«Мен бақытты баламын» — мерекелік іс-шарасы

img_5294Жадыраған жаздың алғашқы күндері – 1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және 4-ші маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күні. Осынау айтулы күндерге орайластырылып «Есік» қорық-музейінде «Мен бақытты баламын» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шара шымылдығы Қазақстан Әнұранымен ашылған соң, өткен ғасырдағы зобалаң жылдар мен қанды соғыстың куәгері, ақсақалды қария балаларына өз батасын беріп, жүрекжарды лебізін білдірді. Қария өз сөзінде кешегі Еліміз көрген зобалаң жылдардың қандай ауыр болғанын айта келе, өскелең ұрпаққа бейбіт заман мен Тәуелсіз Отанның қадіріне жете білу img_5375керектігін қадап айтты. Іс-шара әрі қарай балаларға арналған асық ату, арқан тартыс, өнерді ортаға салу, мергендікті сынау және де интерактивті ойын түрі – пазыл жинау, сұрақтарға жауап беру және т.б. ойындармен өз жалғасын тапты.Бұл ойын түрлері қорық-музейдің ауласында және стационарлық киіз үйде ойналды. Балаларға киіз үйдің ішкі жабдықтары таныстырылып, оң босаға мен сол босағаның, төрдің мән-мағынасы түсіндірілді. Киіз үйде бүлдіршіндер мәнерлеп өлең оқып, жаңылтпаштар мен ән айтып өз өнерлерін ортаға салды.

img_5414

Өнерлі балалар мақтау қағазымен марапатталып, ұлттық ойында озық шыққан балалар арнайы сыйллықтарға ие болды.

Халықаралық балаларды қорғау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні, бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты әрі, жыл сайын күтетін басты мерекесі ретінде аса қызықты да, тартымды өтті.img_5428

Амаргазиева А.

ғылыми қызметкер

 

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz