Жаңалықтар

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны Н. Ә. Назарбаев.

Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Сол ұрпақ мемлекеттің ертеңгі алтын діңгегі болуы тиіс деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұл мен қызды білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында қолдан келген бар жақсылықты жасап келеді. Елбасының бұл саясатын қолдап, өскелең ұрпақтың санасына киелі жерлерді және ата-бабаларымыздан жеткен асыл мұраларды дәріптеуді, бағалап, қызығушылықтарын оятуды мақсат тұтқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері 2018 жылдың 13-наурыз Рахат ауылдық округінің №1 орта мектеп басшыларының ұсынысымен «САҚ МӘДЕНИЕТІ» атты көшпелі көрмемен барып қайтты. Көрменің мақсаты қорық-музейдің ғылыми зерттеуі мен экспозициялық қызметінің негізгі тақырыбына айналған «Алтын адаммен» бірге табылған күміс тостаған, ағаш, қыштан жасалынған бұйымдары және В. Садомсковтың көшірме тоғалары жөнінде мәлімет беріп, сақ мәдениетіне тиесілі  құнды дүниелерді жинақтап, мектеп оқушыларының білімін жетілдіріп, шыңдап, сондай-ақ, интерактивті әдіс ретінде жартас суреттерінің көшірмесін қағаз бетіне түсіру арқылы Жетісу жерін мекендеген ежелгі халықтардың өнері мен мәдениетін, наным-сенімдерін көрсетіп,  мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-да кездесетін сақ мәдениетіне қатысты сұрақтардың дұрыс жауабын табуына үлес қосу болатын.

Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек.

Ел қалауының тамырын дөп басып, Наурыз мерекесін жаңаша атап өтуге ұсыныс жасаған еліміздің мәдениет саласының тізгінін ұстаған Арыстанбек Мұхамедиұлының төл мерекемізді қалай атап өту керектігін жіктеп көрсеткен сарабдал ойлары – ұлтымыздың шын мәнінде рухани жаңғыруына бағыт беретін іргелі жоба деп ойлаймыз. Сондықтан, бұл бастаманы қолдап, ондағы айтылған ойдың жүзеге асуына баршамыз болып атсалуға тиіспіз.

Елбасымыздың ұлт болашағына негізделген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын басшылыққа ала отырып Наурыз мейрамын ұлықтауды қолға алған министр қоғамның барлық сұранысын ескере келе, ең бірінші үлгі көрсетуді Мәдениет саласының қызметкерлерінен талап етуі заңдылық.

Биылғы Наурыз мүлде басқа реңкте өтетіндіктен осынау төл мерекемізді атадан жеткен дәстүріміз бен мәдениетімізді заман талабымен үндестіре отырып барынша жоғарғы деңгейде ұйымдастыру  — парызымыз деп білеміз. Осы орайда, Арыстанбек Мұхамедиұлының сұхбатын назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз.

%d1%81%d1%81%d1%81

Арыстанбек Мұхамеди­ұлы, осыдан бірер жыл бұрын рес­­пуб­ликалық баспасөз бет­терінде Наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тол­ғақты ой айтып, жалпы ұлттық ауқымда атап өту­дің тың жолдарын ұсынған еді­ңіз. Елбасының былтыр сәуір айын­да жарияланған мақа­ласынан ке­йін бұл мәселеге ерекше ден қою қажет­тілігі туындаған секілді.

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП КӨРМЕСІ

img_0029 img_0020 img_00152018 жылдың 31-қаңтар күні Есік қаласында орналасқан Райымбек орта мектебінде аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы және Есік қаласының әкімдерінің 2017 жылғы есебі тыңдалды. Осы іс-шараға байланысты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі шағын көрмесін апарып қайтты. Бұл көрмеге Есік қаласындағы бірқатар мәдени ұйымдардың, өндіріс орындарының және тағы басқа мекемелердің өнімдері, тарихи мәні бар бұйымдары қала тұрғындарының назарына ұсынылды.

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан көрмеге 2017-жылы Рахат, Өрікті қалашықтары мен Өрнек қорымына шетелдік археологтарымен бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер, қазба туралы шет тілінде жазылған кітаптар қойылды. Көрмені Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ә. Ысқақ, қала әкімі Б.М. Бименов пен қала тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және т.б қонақтар тамашалады. Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағының төрайымы Р. Омарова Рахат қала жұртының тарихына аса қызығушылық танытып, зор ықыласын білдірді. Келген көрермендерге көрме жайлы толық ақпарат беріліп, экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар қорық-музейдің мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған ақпараттық парақшалар ұсынылды.

Бұл көрменің маңызды тұсы – «Есік» қорық-музейінің өткен жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін көрсету, халықтың тарихқа деген қызығушылығын ояту, оларды музейге баулу болып  табылады.

 Ғылыми қызметкер

Құрбанәлі Ж.

ІЗбасарлар

%d0%b2%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b2%d0%ba%d0%b0-%d0%bd%d0%b0%d1%81%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%b8-%d0%b1%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d0%b5%d1%80

29 қараша күні «Есік» қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті күніне орайластырылған «ІЗбасарлар» атты көрменің ашылуы болды.

Көрме тақырыбы бойынша экспозицияға осы күнге дейінгі ғылыми-зерттеу және ғылыми-қор бөлім қызметкерлерінің табанды еңбектерінің арқасында жинақталған жәдігерлер қойылып отыр. Көрмеде қазба жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ ежелгі «Пазырық» кілемінің алғашқы көшірмесін жасау тәжірибесі көрсетілді.

  «Ізбасарлар» сөзінің түбірі – «із» сөзінен алынып отыр. Тарихшылар үшін, әсіресе археологтарға тарих қойнауына кеткен өзіндік ерекшеліктерге ие мәдениет іздерін іздестіру мамандықтарының негізі болып табылғанмен алайда, сол іздерді жалықпай іздеп, табу кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс дер едік біз!

Біз үшін осындай Тәлімгер, Ұстаз, ол – археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбет (Бекен ата) еді. Әрине, әріптес болған қорық-музейінің қызметкерлерінің барлығы Бекен атаның ізбасарлары, алайда археология жолын ол, өз шәкірттері, жас археологтарға қалдырды.

Қорық-музейдің мектеп оқушыларына арналған бағдарлама аясында…

img_20171125_101122_047«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арнайы жоспарланған бағдарламалық сабақтар негізінде №1 Рахат ауылдық мектебінің 7 «а» сынып оқушыларына ай сайын тақырыптық сабақтар өткізуде. Тақырыптық сабақтың мақсаты оқушыларға кітаптан оқығандарын көзбен көруге және жақыннан танысуға үлкен мүмкіндік тудырады. Осыған орай «Есік» қорық-музейі мен №1 Рахат ауылдық мектеп арасындағы келісім бойынша оқушылар музейге тегін кіріп білімдерін толықтыра түсуде, сонымен қатар жыл соңында қорытындылай келе дәріс, яғни тақырыптық сабаққа  қатысушыларға арнайы img_0312сертификаттар тапсырумен қатар болашақта оқушылардың ғылыми жобаға қатысуы да жоспарланып отыр. Бағдарламаның күнтүзбелік жоспары бойынша бірінші «Сақ пен үйсін мәдениетіне саяхат» деп аталатын тақырыптық сабақты қорық-музейдің экскурсоводы Амиева Айгерим, ал екінші «Алтын адамның табылу тарихы» атты сабақты ғылыми қызметкер Амарғазиева Асель өткізді. Әр сабақтың соңында қорық-музейдің қызметкерлері оқушыларға үйге тапсырма беру арқылы алған білімдерін шыңдай түсуде. Алдағы уақытта да оқушыларға қызықты да, ғылыми сабақтар өткізу жоспарланып отыр. Демек, мұндай іс музей мен мектептің арасын тығыз байланыстыратын жақсы бастама болып табылады деп сенеміз.

Экскурсовод 

Амиева Айгерім

Шиан қаласына іссапар

1«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері 2017 жылы қазан айының 12-18 аралығында  Шиан қаласы Шәнши облыстық археологиялық институты тарапының шақыруымен тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда болып қайтты. Бұл іссапар  2016 жылдың маусым айында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Шәнши обылыстық археологиялық мәдениет басқармасы арасындағы «Ынтымақтастық жөніндегі» келісім-шарт негізінде жүзеге асып отыр.

2016 жылы қыркүйек  айында ҚХР мемлекеттік мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет мекемесі және «Есік» қорық-музейі бірлесе отырып қорық-музейдің қорғау аумағында орналасқан ежелгі Рахат қалашығына   археологиялық барлау жұмыстарының алғашқы қадамдарын жасалған еді. ендігі кезекте осы екі мекеме тарапынан жасалған жоба аясында мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік берілді (сурет 1).2

Шиан қаласындағы жеті күндік іссапардың маңызы өте зор болды. Күнтізбе бойынша қалада орналасқан бір қатар қорық-музейлер мен патша сарайлары, мәдени құндылыққа ие жәдігерлерді зерттеу  институттарының зертханалық және қор жұмыстары таныстырылды. Бұл сапарымыздың алғашқы қадамында әлемді дүр сілкіндірген, ХХ ғасырдың көрнекті археологиялық олжасы, еліміздің тәуелсіздік символына айналған «Алтын адаммен» қатарлас жарыққа шыққан Шин Шихуанди қабіріне саяхат жасалынды. Ежелгі Қытай императорының қабірі Шиән қаласының шығысына қарай 40 шақырым жерде орналастырылған. Шин Шихуанди қабірінің ерекшелегі, ол өз қабіріне жауынгерлері мен олардың аттарының 8 мыңан астам қыш мүсіндері, 90 жауынгерлік арба қойылғаны.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Балалар байқауы

2017 жылдың 20-қазанында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі    «Музей қорын сақтау және музей мамандарын дайындаудағы кәсіби стандарттар» атты семинар өткізеді. Семинарда музей қорларын жинақтау мен сақтаудың стандарттары мен музей саласының мамандарының біліктіліктерін арттыру, жетілдіру, оңтайландыру және музей ісін дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Археология ғылымы көненің ізін тауып, жаңаға жалғау болып табылады. Жетісу өңірі бұл тұрғыда көбірек зерттелген өңір деп есептеледі. Дей тұрғанмен де, әлі де болса ашылма йжатқан қазыналар қаншама.

Археология ғылымы үшін Жетісу жерінің құпиясы әлі де болса сырын толық ашқан жоқ

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 26.09-02.10.2017 ж. аталған мерзім аралығында «Есік қорымы және Жетісулық сақтар мәдениеті» атты қолданбалы ғылыми зерттеу жобасы аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданында Сүмбе, Үлкен Ақсу және Дардамты ауылдық округтерінде орналасқан «патша» қорымдарындакешенді археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмыстары қорық-музей қызметкерлері дайындаған  бағыттар  бойынша жүргізіліп, негізінен Шошанай ауылы маңындағы Құрөзек бейіті, Аққора обалары мен петроглифтері, Кеңжазык қорымы мен Ақсу ауылдық округіне қарасты Кіші Ақсу обалары мен Дардамты ауылдық округіне жататын Ардолайты обаларын қамтыды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде обалы-қорғандарының нақты өлшемдері менGPS географиялық координаттары алынып сипаттамалары жазылды. Өкінішке қарай жоғарыда аталған Кеңжазық қорымындағы бір оба тоналып, Ардолайты ауылының маңындағы қорымдардың үстінен су жүретін арық тартылыпты. Сондықтан да «Алматы облысының ескерткіштерінің тізімі» жасау өте өзекті мәселе деп есептейміз. Сондай бағдарламаны іске асыру арқылы облыс аумағын түгел зерттеп, ежелгі тарахи мұра ескерткіштерін жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне қосып, осылайша оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға болады.

Музей және мәдени туризм

 2017 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласында Алматы қаласы әкімдігі және Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастырумен «Отандық туризмді дамытудағы музейлердің рөлі» атты Республикалық форум өтті. Форумға республикамыздың әр шетінен музей қызметкерлері мен туризм саласының мамандары қатысты. Қазіргі таңда туризм қарқынды дамып келеді десек те, түйіні шешілмей жатқан мәселелер де аз емес. Аталмыш фоурмға «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Жумай Гулмира мен Амиева Айгерим қатысты. Қорық-музейдің қызметкерлері пленарлық отырысына қатысып, кейін жалғасқан секциялық жұмыста ғылыми-қор және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Жумай Гулмира «Отандық туризмді дамытудағы қорық-музейдің рөлі» атты баяндамасын оқыды. Баяндама соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, шешімі табылмай жүрген ортақ мәселелерді талқыланды.

img_20170914_222136_803Туристік компаниялардың музеймен тығыз байланысты жұмыс атқару мәселесі де форумда сөз болды. Туристердің музейге көптеп келуіне жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту, музей ісі, музейге саяхат мәселелері де терең талқыланып, ортақ проблемалардың шешу жолдарын қарастырды. Музейге келген туристерге тарихи құнды материалдар жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік жасау, яғни шет тілін жетік меңгерген өз саласының мықты мамандарын музейге тарту, заманауи технологияларды дамыту, пайдалану мәселелері де сарапқа салынды. Оған қоса, музейде ұлттық рухымыз мәңгі сақталып қалуы керектігі тілге тиек болды.

Жалпы алғанда, форумда шешімін таппай жүрген тың мәселелер қозғалып, құнды ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қазіргі таңда жетпістен аса мемлекетпен визасыз қатынасу жолы қарастырылғандықтан болашақта елімізге келетін туристердің саны көбейеді деп күтілуде.

Экскурсовод 

Амиева Айкерім

«Есік» қорық-музейінің Науакескен және Болыс-сай шатқалдарына жүргізгенбарлау экспедициясы

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Жетісу сақтарының идеологиясы жәнемифологиясы»атты қолданбалы-ғылыми жобасының аясындатамыз айының 9-20 аралығында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округіне қарасты Долайты ауылының оңтүстігінде 6,5 шақырым жерде орналасқан Науакескен және Болыс-сай сайларына ғылыми іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Жоспар бойынша ғылыми іздеу-зерттеу жұмысы екі кезеңен тұрады. Бірінші кезеңде жартас суреттеріне барлау жасап, орыналасқан орндарын анықтау болса, екінші кезеңде таңдалған петроглифтерге көшірме жасау жұмысын іске асыру болып табылды (эстампаж).

Фото 1.

Фото 1.

Науакескен сайында шоғырлануына байланысты жартас суреттері 4 нысанға бөлінді (фото 1), сондай-ақ 200-ден астам петроглифтің фотосуреті түсірілді (фото 2) және эстапаж жұмысы №1,3,4 нысандарда орналасқан петроглифтерге жасалды.

© 2018. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы
www.issykrm.kz