2018 Февраль 2 | «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Daily Archives: 2 Февраль 2018

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП КӨРМЕСІ

img_0029 img_0020 img_00152018 жылдың 31-қаңтар күні Есік қаласында орналасқан Райымбек орта мектебінде аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы және Есік қаласының әкімдерінің 2017 жылғы есебі тыңдалды. Осы іс-шараға байланысты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі шағын көрмесін апарып қайтты. Бұл көрмеге Есік қаласындағы бірқатар мәдени ұйымдардың, өндіріс орындарының және тағы басқа мекемелердің өнімдері, тарихи мәні бар бұйымдары қала тұрғындарының назарына ұсынылды.

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан көрмеге 2017-жылы Рахат, Өрікті қалашықтары мен Өрнек қорымына шетелдік археологтарымен бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер, қазба туралы шет тілінде жазылған кітаптар қойылды. Көрмені Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ә. Ысқақ, қала әкімі Б.М. Бименов пен қала тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және т.б қонақтар тамашалады. Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағының төрайымы Р. Омарова Рахат қала жұртының тарихына аса қызығушылық танытып, зор ықыласын білдірді. Келген көрермендерге көрме жайлы толық ақпарат беріліп, экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар қорық-музейдің мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған ақпараттық парақшалар ұсынылды.

Бұл көрменің маңызды тұсы – «Есік» қорық-музейінің өткен жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін көрсету, халықтың тарихқа деген қызығушылығын ояту, оларды музейге баулу болып  табылады.

 Ғылыми қызметкер

Құрбанәлі Ж.

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz