Қорық-музейдің мектеп оқушыларына арналған бағдарлама аясында…

img_20171125_101122_047«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арнайы жоспарланған бағдарламалық сабақтар негізінде №1 Рахат ауылдық мектебінің 7 «а» сынып оқушыларына ай сайын тақырыптық сабақтар өткізуде. Тақырыптық сабақтың мақсаты оқушыларға кітаптан оқығандарын көзбен көруге және жақыннан танысуға үлкен мүмкіндік тудырады. Осыған орай «Есік» қорық-музейі мен №1 Рахат ауылдық мектеп арасындағы келісім бойынша оқушылар музейге тегін кіріп білімдерін толықтыра түсуде, сонымен қатар жыл соңында қорытындылай келе дәріс, яғни тақырыптық сабаққа  қатысушыларға арнайы img_0312сертификаттар тапсырумен қатар болашақта оқушылардың ғылыми жобаға қатысуы да жоспарланып отыр. Бағдарламаның күнтүзбелік жоспары бойынша бірінші «Сақ пен үйсін мәдениетіне саяхат» деп аталатын тақырыптық сабақты қорық-музейдің экскурсоводы Амиева Айгерим, ал екінші «Алтын адамның табылу тарихы» атты сабақты ғылыми қызметкер Амарғазиева Асель өткізді. Әр сабақтың соңында қорық-музейдің қызметкерлері оқушыларға үйге тапсырма беру арқылы алған білімдерін шыңдай түсуде. Алдағы уақытта да оқушыларға қызықты да, ғылыми сабақтар өткізу жоспарланып отыр. Демек, мұндай іс музей мен мектептің арасын тығыз байланыстыратын жақсы бастама болып табылады деп сенеміз.

Экскурсовод 

Амиева Айгерім

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz