Шиан қаласына іссапар

1«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері 2017 жылы қазан айының 12-18 аралығында  Шиан қаласы Шәнши облыстық археологиялық институты тарапының шақыруымен тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда болып қайтты. Бұл іссапар  2016 жылдың маусым айында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Шәнши обылыстық археологиялық мәдениет басқармасы арасындағы «Ынтымақтастық жөніндегі» келісім-шарт негізінде жүзеге асып отыр.

2016 жылы қыркүйек  айында ҚХР мемлекеттік мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет мекемесі және «Есік» қорық-музейі бірлесе отырып қорық-музейдің қорғау аумағында орналасқан ежелгі Рахат қалашығына   археологиялық барлау жұмыстарының алғашқы қадамдарын жасалған еді. ендігі кезекте осы екі мекеме тарапынан жасалған жоба аясында мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік берілді (сурет 1).2

Шиан қаласындағы жеті күндік іссапардың маңызы өте зор болды. Күнтізбе бойынша қалада орналасқан бір қатар қорық-музейлер мен патша сарайлары, мәдени құндылыққа ие жәдігерлерді зерттеу  институттарының зертханалық және қор жұмыстары таныстырылды. Бұл сапарымыздың алғашқы қадамында әлемді дүр сілкіндірген, ХХ ғасырдың көрнекті археологиялық олжасы, еліміздің тәуелсіздік символына айналған «Алтын адаммен» қатарлас жарыққа шыққан Шин Шихуанди қабіріне саяхат жасалынды. Ежелгі Қытай императорының қабірі Шиән қаласының шығысына қарай 40 шақырым жерде орналастырылған. Шин Шихуанди қабірінің ерекшелегі, ол өз қабіріне жауынгерлері мен олардың аттарының 8 мыңан астам қыш мүсіндері, 90 жауынгерлік арба қойылғаны.3

Шин Шихуанди және оның қыш әскерінің қорымы ежелгі Қытайдың рухани және материалдық мәдениетінің көрінісі. Ол арқылы біз сол кезеңнің діни және мифологиялық нанымдарынан хабардар болдық (сурет 2).

Сапарымыздың келесі бағыты ежелгі Шанән қаласы патшалық ордасындағы Хан Гуаң қамалына болған еді. Археолог, ғалым Хы Сулидің таныстыруы бойынша  Хан Гуаң қамалы 1400 жылдық тарихы бар ескерткіш болып табылады. Деректер бойынша ондағы Хун Лу ғибадатханасы  сыртқы қарым-қатынас орнату, барлық құжаттарды реттеу, шетелдік қонақтарды қабылдау және олардың рұқсат қағаздарына мөр басу сынды қызметтермен айналысқан. Сол себепті ғалым Ұлы Жібек жолының шығыс бөлігі және ондағы сауда-саттық, мәдени байланыстары осы ордадан бастау алды деген пікірді алға тартады (сурет 3).

4Заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген кешеннің бірі Шиан қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан мәдени қорғау мекемесіне қарасты (қорғау аумағы жағынан алдыңғы орынға ие) археологиялық Хан Янлин музейі болып табылады. Бұл кешен Чи Хан қорымын музейлендіру мен қатар зерттеу мақсатында ашылған. 1990 жылдан бастап Шәнши облыстық археологиялық институтының ауқымды көлемде жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстық. Сонымен қатар Чи Хан қорғанының маңында патша құрметіне қойылған 81 қорымнан ашылған 21 кешенінен қорымның құрлысы, ондағы табылған жәдігерлердің сақталуы, Хан дәуіріндегі қоғамдық құрылыс, орда тәртібі және сол кезеңдегі тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы көрініс тапқан (сурет 4).

5%d0%b0Хан Янлин музейінен кейін Ян Гуанзай археологиялық қазба орнына ат басын бұрдық. Мұнда біз мәдени қабаты 6 мың жылды қамтитын ежелгі тұрақ пен қорымның қазба жұмысының барысымен таныстық. Бұл кешенді зерттеуге мамандар жан-жақты жұмылдырылған. Археологтар ғана емес бірқатар зоолог, антрополог, геоолог және т.б мамандармен қамтылған қазба орнында бір мезетте 140 адам жұмыс істейді екен (сурет 5).

Күнтізбеде белгіленген жоспар бойынша Таң дәуіріндегі ең көркем Хуа Чинчы патшалық саяжайында театрланған қойылымын тамашалау мүмкіндігіне ие болдық. Қойылымның ерекшелігі Таң дәуірінің атақты лирик жазушысы Бәй Жуй Таң шығармасының негізінде қойылған мюзиклде Таң дәуірінің императоры Шюан Дзуң мен оның әйелі Ян Гуфидің махаббат трагедиясы туралы айтылған. Лирик Бәй Жуй тарихи адамдар мен аңызға айналған оқиға желісінде көркем туындыны дүниеге әкелсе, шығарма негізіндегі театрланған қойылым сол дәуірдің шынайы картинасын сомдап, көрермендерді сол дәуірге енгізіп, уақыт кеңістігін ұмыттырды. Бұл таңғажайып қойлым арқылы өздерінің тарихының зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

5Іссапар барысында жалпы 15 тарихи-мәдени орындарында болып, археологиялық институттының қарамағындағы зертхана жұмыстары жүргізілетін бөлімдерімен таныстық (сурет 6). Ол зертханада доктор, археологиялық институтының директорының орынбасары Лу мырзаның  жібек маталарды зерттеу, консервациялау, сақтау және қалпына келтіру жұмысы бойынша дәріс алдық. Лу доктордың зертханасы еуропалық озық технологиялармен жабдықталған. Ол екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі артефактінің қазбадан алынып консервациялауға дейінгі кезеңін қамтыса, екінші бөлігі сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарын атқарады.

Қорыта айтар болсақ Шиан қаласындағы іссапар өте мазмұнды болды, тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштерді музейлендіру технологиясының озық үлгілерін көрдік, археологиялық орындарды қорғау, сақтау, дәріптеу жұмыстарына аса көңіл бөлетіндігі және ұрпақ жадына мәңгілік қалдыруға жасалған игі істері бізді ерекше таңғалдырды (сурет 7).

6

Ғылыми қызметкерлер:

Құрбанәлі Ж., А.Ж. Амаргазиева

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz