Daily Archives: 10 сентября 2018

ТİKA өкілдері тарихқа тағзым етті

 

 

2018 жылдың 6 қыркүйек күні «Қазқайтажаңарту» РМК-ы директоры – Ж.М. Әубәкір бастаған Түркиялық қонақтар «Есік» қорық-музейіне арнайы сапармен келді. Қонақтар қатарында Түрік даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы өкілі Еврен Рутбил мен Анталия қаласындағы Ақтеңіз университетінің Көркем өнер факультеті орта ғасыр археологиясының деканы, профессор Осман Еравшар сынды құрметті меймандар да болды. Қонақтар «Есік» қорық-музейінің экспозиция залдарымен және қорық-музейдің қорғау аумағындағы қорғандармен танысты. Қонақтар әсіресе Алтын адам мен сақтардың тарихи-мәдени мұрасына, сонымен қатар «Есік» қорық-музейінің Халықаралық байланыстарына ерекше қызығушылық танытып, жан-жақты мәлімет алды. Кездесу барысында О. Еравшар мен  Е. Рутбил мырзалар мен «Есік» қорық-музейінің директоры Г.Р. Мухтарова екі ел арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі мәселені талқылап, болашақта біріккен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы кеңесті. Г.Р. Мухтарова қонақтарға «Есік» қорық-музейінде жарық көрген «Тайны Золотого челеовека» атты жинақты сыйға тартты. Екі жақ та жақын арада бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін білдірді.  

Анықтама: Түркия Республикасы Үкіметіне қарасты Түрік әріптестік және үйлестіру агенттігі 1992 жылы Орталық Азия, Кавказ және басқа да мемлекеттермен экономикалық, мәдени, білім беру және технология саласында тығыз әріптестік орнату мақсатында құрылған. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап TİKA республика аумағында көптеген әлеуметтік және қоғамдық маңызды жобаларды іске асырып келеді.

TİKA, 5 құрлықтағы 170-ке жуық елдерде өз кеңселерін ашып қана қоймай даму орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп келеді. Ал, Қазақстанда TİKA агенттігі ең алғашқы кеңсесін 1995 жылы Алматы қаласында ашса, 2009 жылы Астана қаласына ауысты.

 

                       «Есік» қорық-музейінің

                       баспасөз хатшысы м.а.                                                                                                                                                                  Д.Қ. Зікірия

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz