«Есік» қорық-мұражайының «Өткенге салауат, жастарға аманат» — мәдени-әлеметтік жобасы

«ЕСІК» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай қызметкері А.Ж.АМАРГАЗИЕВА

«Есік» қорық-мұражайының «Өткенге салауат, жастарға аманат» — мәдени-әлеметтік жобасы

«Өткенге салауат, жастарға аманат» — атты мәдени-әлеуметтік жоба қорық-мұражайды дәріптеумен бірге ұлттық құндылықтарымызды, ежелгі тарихымыз бен мәдениетімізді ел арасына насихаттаудың тамаша бір жолы, жергілікті тұрғындармен етене жұмыс жасау, олардың мәдениет ошағына жиі келіп тұруларына жағдай жасаудың тиімді әдіс.

2012 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін жоба аясында 12 жас жұбайға неке куәлігін салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Ұйымдастырылған сценарий сақ кезеңінен бастау алатын салт-дәстүрге, ырым-жоралар мен ғұрыптарға бай. Рәсімді өткізу барысы бес кезеңнен тұрады

2

Бірінші кезең – күйеу жігіт түрлі сынақтардан өтіп қалыңдығымен қорық-мұражай табалдырығын аттайды.

5

3

Екінші кезең – күйеу жігіт пен қалыңдық сайысы. Екі жас сайыстан (тапсырмалар мен сұрақтар) сүрінбей өтуіне байланысты әр қайсысы өз қоржындарына ұпай жинап отырады. Жеңімпаз сол сәтте жарына (жеңілген) талап-тілегін орындатқызады

Үшінші кезең — екі жас пен қонақтар экскурсия жүргізуші көмегімен экспозициялық залды тамашалап, естелік суретке түседі.

1Төртінші – ең маңызды кезең. Бұл кезеңде салтанатты түрде екі жасқа НЕКЕ куәлігі (алдын-ала АХАЖ-да тіркеліп алынған) тапсырылып, неке жүзігі тағылады. Жас жұбайларға қазақ салтымен ақ бата беріліп, «ақтан ауыз тиісін» — деген ниетпен «Хаома» сусынының орнына қымыз ұсынылады. Хаома – эфедра шырынынан дайындалған, адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлайтын қасиетті сақ сусыны.

IMG_1894

Бесінші кезең – күйеу жігіт кестелі беторамалға оралған мойын омыртқаны достарына иықтан асырып артқа қарай лақтыру арқылы, эстафетаны болашақ отау иелеріне өткізеді. Аталмыш шара осымен аяқталады.

«Өткенге салауат, жастарға аманат» жобасы Алматы қаласында өткен «Открытая Азия – Открытый Музей» атты фестиваліне ұсынылып қазіргі таңдағы мұражай ісіндегі жаңаша идея ретінде оң бағаланды.

Мәдени-әлеуметтік жоба жас жұбайлар мен қонақтардың мәдени талғам-талабына сай рухани азық қана емес, қорық-мұражайдың қосымша табыс көзіне де айналды.

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz