Monthly Archives: Март 2018

Музейлік сабақ

Мәдени білім беруге және ағартушылыққа бағытталған музей іс-шараларының қатарында, қазіргі таңдағы ерекше сұранысқа ие, ол –  музей сабақтары. 6 наурыз күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің арнайы жоспар бойынша,  Рахат ауылдық округі  №1 орта мектебінің 7 «а» сынып оқушыларына кезекті музейлік сабағы жүргізілді.  Сабақ тақырыбы: «Петроглиф дегеніміз не?» деген сұрақ аясында өтті.  Бұл сабақ оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша, тасқа салынған таңбалар жайында, алған мағлұматтарын пысықтауға және тереңдетуге бағытталған. Музей сабағы көрнекі материалдар, электронды таныстырылымдар, бейнефильмдерді пайдалану арқылы жүргізіледі (сурет 1).

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны Н. Ә. Назарбаев.

Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Сол ұрпақ мемлекеттің ертеңгі алтын діңгегі болуы тиіс деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұл мен қызды білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында қолдан келген бар жақсылықты жасап келеді. Елбасының бұл саясатын қолдап, өскелең ұрпақтың санасына киелі жерлерді және ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұраларды дәріптеуді, бағалап, қызығушылықтарын оятуды мақсат тұтқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері 2018 жылдың 13-наурыз Рахат ауылдық округінің №1 орта мектеп басшыларының ұсынысымен «САҚ МӘДЕНИЕТІ» атты көшпелі көрмемен барып қайтты. Көрменің мақсаты қорық-музейдің ғылыми зерттеуі мен экспозициялық қызметінің негізгі тақырыбына айналған «Алтын адаммен» бірге табылған күміс тостаған, ағаш, қыштан жасалынған бұйымдары және В. Садомсковтың көшірме тоғалары жөнінде мәлімет беріп, сақ мәдениетіне тиесілі  құнды дүниелерді жинақтап, мектеп оқушыларының білімін жетілдіріп, шыңдап, сондай-ақ, интерактивті әдіс ретінде жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіру арқылы Жетісу жерін мекендеген ежелгі халықтардың өнері мен мәдениетін, наным-сенімдерін көрсетіп,  мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-да кездесетін сақ мәдениетіне қатысты сұрақтардың дұрыс жауабын табуына үлес қосу болатын.

Айналар тарихынан бір үзік сыр.

Айна беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің (оптикалық) кескінін беретін, шыны немесе металл дене. Жалпы айна-кез келген үйде қолданылатын мүлік. [1, 3б.] Бір қарағанда айнаны тек сәндік бұйым, әйел адамның бет әлпетін сәндейтін зат деп ойлағанымызбен, оның арғы жағында көптеген ашылмаған сырлардың бары анық. Оның қай уақыттан бері қолданыста болғанын, қалай пайда болғаны жайында біле бермейміз. Адамдар айнаны сәндік бұйымнан бөлек, оның бір тылсым күшпен байланысы бар екенін білген. Үйде айнаның шеті немесе өзі екіге бөлініп қалса, әжелеріміз «тастай сал, қарама» деп жатушы еді. Сонда менде «неге?»,-деген сұрақ туындайтын. Жалпы, қазақ халқының ырымында сынған айнаға қарауға, сыйға тартуға немесе бұрын қолданыста болған айнаны сатып алуға болмайды және адам қайтыс болған үйде айнаны ашық қалдыруға болмайды деген ырым бар. Бұл ырым тектен текке айтылмаса керек. Өйткені одан басқа әлеммен байланыс жасалады, «айнаға көп қарасаң, сұлулығыңды тартып алады», «сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың»,  деген көптеген пікірлер туған. Осындай айна жайлы ырым, наным — сенімдер сонау көне заманнан беріге жетсе керек.

Сурет 1. Қола айна. Молалы қорымы. Б.з.д. V–IV ғғ.

Сурет 1. Қола айна. Молалы қорымы.
Б.з.д. V–IV ғғ.

Айналардың тарихы ежелгі Мысыр, Грекия елдерінде басталса, біздің еліміздің территориясында қола дәуірі кезеңінен бастау алып тұр. Мысыр елдерінде айнаны шыны тәріздес етіп жасаса, қола дәуірінде таза қоладан құйылмалы түрінде жасап отырған. Қола дәуіріндегі ғұрыптық заттардың ішіндегі ең көп тарағаны – айна болып табылады. Кезінде қола айналар жасай білу – өнердің ерекше бір түрі болып есептелген. Қола айналар кең көлемде таралғанымен, оларды дайындау тәсілі аса жеңіл емес еді. Жерорта теңізі жағалауы елдерінен Үндістан, Қытай, Жапонияға дейінгі үлкен аумақта, оларды ерітіп құятын металл қорытпасының құрамында айырмашылықтар болғанымен, бірақ бәріне тән өзіндік ерекшелік металға аса жоғары беріктік беретін қалайының көп мөлшерде болуы [2, 1-б]. Қола айналар тым күңгірт болғандықтан оның беті тез қарайып немесе даттанып кететін. Алайда айнаны пайдаланған адам өз келбетін көру үшін оның бетін үнемі жылтыратып сүртіп отырған. Айналар әйелдердің,  ер адамдардың жерлеу орындарынан қазба жұмыстарының нәтижесінде табылып жатыр. Жалпы айналар қай дәуірге тиесілі екенін археологтар оның бетіндегі салынған өрнектеріне немесе суреттеріне қарап ажыратады, оған сипаттама береді. Осындай қазба жұмыстарының нәтижесінде сақ мәдениетінде де айнаны пайдаланылғаны белгілі болды.(1 сурет)

Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек.

Ел қалауының тамырын дөп басып, Наурыз мерекесін жаңаша атап өтуге ұсыныс жасаған еліміздің мәдениет саласының тізгінін ұстаған Арыстанбек Мұхамедиұлының төл мерекемізді қалай атап өту керектігін жіктеп көрсеткен сарабдал ойлары – ұлтымыздың шын мәнінде рухани жаңғыруына бағыт беретін іргелі жоба деп ойлаймыз. Сондықтан, бұл бастаманы қолдап, ондағы айтылған ойдың жүзеге асуына баршамыз болып атсалуға тиіспіз.

Елбасымыздың ұлт болашағына негізделген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын басшылыққа ала отырып Наурыз мейрамын ұлықтауды қолға алған министр қоғамның барлық сұранысын ескере келе, ең бірінші үлгі көрсетуді Мәдениет саласының қызметкерлерінен талап етуі заңдылық.

Биылғы Наурыз мүлде басқа реңкте өтетіндіктен осынау төл мерекемізді атадан жеткен дәстүріміз бен мәдениетімізді заман талабымен үндестіре отырып барынша жоғарғы деңгейде ұйымдастыру  — парызымыз деп білеміз. Осы орайда, Арыстанбек Мұхамедиұлының сұхбатын назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз.

%d1%81%d1%81%d1%81

Арыстанбек Мұхамеди­ұлы, осыдан бірер жыл бұрын рес­­пуб­ликалық баспасөз бет­терінде Наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тол­ғақты ой айтып, жалпы ұлттық ауқымда атап өту­дің тың жолдарын ұсынған еді­ңіз. Елбасының былтыр сәуір айын­да жарияланған мақа­ласынан ке­йін бұл мәселеге ерекше ден қою қажет­тілігі туындаған секілді.

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz