2018 Март 15 | «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Daily Archives: 15 Март 2018

Музейлік сабақ

1-ші сурет

Мәдени білім беруге және ағартушылыққа бағытталған музей іс-шараларының қатарында, қазіргі таңдағы ерекше сұранысқа ие, ол –  музей сабақтары. 6 наурыз күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің арнайы жоспар бойынша,  Рахат ауылдық округі  №1 орта мектебінің 7 «а» сынып оқушыларына кезекті музейлік сабағы жүргізілді.  Сабақ тақырыбы: «Петроглиф дегеніміз не?» деген сұрақ аясында өтті.  Бұл сабақ оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша, тасқа салынған таңбалар жайында, алған мағлұматтарын пысықтауға және тереңдетуге бағытталған. Музей сабағы көрнекі материалдар, электронды таныстырылымдар, бейнефильмдерді пайдалану арқылы жүргізіледі (сурет 1).

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны Н. Ә. Назарбаев.

img_0174

Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Сол ұрпақ мемлекеттің ертеңгі алтын діңгегі болуы тиіс деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұл мен қызды білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында қолдан келген бар жақсылықты жасап келеді. Елбасының бұл саясатын қолдап, өскелең ұрпақтың санасына киелі жерлерді және ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұраларды дәріптеуді, бағалап, қызығушылықтарын оятуды мақсат тұтқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері 2018 жылдың 13-наурыз Рахат ауылдық округінің №1 орта мектеп басшыларының ұсынысымен «САҚ МӘДЕНИЕТІ» атты көшпелі көрмемен барып қайтты. Көрменің мақсаты қорық-музейдің ғылыми зерттеуі мен экспозициялық қызметінің негізгі тақырыбына айналған «Алтын адаммен» бірге табылған күміс тостаған, ағаш, қыштан жасалынған бұйымдары және В. Садомсковтың көшірме тоғалары жөнінде мәлімет беріп, сақ мәдениетіне тиесілі  құнды дүниелерді жинақтап, мектеп оқушыларының білімін жетілдіріп, шыңдап, сондай-ақ, интерактивті әдіс ретінде жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіру арқылы Жетісу жерін мекендеген ежелгі халықтардың өнері мен мәдениетін, наным-сенімдерін көрсетіп,  мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-да кездесетін сақ мәдениетіне қатысты сұрақтардың дұрыс жауабын табуына үлес қосу болатын.

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz