Қорық-музейдегі киелі өлке мұралары

Қазақ даласында әшекейленбеген заттар мен бұйымдар жоқтың қасы. Демек, кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінен табылады. Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, туындыларының жаңалығы мен жасампаздығы олардың өміршеңдігінен көрінетін. Сондай-ақ, қазақтың қолөнер шеберлері технологиялық тәсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей img_0402бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын салт-дәстүрге негіздей отырып, өңдеп, жаңартып, түрлендіріп жасаған.

18-сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығының «Киелі өлке мұралары» атты img_0404көшпелі көрмесі қойылды. Көрмені Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығының жалпы экскурсия бөлімінің меңгерушісі Жексенбаев Омар мырза ашты. Көшпелі көрменің басты мақсаты – ата-бабалармыздан жеткен әшекей бұйымдарды тағудың салт-дәстүрлік ерекшеліктерін көпшілік қауымға түсіндіру, насихаттау, паш ету және қазақи ортадағы қолөнер шеберлерінің үздік туындыларын Жетісу өңіріне таныстыру еді. Қорық-музейге келген қонақтардың көшпелі көрмеге деген қызығушылықтары орасан зор болды. Көрмені екі жүзден астам адам тамашалап, алған әсерлерін ыстық ықыласпен жеткізді.img_0438

Әшекей бұйымдар тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Мәселен, басқа, қолға, кеудеге және т.б. Ал киімге тағылатын әшекей түрлеріне түймелер, қапсырмалар, белдік, белбеу, тана және т.б жатады. Демек, осы көшпелі көрмеден қонақтар осындай топқа топтастырған әшкей бұйымдармен етене танысты. Алдағы уақытта да оңтүстік өңірі мен Жетісу арасындағы мәдени байланыс жалғаса түспек.

Ғылыми-қор және экскурсиялық қызмет көрсету

 бөлімінің жетекшісі Гүлмира Жумай

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz