандүниесін көресіз. Осынау жақсы қасиеттердің барлығы мен алға қойған мақсатына жету жолындағы табандылығы осы әр алуан еңбектердің пайда болуы үшін аса қажетті еді. Олардың өн бойынан технологиялық тираждау, идея тұтастығы мен оны іске асыру, соны ойларға толылық (осының бәрі де «экзотикалық» материалдармен орындалған) сынды заманауи өнердің қағидаттарын толық көруге болады.   Әрбір маркада «Untitled Woman» деп жазылған. Атақ-даңқы жоқ қарапайым әйел суретшінің еңбегі арқылы атағынан ат үркетін, ата-тегі арқылы тарихта қалған патша ақсүйектерімен тең дәрежеде маркаларда (шақада) құрметті орын алады. Ол таптар арасындағы шекті жойып, адамның тұлға ретіндегі жоғары дәрежесіне сай жаңа бейнеге енеді.   Мен Аннаға «мен «babushkas»тарды жақсы көремін. Күн сайын көз алдымызда көлбеңдей беретін «Mersedes», «Volvo», «Marlboro» және т.б. фирмалардың жарнамасының орнына өзіміздің әжелеріміздің бейнесі болғанын қалаймын», – дедім.  Марканың маңдайына саяхатшы болу жазылған. Оның тағдыры конвертке желімделіп, маңдайына мөр таңба басылып, одан әрі көрші ауыл ма, әлде мұхиттың арғы жағы ма екені ешбір маңызды емес, бастысы өзін бағыттаған жаққа қарай хатпен бірге ұшу. Ең маңыздысы ол өзін шығарған елін таныстырса болғаны. Күндердің күнінде «Untitled Woman» деген жазбаның қасында Қазақстан Республикасы деген жазу пайда болып, осындай қарапайым да, ақылды бейнеге ие әйелдердің қай жерде тұратыны бәріне де белгілі болып қалар.

6) 18.05.2018 ж. «Өлке мақтанышы» атты көрме өтті. Бұл өз алдына бөлек те қызықты көрме болды. Бұл көрме ағымдағы жылдың наурыз айында жарияланған «Өлке мақтанышы» байқауының қорытындысы. Көрме экспозициясынан әр өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштерін және ел ертеңі үшін ерінбей еңбек еткен азаматтардың есімдерін паш ететін гипотетикалық ақша мен марка дизайндарын көруге болады. Бұл шығармашылық жұмыстарды мектеп оқушыларынан бастап, кәсіби деңгейдегі мамандарға дейін жасады. Мұнда ақша немесе купюрада әдеттегі тарихи тұлғалар емес, әркімнің өзіндік көңіліндегі тұлғалары, аймақтың мақтаныштары белгіленді. Әдетте ақша купюролары, облигациялар, маркалар, құнды қағаздар уәкілетті билік орындары бекіткен 10 тиын, 5 теңге, 100 доллар, 50 еуро және т.б. арнайы құндармен белгіленеді. Екінші жағынан осылардың бәрі де мүлдем басқа құндылықтармен өлшенетін семантикалық белгілерді өн бойына сіңірген. Мұнда мәдени мұраның өте маңызды нысандары бейнеленген.      Бонистика мен филателияның жеке зерттеу мен қарастыруға тұрарлықтай тағы бір қыры бар. Дәл осы қыры оның құнын арттыра түсетін бөлігі болып табылады. Бұл — сан ғасырлар бойы айырбас құралы ретінде қолданған маркалар мен ақшаны дайындаудың адам баласы қолымен жетілдірілген сұлулықтың эстетикалық категориясы. Қалай болғанда да тауар айырбасының құралы мәдени құбылыстардың нысандарына жиі айналуда. Өз кезегінде бұл олардың адамзат үшін құндылығын арттыра түсуде.

 

7) 02.06.2018 ж. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Ұлы Жібек жолы бойындағы достық және әріптестік» естелік-белгісі іс-шарасының аясында арнайы фотокөрме ашылды. Бұл шараны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың шетелдермен достық қарым-қатынасты күшейтіп, еліміздің сыртқы имиджін жақсарту үшін іске асырып жатқан бастамаларының бір парасы деуге болады. Фотокөрмеге «Есік» қорық-музейінің Корей Республикасымен бірлесе жүргізген жұмысы барысында түскен естелік фотолар қойылды. Сондай-ақ фотокөрмеге екі мемлекет қорғандарының фотосы қойылып, тарих пен мәдениеттегі ұқсастықтарынан сыр шертетін құнды мәліметтер көрсетілді. Екі елдің достығы мен мәдени байланыстары да ары қарай дамып, жетіліп, тың жаңалықтармен нығая түспек. Бұл көрмені қорық-музейге келген қонақтар ыстық ықылас, зор қызығушылықпен тамашалады.

 

8) 15.06.2018 ж. «Оқиғалы оюлар» көрмесі. «Есік» қорық-музейінің экспозициясынан «Оқиғалы оюлар» деген атпен – суретші Шынар Қоғабайдың қолынан шыққан картиналар мен панолар сынды тамаша туындылар орын алған. Бұл туындылардың ерекшелігі – сюжетке біртұтастық, яғни басталуы, баяндалуы мен аяқталу сипатын беретін картиналарды үздіксіз бір сызық бойымен өрнектей салып шығуында. Ал туындыларының басты тақырыбы – ою-өрнектер мен жан-жануарлар болып келеді. Осы көне де, көзайым суреттегі өрнек-оюлар бірде матаға жапсырылып, бірде кестеленіп, кейде тоқылып, өзгеше бұйымдар мен картиналар туғызады. Суретші екі мың жылдан астам тарихы бар оюларға жан бітіреді, ұлттық қолөнер дәстүрін одан әрі жалғастырып, оқиғалы, суретті, ою-өрнектерімен өзіндік ерекше қолтаңбасын ұсынады. 1998 жылы Астананың тұсаукесер тойында Шынар Жұмағалиқызының шығармашылығын көрген белгілі өнертанушы-ғалым, мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағанбетов: «Бұл өнер сақ дәуіріндегі аң-құс стилінің қайта жаңғыруы» — деп баға берген екен. Осы бағалаудан-ақ біз Шынар Қоғабайдың көне мен бүгінді ұштастыра білген дарын иесі екенін көріп отырмыз. Суретшінің экспозициямызға қойылған туындылар қатарында: «Оқиғалы оюлар» — «Баянауыл», «Өмірбаян», «Билік құдіреті», «Менің Қазақстаным», «Аңшылық», «Наурыз» сынды шығармалары орын алды.

 

9) 15.06.2018 ж. «Қазақ жері» көрмесі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қамтылғандай бүгінгі таңда әр қазақстандықтың жүрегінде өзінің туған жеріне деген махаббат маздап тұруға тиіс. Осы орайда «Есік» қорық-музейінде өткен «Музей түні» іс-шарасының аясында Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі «Таланттар палитрасы» үйірме мүшелерінің шығармашылық жұмыстары арнайы көрме ретінде таныстырылды. Талантты балалар үйірмесінің жетекшісі­ – Зубова Яна. Көрмеге 50 астам жас суретшілердің шығармалары қойылды.

10) 02.07-03.08. 2018 ж.  Қазақстан Республикасының жаңа астанасының 20 жылдығына орай, Есік қорық-музейі Астана қаласының тарихы туралы шағын фото-деректі көрме ұйымдастырды. Көрменің бір бөлімі көшіру жұмыстары бойынша жұмыстарды ұйымдастырған Мемлекеттік комиссия мекемесінің астананы Ақмола қаласына ауыстыру туралы шешім қабылданған күні, «Жаңа астана» қорын  құру, қаланы қайта атау туралы баяндайтын архив құжаттарының көшірмелерін ұсынды. Суреттер қаланың Целиноград деп аталатын уақытынан бері қалыптасу кезеңдерін бейнеленген. Қысқаша түсіндірме мәтіннен келуші қонақтар Ақмола бекінісінің тұрғызылуынан бастап оның қала мәртебесін алуы, Ақмола-Қарталы темір жолының салынуы, XX ғасырдағы «Тың игеру эпопеясынан» бастап қаланың қазіргі заманғы еуразиялық кеңістктің орталығына айналу тарихымен де таныса алады.

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
www.issykrm.kz