«Есік» қорық-музейінде ескерткіштер күні аталып өтті

img_0216

2018 жылдың 18 сәуірінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған мерекелік ауқымды іс-шара өтті.

Осы мерекені жыл сайын атап өту «Есік» қорық-музейінде дәстүрге айналып, дәл осы күні музейде БАҚ-ы мен туризм саласындағы өз достарымен кездесу өткізеді, олардың еңбектері бағаланып ең белсенділеріне музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылады.

 img_0282Биыл да сол дәстүрден танбай атаулы күнде ұйымдастырылған мереке аясында «музей достарын» марапаттау дәстүрі өз жалғасын тапты. «Есік» қорық-музейінің директоры Г.Р. Мухтарованың қолынан 2017 жылдың қортындысы бойынша қорық-музейдің БАҚ-ы өкілдері арасынан ең үздік достары ретінде «Қазақстан» РТРК-і журналисті – Ж.Елшібаева, «Жетісу» газетінің тілшісі – Б.Мәжит, «Еңбекшіқазақ» газетінің редакциясы, сонымен қатар, бірнеше туристік фирма өкілдері де арнайы марапаттар алды. img_023918 сәуірді «Есік» қорық-музейі жыл сайын жаңа көрмелермен қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Биылғы көрме кезегі Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Түркістан қаласындағы Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың «Ұлттық  зергерлік бұйымдар» жобасы негізіндегі 100-ге  жуық құнды жәдігерлер топтамасын қамтитын, 2 бөлімнен тұратын  «Киелі өлке мұралары» атты көрмесіне тиді. Аталмыш көрмеде ата-бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа қалдырған  ұлы мұралары көрсетіле отырып, зергерлік өнердің ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі мен оның философиялық, эстетикалық ұстанымдары насихатталды. Ұлтымыздың сұлулыққа іңкәр туындыларын келушілерге Оңтүстік Қазақстан  облысы тарихи-мәдени этнографиялық орталығының экскурсия бөлімінің қызметкері – О. Жексенбаев арнайы таныстырды. Оған қоса, Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықтан жеткен кітаптар «Есік» қорық-музейінің кітапханасына сыйға тартылса, қорық-музей кітаптары Түркістан тұрғындарының танысуы үшін киелі шаһарға аттанатын болады.

 Мереке соңы «Есік» қорық-музейінің мерекелік дастарханына жалғасты.

      Ғалым-хатшы

Д.Зікірия

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz