Daily Archives: 5 Октябрь 2017

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2017 жылдың 20-қазанында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі    «Музей қорын сақтау және музей мамандарын дайындаудағы кәсіби стандарттар» атты семинар өткізеді. Семинарда музей қорларын жинақтау мен сақтаудың стандарттары мен музей саласының мамандарының біліктіліктерін арттыру, жетілдіру, оңтайландыру және музей ісін дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Археология ғылымы көненің ізін тауып, жаңаға жалғау болып табылады. Жетісу өңірі бұл тұрғыда көбірек зерттелген өңір деп есептеледі. Дей тұрғанмен де, әлі де болса ашылма йжатқан қазыналар қаншама.

Археология ғылымы үшін Жетісу жерінің құпиясы әлі де болса сырын толық ашқан жоқ

Археология ғылымы үшін Жетісу жерінің құпиясы әлі де болса сырын толық ашқан жоқ

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 26.09-02.10.2017 ж. аталған мерзім аралығында «Есік қорымы және Жетісулық сақтар мәдениеті» атты қолданбалы ғылыми зерттеу жобасы аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданында Сүмбе, Үлкен Ақсу және Дардамты ауылдық округтерінде орналасқан «патша» қорымдарындакешенді археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмыстары қорық-музей қызметкерлері дайындаған  бағыттар  бойынша жүргізіліп, негізінен Шошанай ауылы маңындағы Құрөзек бейіті, Аққора обалары мен петроглифтері, Кеңжазык қорымы мен Ақсу ауылдық округіне қарасты Кіші Ақсу обалары мен Дардамты ауылдық округіне жататын Ардолайты обаларын қамтыды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде обалы-қорғандарының нақты өлшемдері менGPS географиялық координаттары алынып сипаттамалары жазылды. Өкінішке қарай жоғарыда аталған Кеңжазық қорымындағы бір оба тоналып, Ардолайты ауылының маңындағы қорымдардың үстінен су жүретін арық тартылыпты. Сондықтан да «Алматы облысының ескерткіштерінің тізімі» жасау өте өзекті мәселе деп есептейміз. Сондай бағдарламаны іске асыру арқылы облыс аумағын түгел зерттеп, ежелгі тарахи мұра ескерткіштерін жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне қосып, осылайша оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға болады.

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz