Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны Н. Ә. Назарбаев.

img_0174

Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Сол ұрпақ мемлекеттің ертеңгі алтын діңгегі болуы тиіс деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұл мен қызды білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында қолдан келген бар жақсылықты жасап келеді. Елбасының бұл саясатын қолдап, өскелең ұрпақтың санасына киелі жерлерді және ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұраларды дәріптеуді, бағалап, қызығушылықтарын оятуды мақсат тұтқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері 2018 жылдың 13-наурыз Рахат ауылдық округінің №1 орта мектеп басшыларының ұсынысымен «САҚ МӘДЕНИЕТІ» атты көшпелі көрмемен барып қайтты. Көрменің мақсаты қорық-музейдің ғылыми зерттеуі мен экспозициялық қызметінің негізгі тақырыбына айналған «Алтын адаммен» бірге табылған күміс тостаған, ағаш, қыштан жасалынған бұйымдары және В. Садомсковтың көшірме тоғалары жөнінде мәлімет беріп, сақ мәдениетіне тиесілі  құнды дүниелерді жинақтап, мектеп оқушыларының білімін жетілдіріп, шыңдап, сондай-ақ, интерактивті әдіс ретінде жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіру арқылы Жетісу жерін мекендеген ежелгі халықтардың өнері мен мәдениетін, наным-сенімдерін көрсетіп,  мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-да кездесетін сақ мәдениетіне қатысты сұрақтардың дұрыс жауабын табуына үлес қосу болатын.

img_0189Көрмені тамашалауға келген оқушылардың басым көпшілігінің назары «Алтын адамның» қабірнен шыққан, «Есік жазуы» деген атқа нақыштары бар күміс тостағаның көшірмесіне түсті. Күміс тостағанның көшірмесінің авторы «Есік» қорық-музейінің бас суретшісі, мүсінші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Бектемиров Дәулет Магзумбаевичке оқушылар дән ризашылығын білдірді.

Сақ шаруашылығындағы қарқынды даму алған егіншілік және қала мәдениеті туралы, сондай-ақ, ғұрыптық бұйымдарын тамашалап, толыққанды img_0115мағлұмат алған оқушылар жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіріп, құды бір сақ дәуіріне саяхат жасап қайтқандай сезінді. Екі топқа бөлінген оқушылар өз жылдамдықтары мен тапқырлықтарын сынамақ болып «Алтын адамның» бас киімі бейнеленген пазылдарды құрастырып, жеңімпаздарына кішігірім сыйлықтар берілді.

Ата-бабаларымыздан жеткен осындай құнды жәдігерлерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, паш ету қорық-музейдің басты міндеттерінің бірі, сол себепті мұндай көрмелер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Динара Суатаева

Ғылыми қызметкер

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz