Monthly Archives: Сентябрь 2017

Музей және мәдени туризм

 2017 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласында Алматы қаласы әкімдігі және Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастырумен «Отандық туризмді дамытудағы музейлердің рөлі» атты Республикалық форум өтті. Форумға республикамыздың әр шетінен музей қызметкерлері мен туризм саласының мамандары қатысты. Қазіргі таңда туризм қарқынды дамып келеді десек те, түйіні шешілмей жатқан мәселелер де аз емес. Аталмыш фоурмға «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Жумай Гулмира мен Амиева Айгерим қатысты. Қорық-музейдің қызметкерлері пленарлық отырысына қатысып, кейін жалғасқан секциялық жұмыста ғылыми-қор және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Жумай Гулмира «Отандық туризмді дамытудағы қорық-музейдің рөлі» атты баяндамасын оқыды. Баяндама соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, шешімі табылмай жүрген ортақ мәселелерді талқыланды.

img_20170914_222136_803Туристік компаниялардың музеймен тығыз байланысты жұмыс атқару мәселесі де форумда сөз болды. Туристердің музейге көптеп келуіне жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту, музей ісі, музейге саяхат мәселелері де терең талқыланып, ортақ проблемалардың шешу жолдарын қарастырды. Музейге келген туристерге тарихи құнды материалдар жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік жасау, яғни шет тілін жетік меңгерген өз саласының мықты мамандарын музейге тарту, заманауи технологияларды дамыту, пайдалану мәселелері де сарапқа салынды. Оған қоса, музейде ұлттық рухымыз мәңгі сақталып қалуы керектігі тілге тиек болды.

Жалпы алғанда, форумда шешімін таппай жүрген тың мәселелер қозғалып, құнды ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қазіргі таңда жетпістен аса мемлекетпен визасыз қатынасу жолы қарастырылғандықтан болашақта елімізге келетін туристердің саны көбейеді деп күтілуде.

Экскурсовод 

Амиева Айкерім

«Есік» қорық-музейінің Науакескен және Болыс-сай шатқалдарына жүргізгенбарлау экспедициясы

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Жетісу сақтарының идеологиясы жәнемифологиясы»атты қолданбалы-ғылыми жобасының аясындатамыз айының 9-20 аралығында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округіне қарасты Долайты ауылының оңтүстігінде 6,5 шақырым жерде орналасқан Науакескен және Болыс-сай сайларына ғылыми іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Жоспар бойынша ғылыми іздеу-зерттеу жұмысы екі кезеңен тұрады. Бірінші кезеңде жартас суреттеріне барлау жасап, орыналасқан орндарын анықтау болса, екінші кезеңде таңдалған петроглифтерге көшірме жасау жұмысын іске асыру болып табылды (эстампаж).

Фото 1.

Фото 1.

Науакескен сайында шоғырлануына байланысты жартас суреттері 4 нысанға бөлінді (фото 1), сондай-ақ 200-ден астам петроглифтің фотосуреті түсірілді (фото 2) және эстапаж жұмысы №1,3,4 нысандарда орналасқан петроглифтерге жасалды.

© 2017. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz